Филиалды таңдаңыз:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сомасы 1 ақпан бойынша - 5,95 трлн теңгені құрады, деп хабарлады БЖЗҚ-нан.
«1 ақпандағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны - 9 688 311 бірлікке жеткен. Міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары бойынша салымшылар саны - 392 903 бірлікті құрады. Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны - 39 912 бірлікті құраған», - делінген хабарламада.
2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 5,95 трлн теңгені құрады. 2016 жыл басынан бергі зейнетақы жарналарының сомасы 51,3 млрд теңгені құрап отыр, соның ішінде:
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша - 47,9 млрд теңге;
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша - 3,3 млрд теңге;
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша - 14,9 млн теңге.