Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қатаң шектеулі карантиндік шаралар енгізу туралы қаулысын орындау мақсатында «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелерінің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізілді. Сіз «Байланыстар» - «БЖЗҚ» АҚ кезекші қызметкерлерінің тізімі» бөлімінде «БЖЗҚ» АҚ өңірлік бөлімшелерінің жұмыс режимі туралы өзекті ақпаратпен таныса аласыз. Қосымша ақпаратты 1418 қысқа нөмірі (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) немесе +7 727 356 10 60 нөмірі (халықаралық және қалааралық қоңырау шалулар үшін) арқылы «БЖЗҚ» АҚ Байланыс орталығының мамандарынан ала аласыз.