"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз
Сараптамалық пікір

Қазақстанның зейнетақы жүйесін дамыту бойынша сарапшылар тобының ұсыныстары

 

Халықаралық бағалау.

2023 жылы Қазақстанның зейнетақы жүйесі алғаш рет MCGPI 2023 жаһандық зейнетақы индексіне енгізіліп, 47 елдің ішінде 20-шы орынға ие болды. Жалпы алғанда, елімізде мемлекеттік және жинақтаушы зейнетақыны қамтитын кешенді, қаржылық тұрақты, көп деңгейлі зейнетақы жүйесін құрудың арқасында Қазақстан бойынша баға екі көрсеткіш – «Тұрақталық» (7 орын) және «Тұтастық» (14 орын) бойынша салыстырмалы түрде жоғары болып қалыптасты. Біздің азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруға барлық үш тарап қатысады: мемлекет, жұмысшы және жұмыс беруші. Алайда үшінші көрсеткіш – «Лайықтылық» бойынша төмен баға алды (38 орын).

«Лайықтылық» көрсеткіші азаматтар үшін аса маңызды, өйткені, оның құрамында мемлекеттік зейнетақыны индекстеу мөлшері мен шарттары, жалпы зейнетақымен қамсыздандыру деңгейі, халықтың жинағы мен берешегі және т.б. бағаланады.

Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы зейнетақы төлемдерінің лайықтылығы мәселесі (кез келген зейнетақы жүйесінде негізгі болып табылады) маңызды боп тұрғанын және біздің азаматтарымыздың мүддесі үшін шешуді талап ететінін растайды.

Индексті құрастырушылар – Mercer халықаралық сараптамалық компаниясы және CFA институты – қазақстандық зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру үшін осындай негізгі ұсыныстар берді:

➤ ең кедей қарттарды қолдаудың ең төменгі деңгейін арттыру,

➤ үй шаруашылығындағыларды зейнетақы жинақтарының деңгейін көтеруге ынталандыру,

➤ жинақтау және инвестициялау кезеңінде зейнетақы жинақтарының мерзімінен бұрын алынуын қысқарту.

 

Жүйелік мәселелер.

Халықаралық бағалауды ескере отырып, республикада қаржы нарығы мен жинақтаушы зейнетақы жүйесін қалыптастырудың бастауында тұрған қазақстандық сарапшылар тобы: Григорий Марченко, Ораз Жандосов, Болат Жәмішев, Қадыржан Дамитов, Әнуар Сайденов, Елена Бахмутовалар Гүлфайрус Шайқақованың қатысуымен және БЖЗҚ ақпараттық-сараптамалық қолдауымен (ұзақ мерзімді актуарлық есептеулер негізінде ағымдағы және болашақ) отандық зейнетақы жүйесінің жай-күйіне талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша шұғыл шешім қабылдауды талап ететін жүйелік келелі мәселелер шеңбері анықталды.

1. Мемлекеттік зейнетақы. Мемлекеттік зейнетақы екі бөліктен тұрады – ортақ және базалық зейнетақы. Зейнетке шыққан азаматтарда мемлекеттік ортақ зейнетақы мөлшері тұрақты түрде қысқаруда (өйткені олардың 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі азайып жатқандықтан). 2040 жылдардың басында азаматтарға (зейнет жасқа толған) ортақ зейнетақыны тағайындау тоқтатылады. Бұл ретте мемлекеттік базалық зейнетақының ағымдағы өсу параметрлері зейнеткерлердің болашақта лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етпейді. Базалық зейнетақы тек болжамды инфляцияға индекстелген ең төменгі күнкөріс деңгейіне (ЕКД) байланысты, ал еңбек табысының өсуі нақты инфляциядан асып түседі. Нәтижесінде жұмыс істейтін азаматтардың табыс мөлшеріне қатысты зейнеткерлерге мемлекеттік зейнетақы төлемдерінің мөлшері объективті түрде төмендейді және құнсызданады.

