Филиалды таңдаңыз:
22.11.2019
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халық арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында ағымдағы жылдың 29 қарашасында «Нұр-Отан» партиясының өңірлік филиалдарында «Ашық есік күні» шарасын өткізеді.
Басты тақырып: «Зейнетақыны жоспарлау». Қазір зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты ең бір маңызды сұрақтардың бірі – болашақ зейнетақыны қалыптастыру. Өйткені әрбір Қазақстан азаматы болашақта лайықты зейнетақы алуды армандайды. Ал бұған қалай қол жеткізуге болады? Болашақ зейнетақының көлемін алдын-ала есептеудің жолы бар ма? Ерікті жарналар зейнетақыны арттыруға қаншалықты септігін тигізеді?
Қор мамандары мен әлеуметтік қамсыздандыру саласында жұмыс істейтін мемлекеттік құрылымдардың өкілдері осы және өзге де сұрақтарға жан-жақты жауап беретін болады.
«Ашық есік күні» шарасын ұйымдастырудағы басты мақсат – жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Қор қызметі жайында салымшыларға толыққанды мағлұматтар беру.
Біз сіздерді «Нұр-Отан» партиясының мекенжайларында күтеміз!