"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


15.11.2016

ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАНДАЙ ЖАҢАЛЫҚТАР БАР?


2016 жылдың үш тоқсанында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасы 510 миллиард теңгені құрады, ал қордан төленген зейнетақы төлемдері 130 миллиард теңгеден асты.

Қор көрсеткіштері тұрақтылық пен сенімділіктің дәлелі болуда: төлемдер төленіп жатыр, зейнеткерлер өздері жинаған ақшасын алып жатыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жинақталған зейнетақы активтері 6,5 триллион теңгеден асады, ал инвестициялық табыс көлемі 9 айдың ішінде ғана 432 миллиард теңгеден асты. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сәуле ДҮЙСЕНОВА Қордың ондаған жылдарға жетерлік орнықтылық жинақтағанын айтады.

– Сәуле Сағынтайқызы, жа­­қында Бірыңғай жинақ­таушы зейнетақы қорының операциялық залында болдым. Келушілер көп болса да, әбігерге түсіп жүрген немесе күйгелектікке салынып жүр­ген адамдарды көрмедік. Келу­шілер өз мәселелерін жедел түрде, сонымен қатар сабырмен шешіп, зейнеткерлік құжаттарын қолма-қол рәсімдеп жатқандарын байқадық. Алма­ты­дағы кеңселер ғана осылай жұмыс істей ме, әлде қызмет көр­сетудің жаңа стандарты елі­міз­дің барлық аймақтарына тарал­ған ба?

– Қызмет көрсету уақыты, құжатты рәсімдеу мен жабдықтау, мамандардың біліктілігі сияқты стандарттар біздің кеңселеріміздің барлығына бірдей таралған. Бүкіл еліміз бойынша жүйе осылай жұмыс жасайды. Сондай-ақ клиент­терден қызмет көрсету дәрежесіне міндетті түрде баға берулерін өтінеміз. Бұл мәліметтер жинақталып, қызмет көрсету және сапаны бақылау департаментінде автоматты түрде өңделеді. Әзірге клиенттердің берген бағасы стандарттар өлшеуіші болып отыр, әйтсе де алдағы уақытта біз мұны жер-жерде қызметкерлердің еңбек­ақысын төлеу барысында жаппай ескереміз деп жоспарлап отырмыз.

Қазір бізде республика бойынша 232 бөлім жұмыс істеуде. Көптеген бөлімдерде – әзірге ірі қалаларда, облыс орталықтарында және Степногор, Лисаков, Рудный, Семей сияқты қалаларда бейнебайланыс және бақылау жүйесі орын алған.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының құрыл­ғанына үш-ақ жыл болғанын, қордың қызметі мен шығын­дары қатаң тәртіпке салынып, бақылауға алынғанын ескеретін болсақ, қордың техникалық жә­не ақпараттық базасын жетіл­ді­ру үшін қаржы қайдан алынды?

– БЖЗҚ құрылғаннан кейін, шынымен, көп нәрсені жаңартып, жетілдіруге тура келді. Жеке жинақтаушы зейнетақы қорларын біріктіргеннен кейін, олардың әрқайсысы өз бағдарламалары бойынша жұмыс істейтінін және жұмыс істеу тәсілдері бір-біріне ұқсамайтынын байқадық. Біз жалпы тәжірибеден ең үздік­терін таңдадық. Осылайша, бағдар­ламалық өнім бізге Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан қалды. Қолымызға тиген мұраны жаңартып, сонымен қатар халыққа қызмет көрсетудің басқа да түр­лерін жетілдіріп жатырмыз.

Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қоры құрылғаннан кейін әкімшілік шығындар айтар­лықтай азайды. 2014 жылы Қор­дың комиссиялық сыйақысын бұрын­ғысынан екі есе қысқарту туралы шешім қабылданды: яғни, инвес­тициялық табыстың 15 пайы­зынан 7,5 пайызына және айы­на зейнетақы активтерінің 0,05 пайызынан 0,025 пайызына қысқартылды. Содан кейін комиссиялық сыйақы тағы да инвестициялық табыстың 30 пайызына және зейнетақы активтерінің 10 пайызына төмендетілді.

– Кеңселеріңізге халық көп келе ме? Көптеген адамдар Бір­ыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорына халық жеке зейнет­ақы шотын ашуға және зейнетке шығуына байланысты құжат­тарын рәсімдеуге ғана келеді деп ойлайды…

– Жыл сайын, қаңтар айында және ақпанның алғашқы күндері халық мұнда көптеп келеді. Алматы мен Астана қалаларындағы ірі кеңселерімізге келетін адамдардың саны 3000 – 4000-ға жетеді. Бұл айларда салымшылар өздерінің жеке зейнетақы шоттарының жай-күйін білу үшін үзінді-көшірме алуға келеді. Кейін күнделікті келушілер саны 1000 – 1500 адамға дейін азаяды.

Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу жыл бойы ағымдағы тәртіп бойынша жүріп жатады. Бұл рәсім барынша жеңілдетілген және аз уақыт алады. Адамның талап қойыл­ған жасы жеткен кезде, қордан зейнет­ақы төлемдерін рәсім­деу үшін салымшының жеке басының куәлігі мен банктегі есепшотының нөмірі болса жеткілікті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиісті құжаттар өткізілгеннен кейін берілуі тиіс сома зейнеткердің банктегі есепшотына 10 күнге жетпей-ақ түседі.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру көп талас тудырған мәселелердің бірі болды. Үш жыл өткеннен кейін жеке қорлармен салыстырғандағы оның тиімділігі жөнінде айтуға бола ма?

– Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорының тиімділігін дәлелдейтін көрсеткіштер бар. 2013 жылы кірістілік 2,2 % болса, 2015 жылы құнсыздану 13,6 %-ды құраған кезде, біздің кірістілігіміз 15,65 % болды.

Жүйені көлемді түрде автомат­тандыру жүзеге асырыл­ды. Тұрғындарға ақпарат берудің жаңа тәсілдері енгізілді. Адамдар енді өздерінің зейнетақы жинақ­тарының жай-күйі туралы мәлі­меттер жазылған конвертті бір жыл бойы күтпейді. Қазір әрбір адам кез келген уақытта біздің www.enpf.kz сайтымыз арқылы немесе ENPF ұялы қосымшасының көмегімен өзінің жеке зейнетақы шотын бақылай алады. Айта кететін жағдай, 2016 жылдың 1 қазанына дейін бұл тәсілді 2,3 миллион адам таңдаған болатын. Сондай-ақ 214 мыңға жуық адамның электронды мекенжайына үзінді көшірме жіберіліп отырады. Осындай адамдар саны көбеюде. Ұялы қосымшаны жүктеп алғандар саны 357 мыңнан асты. Осылайша, қазір 2,5 миллионнан астам адам, яғни әрбір төртінші салымшы электрондық тәсілмен ақпарат алып отырады, осының барлығы жүйені басқару шығыстарын азайтуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа да артық­шылық­тары бар. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру салым­шылардың бірыңғай базасын жасауға мүмкіндік берді. Осының негізінде жоғары дәрежедегі параметрлік мәліметтерге мониторинг және сараптау жүргізіп, еліміздегі жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың жаңа бағыт­тарын айқындауға болады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін шартты-жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тұжырымдамасын дайындауда біздің Актуарлық ор­талықтың есептері негізге алынды.

– Күмәншілдер мен ұрыс­қақтар болған, бар және болады да. Соған қарамастан, жалпы алғанда, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қатысты адамдардың көңіл-күйлерінде өзгерістер байқала ма?

– Бұл жүйеге сенімсіздікпен қарайтын адамдар саны азайған. Біз адамдарды бұл жүйемен «дос­тастыру» мақсатында жүйені қолжетімді, түсінікті, сенім тудыратындай ету үшін көп жұмыс жасап жатырмыз. Сенімсіздік, ең алдымен, түсінбегендіктен туындайды. Біз зейнетақы жүйесінің барлық қырларын түсіндіруге барынша тырысып жатырмыз. Мәселен, біз республикалық телеарналармен бірлесіп жұмыс жасаудамыз: 24.kz телеарнасында «Зейнет.кз», ал «Қазақстан» телеарнасында «Бейнет түбі — зейнет» деп аталатын ақпараттық-түсіндіру, танымдық бағдарламалары апта сайын көрсетіледі. Біз білім беру бағдарламаларымен оқу орындарына барып тұрамыз. Қордың ресми веб-сайты адамдардың тез түсініп алуына бейімдетіліп жасалынған, онда арнайы үйретуге арналған бөлімдер бар. Сондай-ақ онда, біздің ойымызша, жақсы деп бағалауға болатын «Зейнетақы калькуляторы» деген құрал бар, оның көмегімен кез келген адам болашақта өзі алатын зейнетақы мөлшерін шамалап есептеп біле алады. Біз жаңа пішімдер мен құралдарды қолдануға күш салып жатырмыз. Жақында зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелері туралы қысқа метражды ақпараттық фильм көрсететін боламыз.