2. Шартты-жинақтаушы зейнетақы. 2024 жылдың басынан бастап шартты-жинақтаушы модель бойынша жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының (ЖМЗЖ) енгізілуі ортақ зейнетақының төмендеуін өтей алмайды. ЖМЗЖ 1975 жылдан бастап туған азаматтар үшін ғана енгізілді және алғашқы төлемдер тек 2038 жылы төлене бастайды. ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтардан төленетін алдағы төлемдердің мөлшері өте аз болады (2040 жылы орташа төлем 2024 жылдың бағасымен алғанда 8-10 мың теңгені құрауы мүмкін). Бұдан бөлек, шартты-жинақтаушы модель қаржылық тұрғыда тұрақты емес (төлемдердің төмендеуі немесе бюджеттік субсидияларды тарту тәуекелдері бар) және қызметкер мен жұмыс берушінің оларды төлеу жөніндегі мүдделерін ескермейді, өйткені, ол қайта үлестіріле береді және жинақтар қызметкердің меншігіне жатпайды.

3. Жинақтаушы зейнетақы. Көптеген салымшылардың, соның ішінде зейнет жасына жеткендердің зейнетақы жинақтары салыстырмалы түрде төмен (зейнетке шыққандардың 37%-ы 2024 жылы 1998 жылдан бері жиналуы мүмкін болатын 26 жылдың орнына 5 жылдан аз жинақтау тәжірибесіне ие болады). Негізгі себептер – қызметкерлердің табысының жеткіліксіз деңгейі және жиі декларацияланатын табысты азайту, міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) толық және тұрақты түрде төленбеуі, еңбекақы төлеудің көлеңкелі қоры және бейресми жұмыспен қамту. Жарналарды төлеу статистикасы мәселенің (МЗЖ төлеудің аз мөлшері және төлеу тұрақтылығының төмендеуі) негізінен (басқа елдердегідей) өзін-өзі жұмыспен қамтыған (оның ішінде бейресми жұмыспен қамтылған) азаматтарға қатысты екенін растайды.

Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, зейнетақы жарналарын төлеудің қолжетімді және ыңғайлы тетігі (БЖТ үлгісі бойынша) болған кезде және ынталандыруды пайдалану кезінде бейресми жұмыспен қамтылған азаматтардың бір бөлігін біртіндеп «көлеңкеден» шығаруға болады. Бірқатар елдерде (Германия, Испания, Малайзия, Түркия, Уругвай) осындай бағдарламаларды қолданады. Қазақстанда да жинақтарды мемлекеттік қолдау тәжірибесіне қатысты оң нәтиже бар (тұрғын үй жинақтарын ортақ қаржыландыру, білім беру жинақтау жүйесі, бала күтімі бойынша демалыс кезеңіндегі аналардың зейнетақы шотына жарналар және басқалар).

4. Инвестициялық басқару. Іс жүзінде зейнетақы активтерін басқарудың бәсекелестік нарығы жоқ. ҚРҰБ зейнетақы активтерін барынша консервативті инвестициялай отырып, негізгі басқарушы болды (01.01.2024 жылға ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің үлесі – 99,8%). Салымшылардың мүддесі үшін бәсекелестікті белсенді дамыту және зейнетақы активтері бойынша нақты (яғни инфляциядан асатын) кірістілікті арттыру бойынша жүйелі шаралар қажет.

 

Ұсыныстар.

Сарапшылар осындай межесіне жеткен мәселелерді шешу үшін Қазақстанның зейнетақы жүйесінің қаржы тұрақтылығын және лайықтылығын арттыру бойынша жүйелі шаралар тізбесін әзірлеп, Мемлекет басшысының қарауына жіберді.

1. Мемлекеттік зейнетақының лайықтылығы және зейнетақы төлемдеріне бюджет шығыстарының тұрақтылығы.

Қазақстанның әлеуметтік-бағдарланған мемлекет екенін ескере отырып, ортақ зейнетақылардың біртіндеп төмендеуі аясында базалық зейнетақыны нығайту арқылы көп деңгейлі зейнетақы жүйесінің мемлекеттік құрамдауышын күшейту ұсынылады.

