Филиалды таңдаңыз:
«БЖЗҚ» АҚ өзінің ресми сайтына 2015 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің есебінен құралған инвестициялық портфель құрылымын жариялады. Бұл қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары қандай бағалы қағаздарға және қандай көлемде инвестицияланатыны туралы толық есеп, деп хабарлайды BNews.kz.
Қордың баспасөз қызметінің мәліметінше, 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына түскен және салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) бөлінген инвестициялық табыс – 434,97 млрд теңге (1-тоқсанда – 58,25 млрд теңге).
ҚР Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін құрылымдық бөлу БЖЗҚ Инвестициялық декларациясының талаптарына сәйкес келеді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды жүзеге асырады, зейнетақы төлемдерін жасайды, зейнетақы жинақтарын және төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты жылына бір реттен сирек емес, сондай-ақ оның сұранысы бойынша сұралған кез келген күнге береді, салымшыларға жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы мен инвестициялық қоржынды басқару қызметінің мәселелері бойынша ақысыз кеңес беру қызметтерін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.