Филиалды таңдаңыз:
10.09.2018
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық қазақстандықтарға сапалы қызмет көрсетумен қатар оларға өзінің жаңа қызметтері мен жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы маңызды және пайдалы ақпараттарды жеткізуге ұмтылады.
Бұл үшін Қор барлық мүмкіндіктерді пайдаланады: көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізеді, БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынас жасайды және қашықтықтан өзара әрекеттесудің қосымша арналарын дамытады.
Еске саламыз, БЖЗҚ 2018 жылдың шілдесінде WhatsApp мессенджерінде арна енгізген болатын. Бұл арна Қазақстанда және шет елдерде жүрген азаматтарға зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпарат және кеңес алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ ақпарат алу арналарын кеңейту үшін Қазақстан Республикасының электрондық үкіметімен, барлық облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Былтырғы жылы жоғарыда аталған әкімдіктермен өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар 2018 жылдың 6 қыркүйегінде БЖЗҚ мен Астана қаласы әкімдігінің iKomek қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Атап өту керек, орталық барлық қалалық тіршілікпен қамтамасыз ету қызметтері бойынша демалыссыз және тәулік бойы ақыл-кеңес береді, тұрғындардың шағымдары мен өтініштерін қабылдайды, әлеуметтік желілерге мониторинг жасайды және әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен өтініштерге жауап береді.
iKomek-тің тізімдемесінде 770-тен астам көрсетілетін қызмет түрлері бар. Оған келісімге қол қойылған соң, БЖЗҚ жұмысы мен көрсететін қызметтері туралы ақпарат беру және «БЖЗҚ» АҚ Астана қалалық филиалының байланыс деректері бойынша анықтамалық ақпарат беру қызметі қосылды.