Бұл мақсаттар үшін:

біріншіден, ең төменгі жалақыны (ЕТЖ) зейнетақы жүйесіндегі барлық төлемдерді болжау мен есептеудің бірыңғай ең төменгі стандарты ретінде айқындау ұсынылды. Мұндай тәсіл зейнетақы төлемдерінің тұрақты параметрлеуін құрудың халықаралық тәжірибесіне сәйкес келеді. Мұндай параметрлеу зейнетақымен қамсыздандырудың нысаналы стандартын (ЕТЖ-мен байланыстыра отырып) айқындайды. Жалпы алғанда, еңбек табыстарының өсу серпіні ескерілуі тиіс (анықтама үшін, ЭЫДҰ елдері бойынша орташа алғанда: ЕТЖ орташа жалақының шамамен 50%, ең төменгі кепілдендірілген зейнетақы – ЕТЖ-дан шамамен 60% құрайды). ЕТЖ мөлшерін пайдалануға кезең кезеңмен көшу ең төменгі күнкөріс деңгейін ағымдағы пайдаланумен салыстырғанда анағұрлым лайықты зейнетақыны қамтамасыз етеді;

екіншіден, базалық зейнетақының лайықты мөлшерін тең арттыру жолымен мемлекеттік зейнетақыға мемлекеттік бюджеттің шығыстарын ЖІӨ-нің 3%-нан төмен емес (бұл жинақтаушы зейнетақы жүйесі бар ЭЫДҰ-ның Аустралия, Мексика, Чили және т.б. елдері бойынша ЖІӨ-нің 3-4% деңгейіне сәйкес келеді) тұрақтандыру және қолдау ұсынылды. Нәтижесінде елдің экономикасы мен ЖІӨ өсуіне байланысты мемлекеттік зейнетақы деңгейі де (барлық зейнеткерлердің әл-ауқаты) тиісті түрде өседі және бюджеттен зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік шығыстардың деңгейі сақталатын болады.

2. Зейнетақы жинақтарының лайықтылығы және жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдердің өмір бойы төленуі.

Зейнетақы жинақтарының лайықты өсуін қамтамасыз ете отырып көп деңгейлі зейнетақы жүйесінің жинақтаушы құрамдауышын одан әрі дамыту ұсынылады.

Бұл мақсаттар үшін:

біріншіден, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген ЖМЗЖ (жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары) (жарна мөлшерлемесі 2028 жылға қарай біртіндеп 1,5%-дан 5%-ға дейін көтеріледі) шартты-жинақтаушы (іс жүзінде қайта үлестірілетін) жүйеден аудару және бағыттау:

- 4% мөлшерде – қызметкерлердің жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) (10% міндетті зейнетақы жарналары сияқты) олардың лайықты зейнетақы жинақтарын қамтамасыз ету үшін жіберу ұсынылды (ЭЫДҰ есептеулеріне сәйкес жинақтаушы зейнетақыны қалыптастыру үшін жарналардың лайықты мөлшерлемесі кемінде 13% құрауы тиіс);

- 1% мөлшерде – жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдердің өмір бойына төленуіне кепілдік беру шотына (алушы өзінің зейнетақы жинақтарын сарқып алған кезде) жіберу ұсынылды.

екіншіден, 1975 жылы туғандармен шектелмей (болашақта әркелкі зейнетақы кірістерін және ұрпақтар арасындағы айырманы болдырмас үшін) ЖМЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыруға барлық азаматтардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету ұсынылды;

үшіншіден, зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалануға тыйым салмастан, салымшыларға олардың жинақтары мен болашақ төлемдерінің лайықтылығын қамтамасыз ете отырып, шешіп алу шарттары мен тәртібін өзгерту ұсынылды. Халықаралық тәжірибеде зейнетақы өмір бойы төленген жағдайда (белгілі бір ең төменгі стандарттан төмен емес төлем мөлшерімен) жинақтаудың бір бөлігін мерзімінен бұрын алуға жол берілген.

