Филиалды таңдаңыз:
Инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) — бұл зейнетақы активтерін қоса алғанда инвестицияларды басқаратын кәсіби компаниялар немесе ұйымдар.
2021 жылдың қаңтарынан бастап БЖЗҚ өз зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігіне ие болды. Бұл ИПБ жинақтарыңызды көбейту үшін өз тәжірибесі мен білімін пайдалана отырып, жинақтарыңызды инвестициялауға өзіне жауапкершілік алады дегенді білдіреді. ИПБ тапсырылған қаражатты Инвестициялық декларацияларында рұқсат етілген және жазылған түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. Ол акция, облигация, валюта және басқа қаржы құралдары болуы мүмкін.
Салымшылар кейде өз зейнетақы жинақтарын жеке компанияларға бере отырып, түскен табысты тікелей ала аламыз деген қате ойға келеді. Бірақ олай емес. Жинақтарыңызды басқарудан алған инвестициялық кіріс апта сайын сіздің зейнетақы шотыңыға есептеледі.
Зейнетақы активтерін ұйғарым бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) сенімгерлікпен басқарады.
Қаражатыңыз ҚРҰБ басқаруында болғанда, мемлекет инфляция есебімен олардың сақталуына кепілдік береді. Алайда, жинақтар ИПБ басқаруына тапсырылған кезде, бұл мемлекеттік кепілдік қолданылмайды. Мұның орнына ИПБ зейнетақы активтерінің орташа кірістілігі негізінде есептелген ең төменгі кірістілік деңгейін қамтамасыз ету бойынша өзінің кепілдігін береді.
ИПБ таңдау — маңызды қадам. Көз жеткізіп:
➤ ИПБ инвестициялық декларациясымен және қызметінің қағидаларымен танысыңыз.
➤ ИПБ инвестициялық қызметінің нәтижелерін тексеріңіз.
➤ ИПБ тәуекелді қалай бағалайтынын және кірістілік жоспарына нені ұсынатынын түсініңіз.
Салымшылар ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға аударуға құқылы:
➤ Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтардың 50%-на дейін аударуға құқылы.
➤ Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтардың 100%-на дейін аударуға құқылы.
➤ Сақтандыру компаниясымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, МЗЖ және МКЗЖ есебінен қалыптастырылған жинақтардың 100%-на дейін аударуға құқылы.
Егер Сіз зейнетақы жинақтарыңыздың бөлігін ИПБ-ға беретін болсаңыз, екі ыңғайлы тәсілмен өтініш бере аласыз:
1. www.enpf.kz сайтында Жеке кабинет арқылы онлайн
Бұл тәсіл өте қолайлы, себебі үйден шықпай өтініш беруге және БЖЗҚ сайты арқылы статусын бақылауға болады.
Егер қандай да бір себептермен ойыңыз өзгерген болса, БЖЗҚ оны орындағанға дейін өтінішті жоя аласыз.
2. БЖЗҚ өңірлік бөлімшелері арқылы офлайн
Бұл егер адамдармен бетпе-бет тілдесуді ұйғарсаңыз, өте ыңғайлы нұсқа.
Өтініш бергеннен кейін БЖЗҚ зейнетақы активтеріңізді ИПБ-ға беруді бастайды. Әдетте бұл процесс өтінішті алған сәттен бастап 30 күнтізбелік күнді құрайды.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға беру, сондай-ақ қаражатты ҚРҰБ басқаруына қайтару жинақтарды басқарушы компанияға аударған күннен бастап бір жылдан кейін ғана мүмкін болатынын ескеру қажет.
Сілтемелер:
· Нұсқаулық: зейнетақы жинақтарын ИПБ-ға қалай аудару керек
БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері бойынша инвестициялық қызмет | |
Инвестициялық тәуекелдерді басқару |