"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


24.04.2015

Мемлекеттік кепілдеме төлемі деген не?

Зейнетақы төлемдерін алушыларға алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иелену кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты мөлшерінде сақталуы бойынша мемлекет кепілдіктерін орындау бойынша ОҚО, Шымкент қаласы, Абай аудандық зейнетақы төлем жөніндегі мемлекеттік орталық бөлімінің бастығы Ләззат Серікқызы Қарасариевадан көпшілікке түсіндіріп беруін сұраған едік. 


– Мемлекеттік кепілдеме төлемі деген нені білдіреді? 
– Мемлекеттік кепілдік дегеніміз – алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі, инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем. 
– «Зейнетақы төлемдеріне алу құқығына ие болу сәті» деген ұғымын түсіндіріп өтіңіз. 
– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті мына жағдайларда басталады: 
1. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңы (ары қарай Заң) 11-бабының 1,2 және 3-тармақтарын сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен күні; 
2. Егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екінші топтардағы мүгедектердің мүгедектік белгіленген күні; 
3. Заңның 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні; 
4. Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету ниетін немесе фактісін растайтын құжатты рәсімдеу күні болып табылады. 
Құқыққа ие болу сәті зейнетақы жинақтарын алғаш рет алған күнге белгіленеді. 
Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға аударған жағдайда, зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді. 
– Мемлекеттік кепілдікті (айырма төлемін) алу үшін қай жерге жүгініп, қандай құжаттарды ұсыну қажет? 
– Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне өтініш білдіреді. 
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 
- жеке басын құжаттандыратын құжат; 
- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін ақпарат; 
- тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі; 
- алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. 
Ескере кететін жайт, айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы жүгінсе, өтінішке аталған құжаттар берілмейді. Себебі, барлық құжаттар зейнетақы құжатында тігілген, тек адамның өтініші ғана қосылады. Ал егер, сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары жүгінеді. 
– Мемлекеттік кепілдікті (айырманы) шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдардың алуға құқығы берілген бе? 
– Иә, айырма төлімін алуға олардың да құқығы бар және олардың өтінішіне мынадай құжаттар қосыла беріледі: 
Егер алушы өзі жүгінген кезде: 
- Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты туралы белгі қойылған шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары; 
- көші-қон карточкасының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы; 
- алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер; 
Ал почта байланысты құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде: 
– Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға, кетуге рұқсаты туралы белгі қойылған шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің заңдастырылған көшірмесі; 
– Алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. 
Айырма төлемі туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығы, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығын нотариат куәландырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі. 
– Мемлекеттік кепілдеме (айырма) сомасы қандай мөлшерде төленіп беріледі? 
– Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ұсыну туралы хабарлама жібереді. Содан, БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап алушының жеке зейнетақы шотының болуы және жеке зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді Орталыққа электрондық форматта ұсынады. Орталық БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған сәттен бастап, БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналардың сомасымен салыстырып, тексеруді жүргізеді. 
Егер зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте БЖЗҚ-дағы енгізілген жинақтардың сомасы, инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналырының сомасынан төмен болған жағдайда – Орталықтың бөлімшесі айырма төлемі сомасының есебін арнайы формула бойынша шығарып береді. 
Бұл ретте, жалпы ел бойынша тиісті кезеңге инфляция деңгейі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректеріне сәйкес алынады. 
– Мемлекеттік кепілдік (айырма) төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы мұрагеріне төленеді ме? 
– Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрагеріне жүзеге асырылады. Бұл ретте мұрагерлер мынадай құжаттарды ұсынады: 
– Бекітілген үлгідегі өтініш; 
– Мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы; 
– Айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болған туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі; 
– Мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі; 
– Алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер ұсынылады. 

Мирас ӘСЕМ



Тізімге оралу