"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Жаңалықтар

04.03.2021

БЖЗҚ Қоғамдық кеңес алдында 2020 жылғы қызмет нәтижелері мен зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдаланудың алғашқы қорытындылары туралы есеп берді

Эпидемиологиялық жағдайға және коронавирус (COVID-19) індетіне байланысты БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің он алтыншы отырысы онлайн форматта өтті.

Күн тәртібінде бес мәселе қаралды:

1) «БЖЗҚ» АҚ-ның 2020 жылғы қызметі туралы есебі («БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаменті)

2) Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мерзімінен бұрын пайдалану. Алғашқы нәтижелер

3) Зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану кезінде жеке табыс салығын төлеуді түсіндіру.

4) MMGPI әлемдік зейнетақы жүйелері тиімділігінің индексі («БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаменті)

5) Кеңес мүшесі П.В. Своиктің зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі ұсынысын талқылау.

Бірінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Камиля Фазылова сөз сөйледі. Ол Қордың өткен 2020 жылғы қызметі туралы есеп берді. Есепке сәйкес, 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 12,9 триллион теңге сомаға зейнетақы жинақтары қалыптастырылған. Бір жыл ішінде, яғни 01.01.2020 жылдан 01.01.2021 жылға дейін сома 2,1 трлн теңгеге немесе 20% - ға ұлғайды.
Зейнетақы жинақтары сомасының өсуі көп жағдайда елеулі инвестициялық табыстың арқасында ұлғайғанын атап өту маңызды. Осылайша, 2020 жылы Қор салымшыларына 1,2 трлн теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 578,1 млрд теңгеге (өсім 90%) артық. Бұл ретте, инвестициялық табыс зейнетақы жарналарының сомасынан асып түскенін атап өткен жөн. Инвесттабыс 1,1 трлн теңге мөлшерінде түсті, бұл да 2019 жылғы көрсеткіштен 94,8 млрд теңгеге немесе 10% - ға асып түсті.

БЖЗҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрмановтың айтуынша, өткен жыл барлық мағынада ауыр болғанына қарамастан, БЖЗҚ-ға түсімдер төмендемеген, керісінше ұлғайған, белсенді салымшылардың саны артқан (бірыңғай жиынтық төлем мен азаматтардың бір бөлігін «тасада қалып қоюдан" шығарылу есебінен), халықты қамту да ұлғайған. Алайда, өкінішке орай, қазақстандықтардың кірістерінің төмендігімен байланысты азаматтардың  зейнетақы жинақтары мөлшерінің төмен болу мәселесі де көрініс тапқан.

БЖЗҚ корпоративтік стратегиясының маңызды аспектілерінің бірі – Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту мен жаңғыртуға ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану жөніндегі заңнамалық жаңалықтарды іске асыруды бастау үшін БЖЗҚ жүргізген дайындық жұмыстары туралы ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ, ерікті зейнетақы жинақтарын дамытуды ынталандыратын бірқатар заңнамалық өзгерістер бекітілгені атап өтілді, БЖЗҚ ұсыныстары олардың қабылдануына негіз болды. Мысалы, 01.01.2021 ж. бастап жұмыс беруші қызметкердің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды, ал жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегерілетін болады; 01.05.2021 ж. бастап ЕЗЖ салымшыларында, егер ЕЗЖ шотта кемінде 5 жыл болған жағдайда, есептелген инвестициялық табысты ескере отырып, оларды алу құқығы пайда болады; 01.05.2021 ж. бастап ерікті зейнетақы жарналары есептелінетін ЖЗШ ашудың өтініш беруді қажет етпейтін тәртібі енгізілетін болады, оларға бар болған жағдайда жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемдердің талап етілмеген сомалары да есепке алынатын болады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ 2020 жылға арналған Жаһандық зейнетақы активтері бойынша негізгі көрсеткіштер жөнінде Global Pension Assets Study есебін ұсынды. Онда мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік зейнетақы активтерінің барлық алдын ала төленген сомаларына талдау жасалды. Осы есепке сәйкес, әлем елдерінің зейнетақы активтерінің 91-95%-ы немесе (52,5 триллион АҚШ доллары) 22 мемлекетке тиесілі, бұл ретте үздік 22-нің 92% активі әлемнің 7 еліне (АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Нидерланды және Швейцария) ғана тиесілі. Қорытындылай келе, жүргізілген талдау авторлары жарналары белгіленген (DC) жинақтаушы жоспардағы зейнетақы активтері үлесінің  тұрақты өсімін ерекше атап өтті, яғни дәл DC түріндегі жинақтаушы зейнетақы жүйелері ағымдағы мыңжылдықта зейнетақы жоспарларын ұйымдастыру үшін нөмірі бірінші үлгі болып табылады.

