Филиалды таңдаңыз:
26.12.2019
2019 жылдың 20 желтоқсанында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы болып өтті. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕЭО, Одақ) мүше-мемлекеттердің басшылары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы Келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойды.
Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Одақ елдерімен бірлесе отырып, Келісім жобасын әзірлеу жұмыстарын 2014 жылдан бері жүргізіп келген болатын. Осы Комиссияның сайтында атап көрсетілгеніндей, Келісім күшіне енген соң Одақ еңбеккерлері өз еліндегі жұмыс істеген кезең үшін ғана емес, Одақтың басқа елдерінде істеген кезең үшін де зейнетақы алатын болады. Әрбір мемлекет еңбек мигранттарына зейнетақыны өз заңнамасына сәйкес төлейді. Қамтылған зейнетақы түрлері Келісімде нақты белгіленген.
Айта кетелік, бұған дейін ЕЭО мемлекеттерінің зейнетақы жүйелеріндегі өзгешіліктерге байланысты еңбек мигранттарының зейнетақы алу құқығы осы Одақ елдерінің барлығында бірдей (мысалы, Қазақстан мен Қырғызстанда) орындалмайтын. Ал Белоруссия мен Ресейде жұмыс берушілер еңбек мигранттары үшін жергілікті зейнетақы қорына зейнетақы жарналарын аударғанымен, мигранттар туған жеріне қайтқан соң, осы екі елде қалыптасқан зейнетақы құқықтарын жүзеге асыра алмайтын. Өйткені бұл елдердегі зейнетақы жинақтары басқа елге экспортталмайтын, яғни шығарылмайтын.
Қазақстанда Келісім күші БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлеу және зейнеткерлік жасқа толу, I және II топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгілену, мұрагерлерге біржолғы төлемдерді жүзеге асыруға байланысты Қордан зейнетақы төлемдерін төлеу бойынша құқықтық қатынастарға тарайтын болады. Мысалы, Келісім күшіне енген соң, Ресей Федерациясы, Армения, Қырғызстан және Белоруссия азаматы Қазақстанда еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істейтін болса, онда ол Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасының тәртібі мен шартына сәйкес БЖЗҚ-ға ай сайын зейнетақы жарналарын аудару арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысады. Бұл ретте жинақ ақшаны зейнет жасына толғанда немесе I және II топтағы мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында көзделген басқа да жағдайлар туындағанда алуға болады. Мысалы, Келісім күшіне енген соң Қазақстан азаматы Одақ елдерінің бірінде бірнеше жыл еңбек ететін болса (мысалы, 3-5 жыл), сол елдің зейнетақы заңнамасы бойынша зейнетақы алу құқығы туындаған кезде (зейнет жасына толу, белгілі бір еңбек өтілінің болуы, жеке зейнетақы коэффициентінің саны), бұл ел қазақстандық азаматқа еңбек өтіліне қарай зейнетақы тағайындайды. Бұл ретте Қазақстан азаматы тиісті өтініш пен құжаттар топтамасын ЕЭО елдерінің Зейнетақы қорына немесе БЖЗҚ-ға тапсыра алады.
Атап өту керек, еңбекшілердің зейнетақысын тағайындау және төлеуге қажетті құжаттар тізімі Одаққа мүше әрбір елдің ұлттық заңнамасы бойынша реттеледі.
Келісім ЕЭО елдерінің барлығы ратификациялаған, яғни бекіткен соң күшіне енеді.