Әйтсе де барлық мәселелер шешіле қойған жоқ: Қазақстанда жұмыс істейтін халық саны – 9 мил­лионға жуық адам, бірақ зейнетақы жарнасын жүйелі түрде төлеп отыратындар саны – 6,4 миллионнан сәл ғана асады. Сондықтан еңбекке жарамды, жұмыс істейтін, бірақ ресми түрде тіркелмеген және зейнетақы қорына ақша аудармайтын азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту – қордың және жалпы мемлекеттің аса маңызды мін­деттерінің бірі. Біз зейнетақы жүйесіне белсенді түрде араласу арқылы әрбір адам мемлекетпен және алдағы уақытта жұмыс берушісімен бірге өзінің зейнетақы активін жасап, өзіне тиімді әрі мүдделі әрекет ететінін әрбір адамға жеткізгіміз келеді.

– Көптеген адамдар қар­жылық тұрақсыздықтан қауіп­тенеді. Қорға қанша ақша түсіп тұрса, төлем де сондай мөлшерде болып қалуы мүмкін ғой?! Мұн­дай күдіктердің болуын түсі­нуге болады: 90-шы жылдары қан­шама төлемдер өтелмей қал­ды, депозиттер құнсызданып кетті, зейнетақылар да төленбей қал­ған болатын…

– Ортақ және жинақтаушы зейнетақы жүйелерінің арасында бірқатар түбегейлі айыр­машылықтар бар. Ортақ зейнет­ақы жүйесінде жұмыс істейтін азаматтар зейнетке шыққан зей­неткерлерді зейнетақы төле­мімен қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда мұның 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар адамдарға қатысы бар. Оларға зейнетақы бюджеттен төленеді. Біртіндеп бұл құрамдауыш жүйеден шығады. Сол кезде тәуекел де жойылады.

Ал жинақтаушы жүйеде Бір­ың­ғай жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір салымшысы өзінің жеке зейнетақы шотына ақша аударып отырады, ол дербес түрде есептелінеді және салымшы зейнет жасына жеткен кезде, зейнетақы төлемдері оның өзінің зейнетақы жинағы есебінен төленетін болады. Салымшы қанша сома жинаса, сонша ақша алады. Сон­дықтан да демографиялық жағ­дай салымшының зейнетақы төлемдеріне әсер етпейтін болады.

_mg_0292-1– Зейнетақы жүйесі дамып келеді, алдағы уақытта бізді не күтіп тұр?

– Бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселе – ауыстыру коэфициентінің жеткілікті болуын сақтап қалу, яғни адамдар зейнетке шыққан кезде, Халықаралық еңбек ұйымы стандарттарына сәйкес жоғалтқан табысының 40%-нан кем емес мөлшеріне ие болуы тиіс.

Ортақ зейнетақы жүйесі бір­тін­деп азайып, жойылғаннан кейін оның орнын шартты-жинақтаушы құрамдауыш басуы тиіс. 2015 жылы 2 тамызда Елбасы «Қазақстан Республикасының кей­бір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Сонымен 2018 жылдан бастап шартты-жинақтаушы құрамдауыш немесе жұмыс беру­шінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізілетін болады. Жұмыс бе­руші бұл жарнаны еңбек жағ­дайларына қарамастан барлық жұмыскерлерінің шартты зейнет­ақы шотына төлейтін болады. Бұл шот Бірыңғай жинақтаушы зейнет­ақы қорында ашылатын болады.

Жұмыс беруші бұл шотқа жұмыс берушінің міндетті зейнет­ақы жарнасын (ЖМЗЖ) қызметкердің айлық табысының 5%-ы көлемінде өз есебінен төлеп отырады. Жұмыс берушінің міндетті зей­нетақы жарнасының (ЖМЗЖ) артықшылығы сол, егер жұмыс беруші кем дегенде, үзіліссіз 60 ай осындай төлем жасаса, зейнеткер шартты зей­нетақы шотындағы ақша таусылып қалса да, осы жинақтан өмір бойы зейнетақы төлемдерін алып тұратын болады.

Сондай-ақ еліміздегі жинақ­таушы зейнетақы жүйелерінің ерекшеліктері туралы айтып өтейін: бір де бір жинақтаушы зейнет­ақы жүйесінде, тіпті жоғары дамыған елдерде де зейнетақы жи­нақтарының сақталуына ке­піл­дік беретін мемлекеттің тікелей жау­апкершілігі жоқ. Ал Қазақ­станда құнсыздану дең­гейін ескере отырып, зейнет­ақы жинақтарын сақталу жауа­пкер­шілігін мемлекет өз мой­нына алып отыр.

Сондықтан, мәселен, 2008 жылы жинаған ақшасы құнсызданып қалған біздің зейнеткерлер, яғни нарықтағы қаржылық тұрақсыздық себебінен және жеке жинақтаушы зейнетақы қорларының саясаты себебінен зардап шеккен салымшылар зейнет жасына жеткен кезде бюджеттен төлемақы алады. Мұндай жағдайға қарай есеп­теу алгоритмі дайындалған. Егер салымшылар зейнетақы жинақ­тарын жекеменшік қорларға салып, шығынға ұшыраған болса, сол шығынның орны толтырылады.

