Филиалды таңдаңыз:
➤ Егер сіз жалдамалы жұмысшы болсаңыз, онда жұмыс беруші ай сайын БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін аударады.
➤ Егер сіз салық агенті болып табылатын адаммен азаматтық-құқықтық сипаттағы (АҚС) шарт бойынша жұмыс жасасаңыз, онда ол (агент) зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін аударады
➤ Егер сіз салық агенті болып табылмайтын адаммен АҚС шартын жасасаңыз, онда сізге БЖЗҚ-ға «Қазпошта» АҚ немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы өз пайдаңызға зейнетақы жарналарының міндетті түрлерін дербес аудару қажет.
➤ Егер сіз жеке кәсіпкер (ЖК) болсаңыз немесе жеке тәжірибемен айналыссаңыз, онда сіз салық кезеңінің әр айы үшін зейнетақы жарналарының міндетті түрлерінің сомасын есептей аласыз.
➤ Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы төлей аласыз.
Жарналарды аудару үшін деректемелер – актив сілтемелер.
БЖЗҚ-ға зейнетақы шоттарының барлық түрлері алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады.