Филиалды таңдаңыз:
1) Заңды немесе жеке тұлғалардың (бұдан әрі – мүдделі тұлға) «БЖЗҚ» АҚ-ға (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) БЖЗҚ корпоративтік басқаруына байланысты өтініштері (сұраныстары) туындаған жағдайда, мүдделі тұлға өтінішті жазбаша нысанда (сұранысты) Қордың Басқарма төрағасының атына мына мекенжайға жібереді: А15Т6М5, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 223, №247 т.е.б.
2) Келіп түскен өтініштердің (сұраныстардың) мазмұнын Корпоративтік хатшы шағымның кімге жолданғандығына қарай Басқарма төрағасына не Директорлар кеңесінің төрайымына баяндайды.
3) Корпоративтік хатшы қажет болғанда мүдделі тұлғалардан құжаттарды беру мерзімін көрсете отырып, өтініштерді (сұраныстарды) қарауға қажетті қосымша құжаттарды сұратуға құқылы. Сұратылған құжаттар көрсетілген мерзімде берілмеген жағдайда, Корпоративтік хатшы өтініштерді (сұраныстарды) қолда бар құжаттар негізінде қарауға не өтініштерді (сұраныстарды) қараудан негізді бас тартуды жіберуге құқылы.
4) Басқарма төрағасы сұраныстың сипатына қарай оны Қордың корпоративтік басқаруына жауапты тұлғаға жібереді.
5) Сұраныстар мәні көрсетіліп, жазбаша түрде қабылданады.
6) Сұранысқа оны растайтын құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс.
7) Сұраныста тұлға туралы ақпарат қамтылу керек:
- тегі, аты, әкесінің аты – жеке тұлға үшін;
- толық атауы – заңды тұлға үшін;
- жауапты жіберу үшін заңды/нақты мекенжай.
Мүдделі тұлғаның тегі (ұйымдар үшін - атауы), пошталық мекенжайы көрсетілмеген және қолы қойылмаған сұраныстар белгісіз деп танылады және Қор оларды қарамайды.
8) Сұраныстарды қабылдау және тіркеу Қордың іс жүргізу жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарында көзделген жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.
.pdf форматындағы файлдарды қарау үшін Adobe Acrobat Reader бағдарламасын пайдаланыңыз. |