"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

Зейнетақы активтері қандай қаржы құралдарына инвестицияланады?

Кері қарай

Бүгін біз адамдар өз зейнетіне жинап отырған ақшаның, яғни зейнетақы активтерінің қалай инвестицияланатынын қарастырамыз. Біз осы қаражаттың көбеюіне қандай қаржы құралдары көмектесетінін және келешекте қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететінін талқылаймыз. Инвестиция әлеміне саяхаттауға дайынсыз ба? Ал, кеттік!  

1. МБҚ (Мемлекеттік бағалы қағаздар)

Бұл не?
МБҚ — бұл мемлекет шығаратын облигациялар мен басқа да борыштық құралдар. Олар көбіне қауіпсіз инвестициялар болып саналады, себебі мемлекет қаражатты пайызбен қайтаруға кепілдік береді.

Неге маңызды?
МБҚ-ға инвестиция жасау тұрақты табысқа кепілдік береді және капиталдың сенімді қорғанысын қамтамасыз етеді.

2. Облигациялар

Бұл не?
Облигациялар — бұл мемлекет немесе компаниялар шығаратын борыштық бағалы қағаздар. Олар «Біз сіздің ақшаңызды алып, біраз уақыттан кейін пайызбен қайтарып береміз» деген уәде секілді.

Неге маңызды?
Облигациялар қауіпсіз инвестициялық құрал болып саналады, өйткені эмитенттер (яғни, облигацияларды шығаратындар) тұрақты пайыздарды төлейді. Бұл зейнетақы қорларына капиталды сақтауға және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді.

3. РЕПО (Репо-келісім-шарттар)

Бұл не?
Репо-келісім-шарттар — бұл белгілі уақыттан кейін қайтадан сатып алу мүмкіндігі бар бағалы қағаздарды сату туралы келісім.

Неге маңызды?
РЕПО-келісім-шарттар өтімділікті қамтамасыз етеді және зейнетақы қорларына тәуекелдің төменгі деңгейімен қаражатты уақытша инвестициялауға мүмкіндік береді.

4. Депозиттер

Бұл не?
Депозиттер — бұл тіркелген пайызбен белгілі бір мерзімге банкке орналастырылатын ақша.

Неге маңызды?
Депозиттер кепілдендірілген табысты қамтамасыз етеді және капиталды сақтаудың сенімді тәсілі болып табылады.

5. Ақшалай қаражат

Бұл не?
Ақшалай қаражатқа қолма-қол ақша және ағымдағы шоттағы қаражат жатады.

Неге маңызды?
Ақшалай қаражат өтімділікті қамтамасыз етуге және ағымдағы шығыстарды жабуға қажет.

6. ХҚҰ (Халықаралық қаржы ұйымы)

Бұл не?
Халықаралық қаржы ұйымдары қаржы саласындағы мемлекетаралық немесе халықаралық келісімдер негізінде құрылады. Бұл ұйымдар әлемдік экономиканы дамытумен және халықаралық экономикалық қатынастарды жақсартумен байланысты міндеттерді шешу үшін түрлі елдердің ақшаларын біріктіреді.

Неге маңызды?
Халықаралық қаржы ұйымдарына инвестициялау ресурстардың үлкен көлемін басқару, маңызды жобаларды қаржыландыру және тұрақтылықты қамтамасыз ету қабілетінің арқасында тиімді болуы мүмкін.

7. Акциялар

Бұл не?
Акциялар — бұл компаниялардағы үлестер. Акцияны сатып ала отырып, сіз компанияның ішінара иесі атанасыз және пайдасының бөлігін ала аласыз. 

Неге маңызды?
Акциялар, әсіресе зейнетақы қорлары инвестициялайтын компаниялар дамып жатса және табысты болып жатса көп табыс әкелуі мүмкін. Алайда, олар тәуекелге ұшырауы мүмкін, сондықтан анағұрлым тұрақты инвестициялары бар комбинацияларда жиі пайдаланылады.

8. Валюта:

Бұл не?
Валюта — бұл елдердің ақшасы, мысалы, доллар, еуро немесе йен. Валютаға инвестицияларға түрлі валюталық жұптарды сатып алу мен сату кіруі мүмкін.

Неге маңызды?
Валютаға инвестициялау пайда алу үшін зейнетақы қорларына айырбастау бағамдарының ауытқуын пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл инфляциядан және түрлі елдердегі экономикалық тұрақсыздықтан қорғау құралы бола алады. Мысалы, экономикалық тұрақсыздық кезеңдерінде қор экономикасы анағұрлым тұрақты елдердің валютасына инвестициялай алады.  

Енді Сіз зейнетақы активтері инвестициялана алатын түрлі қаржы құралдары туралы білесіз.

Әр құралдың өз ерекшеліктері мен тәуекелдері бар екенін жіті түсіну маңызды. Зейнетақы активтерін басқарушылар (біздің жағдайда ҚРҰБ және ИПБ-лар) болашақ ұрпақтың тұрақты табысын қамтамасыз ету үшін қалай және қайда инвестициялау керек екенін мұқият таңдайды. Бұл құралдарды түсіну сізге қаржы және инвестиция әлемінде дұрыс бағдар жасауға көмектеседі!

Сіздің зейнетақы жинақтарыңыз нақты қандай құралдарға инвестицияланғанын білгіңіз келе ме?

Ол үшін «Көрсеткіштер – Инвестициялық қызмет» бөліміндегі ақпаратпен танысып шығыңыз. Мұнда барлық басқарушылардың зейнетақы портфелінің құрылымы туралы ақпарат ай сайын жаңартылып отырады, ол сізге өзгерістерді бақылауға және қаражатыңыз қайда бағытталғанын түсінуге көмектеседі.