Өмірді сақтандыру бойынша компаниямен бірге зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін
зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігін есептеу бойынша калькулятор
Жынысы:
Ер
Әйел
60708090100
50110
060
2020 жылы ең төменгі зейнетақы есебімен зейнетақы аннуитеті шартын жасау үшін жеткілікті зейнетақы жинақтарының сомасы:
Ескертпе: Сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасау құқығына:
ерлер 63 жасқа, әйелдер 59 жасқа толғанда (әйелдер жасы 63 жасқа толғанға дейін жыл сайын жарты жылға өсіріліп отырады) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, зейнет жасына толған адамдар;
МЗЖ есебінен қалыптастырылған ЗЖ пайдалана отырып, ерлер 55 жастан және әйелдер 51 жастан бастап (әйелдер жасы 55 жасқа толғанға дейін жыл сайын жарты жылға өсіріліп отырады);
олар үшін жиынтығында кем дегенде 60 күнтізбелік айға МКЗЖ төленген, 50 жасқа толған адамдар;
егер мүгедектігі мерзімсіз уақытқа тағайындалған болса, МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған ЗЖ пайдалану арқылы 1 және 2 топ мүгедектері ие.
ЗЖ жеткіліксіз болған жағдайда:
МЗЖ есебінен қалыптастырылған ЗЖ жеткіліксіз болған жағдайда, аудару үшін МКЗЖ және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған ЗЖ қолданылады;
МКЗЖ есебінен қалыптастырылған ЗЖ жеткіліксіз болған жағдайда, аудару үшін МЗЖ және (немесе) ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ЗЖ қолданылады.
Алынған есеп ағымдағы күнтізбелік жылға толық емес болып табылады, түпкілікті есеп сақтандыру ұйымына жүгінген кезде жасалады.
Есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 қазандағы № 194 қаулысына сәйкес сақтандыру сыйлықақысы мөлшерінің 0-ден 1 пайызына дейінгі және әрбір сақтандыру төлемінің 0-ден 3 пайызына дейінгі шегінде өзгеруі мүмкін сақтандыру ұйымының істі жүргізуге арналған шығыстары ескерілмейді.