Екінші мәселе бойынша «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов сөз сөйледі. Ол «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның қабылдануына байланысты 2021 жылдан бастап азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін емделуге және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ақы төлеу үшін, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін пайдалануға құқылы екенін атап өтті. Осыған байланысты бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды. Сонымен қатар, басқарма төрағасы БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға алу кезіндегі өзара іс-қимыл схемасы туралы айтып, 26 ақпандағы мерзімінен бұрын алу бойынша өзекті статистиканы келтірді. Құрманов біржолғы зейнетақы төлемінің орташа сомасы шамамен 5,3 млн теңгені құрайтынын, алайда бұл соманың өңірге байланысты әртүрлі болатынын атап өтті. Мысалы, Маңғыстау облысында тұрғын үйге арналған БЗТ 8,4 млн. теңгені, ал Атырау облысында бұл көрсеткіш 6,6 млн.теңгені құрайды. Бірақ Нұр-Сұлтанда орташа төлем 5 млн теңге, бұл ел бойынша орташа төлемнен аз.

Құрманов зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыға аудару туралы да айтып берді, ол қаражатты БЖЗҚ сайты арқылы Қорға да, ИПБ-ға да келмей-ақ аударудың ыңғайлылығын ерекше атап өтті.

Үшінші мәселе бойынша Зейнетақы активтерін есепке алу және есептілік департаментінің директоры Зарина Байғалиева БЖЗҚ-дан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерінің сомаларына салық салу тәртібі туралы айтып берді.

Төртінші мәселе аясында Mercer CFA Institute Global Pension Index (MCGPI) 2020 зейнетақы жүйелерінің жаһандық рейтингі көрсетілді. MCGPI индексін құру кезінде зейнетақы жүйелеріне кешенді талдау жүргізіледі және ақылға қонымдылық, орнықтылық және тұтастық сияқты өлшемдер бойынша орташа өлшенген балл шығарылады. Әрбір зейнетақы жүйесінің тиімділігін бағалау 50-ден астам индикатор бойынша жүргізіледі, оның ішінде: зейнетақы төлемдері; зейнетақы активтерінің мөлшері; халықтың жинақ деңгейі; мемлекеттік қолдау; зейнетақымен қамтамасыз етумен қамту деңгейі; алмастыру коэффициенті; демография; реттеу; жүйені әкімшілендіру; зейнетақы жинақтарының қорғалуы және т. б. Қазіргі уақытта әлемнің озық зейнетақы жүйелерінің топ-3 көшбасшысы – Нидерланды, Дания және Израиль..

БЖЗҚ жалпыға қолжетімді деректер негізінде жүргізген алдын ала бағалау бойынша Қазақстан бойынша жалпы балл 65,7 деңгейінде қалыптасты, бұл MСGPI рейтингінде 13-ші позицияға сәйкес келеді (Чилиден төмен – 67,0, Ирландиядан жоғары – 65,0). Қазақстанның MCGPI елдері бойынша орташа мәннен төмен бағасы «Тәуір» суб-индексінің индикаторы бойынша қалыптасты, оның жалпы индексінде ең үлкен үлес салмағы – 40%. «Тұрақтылық» суб-индексі (35%) бойынша Қазақстанды TOP-10 MCGPI тізіміндегі елдермен салыстыруға болса, «Тұтастық» суб-индексі (25%) бойынша Қазақстанды TOP-20 MCGPI тізіміндегі елмен салыстыруға болады.

Бесінші мәселе бойынша БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі Петр Своик бұған дейін Қазақстанның зейнетақы жүйесін реформалау бойынша бірқатар ұсыныстарын жасаған болатын. Алайда оның ұсыныстары ҚК мүшелері тарапынан жауап таба алмады және оларды пысықтау ұсынылды.

Отырыс соңында ҚК мүшелері ҚК отырыстарын өткізудің ұйымдастырушылық сәттерін талқылады.

Отырыстың барлық материалдары enpf.kz сайтындағы «Қоғамдық кеңес» - «Отырыстардың хаттамалары, тұсаукесерлер» бөлімінде көрсетілген.


Просмотров 4300

Тізімге оралу