Филиалды таңдаңыз:
Құрметті зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары!
Сіздермен өз блогымның парақшасында қауышқаныма қуаныштымын!
Зейнетақы қоры – бұл еліміздің бүкіл еңбек етуші халқы қатысатын, есеп беру, ашық қызмет, этикалық тәртіп, тараптардың мүдделерін құрметтеу, заңды басшылыққа алу және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын берік ұстанатын әлеуметтік жауапкершілікті ұйым.
Бүгінгі таңда қордың қызметі ең алдымен салымшылардың толық әрі дұрыс ақпарат алу, Қорда жеке зейнетақы шотын ашу, оның жай-күйі туралы хабарлама алу, алушыларға төлемдер ресімдеу секілді қазіргі кездегі қажеттіліктерін орындауға және осылайша өз зейнетақы жинақтарын құруына бағытталған.
Басқарма төрағасының блогы Сіздің тікелей менімен тілдесуіңіз үшін құрылған және ол өзара сындарлы сұхбат жасауымызға мүмкіндік береді деген ойдамын. Мұнда мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарыңызға жауап бере отырып, оларды шешу үшін қажетті шаралар қабылдай аламын.
Менің блогым Сіздер үшін пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен,
«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы
Жанат Құрманов