3. Қамту аясын кеңейту, зейнетақы жарналарын толық әрі жүйелі төлеуді ынталандыру.

Жұмыспен қамтылған халықтың барлық тобын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды арттыру, оған өзін өзі жұмыспен қамтыған, бейресми жұмыспен қамтылған азаматтарды қосу ұсынылады.

Бұл мақсаттар үшін:

біріншіден, тұрақты жұмыс берушісі жоқ, бірақ еңбек табысы бар және зейнетақы жарналарын өз бетінше тұрақты түрде (табыстан жылына кемінде 12 рет 1 ЕТЖ-дан кем емес) аударатын жеке тұлғалардың МЗЖ-ын мемлекеттік бірлесіп қаржыландыруды кезеңді енгізу ұсынылды. Сонымен қатар бұл жарналарды бір жыл үшін бірден салуға болады. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл мұндай қызметкерлердің «көлеңкеден» біртіндеп шығуына, олардың табысының ашық болуына, салық түсімдерінің өсуіне ықпал етеді. Зейнетақы жүйесіне қатысу олардың базалық зейнетақы есептеу үшін пайдаланылатын еңбек өтілін және жинақтаушы зейнетақы үшін зейнетақы жинақтарын қалыптастыруын қамтамасыз етеді. Бірлесіп қаржыландыруға жұмсалатын шығыстар келешекте ел экономикасына салық түсімдері мен зейнетақы активтері инвестицияларының өсуімен қайтады.

екіншіден, қария шаққа лайықты жинақтар қалыптастыру үшін МЗЖ табыстан кемінде 1 ЕТЖ төленуін көздеу ұсынылды. Тек осындай МЗЖ-ны салымшылардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне толыққанды қатысуы деп санауға болады (оларды еңбек өтілін есептеу және бірлесіп қаржыландыру кезінде ескере отырып). 

4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру.

Халықаралық тәжірибені ескеріп, нақты кірістілікті арттыру бойынша Ұлттық Банк пен инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) бірқатар ұсынымдар ұсынылады:

➤ сыртқы (валюталық) және ішкі (теңгелік) зейнетақы активтері бойынша ұзақ мерзімді нақты кірістілікті таргеттеу мүмкіндігі (дағдарыстық кезеңдерді есептемегенде);

➤ валюталық портфель үлесін кезеңді арттыру (халықаралық тәжірибені және зейнетақы активтері көлемінің біртіндеп өсуін ескеріп);

➤ консервативті инвестициялық басқаруды бәсеңдету (кірістілікті арттыру мақсатында):

- сыртқы активтер бойынша – өсіп келе жатқан активтерге инвестицияларды қосу;

- ішкі активтер бойынша – МБҚ және квазимемлекеттік сектордың бағалы қағаздарына инвестициялар үлесін кезеңді төмендету және сенімді корпоративтік бағалы қағаздар арқылы экономикаға инвестицияларды арттыру;

➤ басқарушы компаниялардан инвестициялық стратегиялары әртүрлі бір немесе бірнеше портфельді салымшылардың өз бетінше таңдау құқығымен мультипортфельді басқаруды енгізу (басқарудың бәсекелестік нарығын дамыту және салымшылардың мүдделерін есепке алу мақсатында);

➤ Ұлттық қорды басқару кеңесінің қазақстандықтардың болашақ зейнетақысының (мемлекеттік және жинақтаушы) лайықтылығына актуарлық болжам жасау нәтижесін (БЖЗҚ жылдық есебінің аясында) қарауы.

Ұсыныстар зейнетақымен қамсыздандырудың барлық құрамдауышын нығайтуға бағытталған, өзара байланысты және кешенді түрде ескерілуі тиіс. 

Сарапшылар берген ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдардың қарауында жатыр, сондай-ақ, БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында (2024 жылғы 14 маусым) талқылау үшін ұсынылды және қолдауға ие болды. Отырыстың толық материалдары мен хаттамасын БЖЗҚ сайтынан табуға болады.

 


  Қазақстанның зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар