Филиалды таңдаңыз:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақордада өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке компаниялардың басқаруына бергенге дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшылары қаржысының сақталуын және кірістілігін қамтамасыз ету үшін, 2016 жылы барлығы 1 трлн. 450 млрд. теңге еркін
зейнетақы жинақтарын бірқатар бағыттарға инвестициялауды тапсырды.
Сонымен қатар, БЖЗҚ портфелін әртараптандыруды және азаматтардың зейнетақы жинақтары кірістілігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында сыртқы нарықтарда инвестициялау үшін 500 млрд. теңгені шетел валютасына айырбастау ескерілген.
Мұнымен қоса, 600 млрд. теңге зейнетақы активтері кірістілігін арттыру мен сақтау үшін қайтарымды негізде және нарықтық пайыздық ставкамен екінші деңгейлі банктер мен ұлттық холдингтердің шартталған облигацияларын алуға бағытталатын болады.
Бұдан кейін осы қаржы экономиканың маңызды секторларын ынталандыру үшін инвестицияланады. Негізгі бағыттардың ішінде айналым капиталында ШОБ қажеттілігін шартталған түрде қаржыландыру және займдарды қайта қаржыландыру қамтылған. Бұл өз кезегінде кәсіпкерлердің 700 жобасын қаржыландыруға, 14 мың жұмыс орнын құруға, сондай-ақ 540 млрд. теңге сомасындағы өнімді сатуға және 60 млрд. теңгеге жуық бюджетке салық түсімін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, Қазақстанның оңтүстігінде энергия тапшылығын төмендету мақсатында «KEGOC» АҚ-ның «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» жобасын жүзеге асыруды жылдамдату қарастырылып отыр.
Үшінші бағытта АӨК-тің басым жобаларын қаржыландыру қамтылған, оның ішінде ет пен сүтті өндіру және өңдеу бойынша жобаларға мән беріледі.
Ал төртінішіден, 3456 ауылдық елді мекендерде Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету назарға алынуда.
KazInform