"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу


Кері қарай

Зейнетақы төлемдері дегеніміз не және біз әлі қартаю жайында ойламасақ та, бізге қалай әсер етуі мүмкін. Бұл жайттарды түсіну зейнетақы жүйесіне жақсы бағдарлануға және БЖЗҚ қызметтерін дұрыс қолдануға көмектеседі.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері— бұл адамдарға зейнет жасқа жеткенде немесе мүгедектік алу немесе Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшу сияқты басқа да жағдайлар кезінде төленетін ақша. Бұл зейнетақы төлемдерін БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар алады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін қалай алады?

Зейнет жасына жеткендер

63 жасқа толған ерлер, және 61 жасқа толған әйелдер (2028 жылдан бастап жыл сайын 0,5 жылға ұлғаюмен 2031 жылы 63 жасқа толғанға дейін) кесте бойынша зейнетақы төлемдерін ай сайын ала бастайды. Бұл төлемдер міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған жинақтардан жүргізіледі. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға жүгіну қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен зейнетақы аударылатын банк шотының деректемелері болу керек.

Мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен БЖЗҚ-дан төлемдер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы алушының банк шотына түсетін болады. БЖЗҚ ақшаны тікелей зейнеткерлердің шотына аудармайды, алушылардың зейнетақы төлемдерінің сомасы Мемлекеттік корпорацияға жолданады, содан кейін алушының банк шотына аударылады. Толығырақ ...

Зиянды еңбек жағдайындағы қызметкерлер

Адам 55 жасқа толғанда, ол міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін талап ете алады. Бұл оның жұмыс берушісі зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін кемінде 84 ай МКЗЖ аударғанда ғана мүмкін.

55 жастан бастап МКЗЖ есебінен зейнетақы төлемін алу үшін қызметкер зиянды еңбек жағдайында жұмысты тоқтатуы немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысуы қажет.

Осы зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек шартын бұзу немесе басқа жұмысқа ауысу туралы өтінішті жұмыс берушіге беру жеткілікті, яғни «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік коорпорациясына (ХҚО-ға) жүгіну қажет. Бұл ретте ХҚО-ға кемінде 84 ай МКЗЖ аударылған және 2024 жылдың 1 қаңтарына зиянды еңбек жағдайларында жұмыс жасамаған 55 жасқа толған адамдар жүгіне алады.  Толығырақ ...

Мерзімсіз белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар

МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтары бар, мерзімсіз белгіленген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар зейнет жасына толғанға дейін БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы. Төлемдер белгіленген кесте бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

Зейнетақы төлемдерін ресімдеу үшін БЖЗҚ-ға жүгіну қажет. Төлемге өтінішті БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып немесе www.enpf.kz сайтында Жеке кабинет арқылы онлайн түрде беруге болады.

Назар аударыңыз: 

Мүгедектігі мерзімсіз белгіленген бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар МЗЖ төлеуден босатылғанын назарыңызға саламыз. Егер олар жұмысын жалғастырса, онда жұмыс берушісіне өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға МЗЖ аудара алады.

Егер зейнетақы жинақтары ең төменгі зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, онда барлық сома біржолғы төленеді. Ең төменгі зейнетақы мөлшері республикалық бюджет туралы заңда жыл сайын белгіленеді. Толығырақ ...

Шетелге тұрақты тұруға кеткендер

Егер адам шетелге тұрақты тұруға кеткен болса, ол БЖЗҚ-дан барлық зейнетақы жинақтарын ала алады. Ол үшін БЖЗҚ-ға қажетті құжаттарды ұсыну керек. Жеке өзіңіз, өкіліңіз немесе пошта арқылы жасауға болады. Қажетті құжаттар тізбесі enpf.kz сайтының «Қызметтер» бөлімінде жарияланған.

Құжаттарды алғаннан кейін БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде тиісті мәліметтердің сәйкестігіне тексереді. Жүгінген адамның бұрын ҚР уәкілетті органы берген, жеке басын куәландыратын құжаты ТТК-ға кетуге, тұрақты тұруға рұқсатты жоюға немесе ҚР азаматтығын жоюға (азаматтықтан шығуға) байланысты жарамсыз болса, зейнетақы жинақтары төленеді. Егер құжаттар жарамды болса, төлем жүргізілмейді.  

Төлем барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін 10 жұмыс күн ішінде біржолғы жүргізіледі. Толығырақ ...

Салымшы/алушы қайтыс болған жағдайда төленетін төлем   

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Сонымен бірге ҚР заңнамасында қайтыс болған адамның отбасы мүшелеріне жерлеуге біржолғы төлем көзделген.

Жерлеуге бір реттік төлемді қайтыс болған адамның жақын туыстары ала алады. Бұл ол қайтыс болғаннан кейін бірден жасалады және мұрагерлік құқығына жету үшін алты ай күтуді қажет етпейді. Төлем мөлшері шектеулі – 94 АЕК-тан аспайды, бірақ қайтыс болған адамның зейнетақы шотындағы қолжетімді сомадан аспауы керек. Жақын туыстары www.enpf.kz сайтындағы өз Жеке кабинеті арқылы жерлеуге төлемді алуға онлайн түрде өтініш бере алады. Төлем БЖЗҚ-ға өтініш пен құжаттар түскен күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде жүзеге асырылады.

Заң немесе өсиет бойынша мұраға құқығы туралы куәлікті ресімдеу және алу үшін нотариуске жүгіну қажет. Егер өсиет болмаса, жинақтар ҚР Азаматтық кодексіне сай, кез келген басқа меншікті бөлгендей, отбасы мүшелеріне бөлінеді. Нотариус БЖЗҚ-мен Е-нотариат ақпараттық жүйесі арқылы өзара байланысады және қайтыс болған адамның жинақ сомасы туралы ақпаратты ала алады. Толығырақ ...

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер

Ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтардан зейнетақы төлемдерін 50 жастан бастап, яғни жалпы белгіленген зейнет жасына жеткенге дейін алуға болады. Сонымен қатар, мұндай төлемдерді мүгедектігі бар адамдар және шетелге тұрақты тұруға кеткен адамдарда талап ете алады. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін МЗЖ, МКЗЖ есебінен төлемдерді алу үшін қойылатын талаптар қолданылады.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі дербес белгіленеді. Осылайша, алушы жеке қажеттіліктері мен қалауларына сәйкес ЕЗЖ төлемдерін алу мүмкіндігіне ие.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының төлемін алу үшін БЖЗҚ-ға өтініш білдіру керек. Оны бірнеше тәсілдер арқылы:

Онлайн-форматта enpf.kz сайтында Жеке кабинет немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасы арқылы.
Қордың кез келген бөлімшесіне жеке өзі келу арқылы, оның ішінде сенім білдірілген адам немесе заңды өкіл өтініш білдіру арқылы.
Пошта байланысы арқылы жасауға болады Толығырақ ...