Филиалды таңдаңыз:
25.10.2019
Биыл Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Жастар жылы аясында қазақстандық жоғары оқу орындары бакалавриатының студенттері арасында - «Болашағың өз қолыңда!/Твоё будущее в твоих руках!» атты тақырыпта студенттік жобалар байқауын ұйымдастырады. Оған барлық ниет білдіруші студенттер мамандықтары мен оқыту нысанына қарамастан қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін студент жеке өзі немесе командасымен (төрт адамнан аспайды) бірге жоба әзірлеуі қажет. Ол жинақтаушы зейнетақы жүйесінің маңыздылығы, жеке зейнетақы шотына жарна аударып, жинақ ақшаны молайту және ерікті жинақтарды қалыптастыру арқылы болашақта лайықты зейнетақы алуға болатындығы туралы ақпаратты халыққа тиімді жеткізуге бағытталуы тиіс. Яғни, ақпаратты әр түрлі байланыс арналары (мысалы, БАҚ-пен жұмыс істеу бойынша жоба, бейнеролик, тележобалар және т. б.), IT шешімдер (ойындар, арнайы қосымшалар және т. б.) және басқа да әдістер арқылы халыққа жеткізетін дайын әрі тиімді шешім болуы қажет.
Қиялға ерік беріп, тың идеялар ұсынуға шек қойылмайды! Үздік идеялар үшін бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Талпынып, әрекет етіп көр, жас дос! Дәл осы байқау сенің өміріңе оң өзгерістер енгізуі ғажап емес! Дәл сенің жобаң Қордың салымшылары мен алушылары арасында сұранысқа ие болуы мүмкін! Толық ақпарат www.enpf.kz сайтында. Жұмыстарды, бейне сәлемдесу, арнайы нысан бойынша қатысушының өтінімі, сондай-ақ суреттер мен фотосуреттерді student@enpf.kz электрондық поштасына жіберу керек. Сұрақтар туындаған жағдайда «БЖЗҚ» АҚ Жұртшылықпен байланыс департаментіне 331-66-99 (ішкі 5220) телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.
Уақыт тәртібі |