Филиалды таңдаңыз:
Келешек зейнетақының қалыптасуын бақылау құралдарының бірі – www.enpf.kz ресми сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» қызметі. Сайттағы бұл бөлім ХҚО-дан алған электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе БЖЗҚ-да тіркелген логині мен паролі бар барлық пайдаланушы үшін қолжетімді. Зейнетақы шотын тексеру қызметі сайт пайдаланушыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі мен зейнетақы шотындағы қаражат қозғалысы туралы деректер алуға мүмкіндік береді. Қор салымшылары жұмыс берушінің зейнетақы аударымдарын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қалай жіберіп, түскен жарналардан қандай инвестициялық табыс алынатынын бақылай алады.
www.enpf.kz сайты арқылы хабарлау арнасын таңдасаңыз және логин мен пароліңіз болса, БЖЗҚ мамандары Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арнап әзірлеген ENPF ұялы қосымшасын пайдалануға болады. Ұялы қосымша екі тілде жұмыс істейді және он-лайн түзімінде өз зейнетақы шоттарынан үзінді көшірмелер қарап, ең жақын филиалмен немесе байланыс орталығымен хабарласуға, сондай-ақ, БЖЗҚ туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ
http://egemen.kz/2015/12/10/10659