Филиалды таңдаңыз:
31.10.2019
Соңғы кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) электрондық поштасына «Бірреттік парольді жеткізу мүмкін болмай жатыр» деген сипаттағы хабарламалар жиі түсе бастады.
Осыған байланысты «БЖЗҚ» АҚ жауапты тұлғалары арнайы тексеру жүргізіп, мынадай қорытынды шығарды: Қордың ұялы қосымшасы мен сайты ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында салымшының электрондық поштасы және/немесе ұялы телефонының нөмірі дұрыс жазылмаған жағдайда ғана Қор сайтының Жеке кабинетіне кіру мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Сондықтан Жеке кабинет арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға қол жеткізу үшін (жеке басты куәландырушы куәліктің түпнұсқасымен) «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне барған кезде электрондық поштаңыз және/немесе ұялы телефоныңыздың дұрыстығын, маңыздылығын мұқият тексеруіңізді сұраймыз.
Еске саламыз, электрондық пошта мен ұялы телефонның нөмірі жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы Келісімде көрсетіледі.