Филиалды таңдаңыз:
Бұл туралы БЖЗҚ мамандары айтып берді
Жеке кәсіпкер (бұдан әрі - ЖК) – заңды тұлға құрмастан жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы немесе оралман.
МЗЖ қашан аударылады?
Егер Сіз ЖК болып табылсаңыз – міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі МЗЖ) аудару:
* жалпыға бірдей белгіленген салық режимі үшін МЗЖ аудару: ай сайын, кірістер төленетін айдан кейінгі айдың 25-нен кешіктірмей жүргізіледі;
- патент негізіндегі арнаулы салық режимі үшін МЗЖ аудару патент құнын төлеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық төлеуші патент құнын төлеуді есеп-қисапты табыс еткенге дейін жүргізеді. Есеп-қисап патент құнын есептеу үшін салық есептілігі болып табылады. Салық есептілігі (патент құнының есебі) 911.00 нысан. Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады. Яғни МЗЖ патент алғанға дейін жылына бір рет төленеді.
- оңайлатылған салық декларация негізіндегі арнаулы салық режимі үшін МЗЖ аудару: Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде жүргізіледі. Салық есептілігі (оңайлатылған декларация) 910.00 нысан. Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады, яғни МЗЖ жартыжылды бір рет есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төленеді. Сондай-ақ, МЗЖ ай сайын, яғни ертерек, бірақ кез-келген жағдайда жарты жылдан кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей төленуі мүмкін.
Қандай мөлшерде:
Өз пайдасына: ай сайынғы мәлімделген кірістің 10% мөлшерінде, бірақ ЖТМ* 10% кем емес және 75 ЖТМ*-ның 10%-нан аспайды;
Қызметкер үшін: оның ай сайынғы жалақысының (салықтық шегерімдерге дейін) 10% мөлшерінде, бірақ 75 ЖТМ*-ның 10%-нан аспайды.
* 2015 жылғы ЖТМ (жалақының ең төменгі мөлшері) = 21 364 теңге.
Қалай?
2014 жылдан бастап МЗЖ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын кез-келген банк пен ұйым арқылы сіздің қолданыстағы шотыңыздан тек қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүргізіледі
Қайда?
ЗТМО-ның деректемелеріне: