Филиалды таңдаңыз:
11.10.2019
Тағы 126 елдімекеннің тұрғындары БЖЗҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы алуға қол жеткізді
Ағымдағы жылдың сәуірінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен Қазпошта еліміздің шалғай орналасқан елдімекендерінің тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен қамту үшін бірлескен жобаны іске қосты. Ол БЖЗҚ салымшылары мен алушыларына Қазпошта бөлімшелері арқылы қызмет көрсетуге бағытталған.
«Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң, «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады.
Еске саламыз, бұған дейін «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтері Қазпоштаның 94 елдімекендегі бөлімшелерінде қолжетімді болатын. Енді олардың қатарына тағы 126 қызмет көрсету бөлімшесі қосылды. Осылайша бөлімшелердің жалпы саны 220-ға жетті.
Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді ала алады:
· салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;
· хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.
Атап өту керек, 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының көретілетін қызметтерімен қамту деңгейі 102 пайызға дейін өсті.
Зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының шалғай елдімекендерінде көрсетіліп жатыр. Елдімекендердің толық тізімін Қордың enpf.kz сайтынан көруге болады.