Өкінішке қарай, адамдар жақсы зейнетақы алу үшін қажетті соманы жинақтай алмай жатады. Сондықтан қазақстандықтарға айтарымыз, ерікті зейнетақы жарналарын салыңыздар, жұмыс берушінің дер кезінде және толы­ғымен міндетті зейнетақы жар­наларын аударып тұруын қада­ғалаңыздар.

Актуарлық есептерге сәйкес, 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаған адамдарға ортақ зей­нетақы төленбейді, құрметті демалысқа шыққан кезде олар үшін базалық зейнетақы төленеді және олар өздері жинақтаған сомаға ие болады. Бұл жеткіліксіз болып табылады, сондықтан заңнамаға өзгертулер енгізіліп, жаңа құрам­дау­ыш енгізілді. Нәтижесінде зейнетақымен қам­сыздандыру барысына мемлекет, салымшы және жұмыс беруші қатысады. Жаңа шартты-жинақтаушы құ­рам­дауышты ескере отырып, Қазақ­станда Ха­лықаралық еңбек ұйы­мының жұмыс істеуші азамат­тың айлық табысының 40%-ын қам­тамасыз ету талабы орындалады.

– Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің міндетті кәсіптік зей­нет­ақы жарнасы сияқты жаңа құрамдауыштары қаншалықты сәтті дамып келеді?

– Міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы – жұмыс беруші 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап еңбек жағдайы зиянды және қау­­іпті жұмыспен айналысатыны жұмыскерлер үшін төлеп келе жатқан жаңа жарна түрі. Мұндай кәсіптер тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лысымен белгіленген. 2016 жыл­дың үш тоқсанындағы статистиканы мысалға келтірейін. 1 қазанда міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы бойынша салымшылар саны 411 220 адам болып отыр. Яғни, зиянды және қауіпті кәсіп өкілдері толығымен осы жарна түрімен қамтылған.

– Бұрынғы жеке қорлар сияқты, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры да ерікті зей­нетақы жарнасын дамыта алмай отыр. Мұндай жарна түрін 39 мыңға жуық адам төлейді. Мұн­дай салым түрін дамыту үшін ынталандырулар бар ма?

– Өкінішке қарай, ерікті зейнетақы жарнасы кең таралып отырған жоқ. Мұндағы басты ынталандыру – салымшының өзі үшін тиімді екенін түсінуі. Бұл – өзінің зейнетақы капиталын айтарлықтай толықтыруға мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайтындағы «Зейнетақы калькуляторы» болашақ зейнет­ақының мөлшерін есептеуге мүм­кіндік береді және аз салынған жар­налардың өзі жинақтарды айтар­лықтай ұлғайтуға болатынын көрсетіп отыр. Оларды мемлекет те ынталандыруда: өз пайдасына салынатын ерікті зейнетақы жарнасына салық салынбайды. Мұндай жарнаны басқа адам үшін де төлеуге болады. Осындай жолмен жинақталған жинақтарды жалпыға ортақ белгіленген зейнет жасына жетпей-ақ, яғни, 50 жастан бастап ала беруге болады.

Бұл мәселе бүгінде көкейкесті болып отыр. Өйткені кейбір салымшыларда ауыр сырқаттарына байланысты, білім алу немесе үй сатып алу жағдайларына байланысты, зейнетақы жинағының бір бөлігін ертерек алу қажеттілігі туындауда. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зейнетақы жинақ­тарын мерзімінен бұрын алу салымшы зейнет жасына жеткен кезде оның жинаған ақшасы нақты өмір сүру деңгейін қамтамасыз еткен жағдайда ғана мүмкін болады. Зейнетақы қорына өз ер­кімен жарна салу осы деңгейді қам­тамасыз етудің бір көзі болар еді.

Қазір бұл мәселе зерттеліп, есептелу үстінде. Кейін тиісті ұсыныстар енгізілетін болады.

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзінің даму тұжырымдамасы бар. Қандай жаңа ұсыныстар айтасыздар?

– Біз клиенттермен жаңа қарым-қатынас орнататын боламыз. Егер бүгінгі күні көп жағдайда салымшы бізге келетін болса, бұдан былай біз оған қарай жүретін боламыз. Біз «Өңірлік желіні дамытудың жол картасын» және «Ақпараттық технологияларды дамытудың жол картасын» дайындадық. Бүкіл бағдарлама 2-3 жылға арналып жасалынған және өңірлік желідегі жылдамдығы жоғары байланыс арналары бар заманауи көшпелі кеңселерді дамытуға бағытталған.

Сондай-ақ vpn-автоматтар ұйымдастырғымыз келеді, олар оператормен қашықтықтан қаты­нас жасауды қамтамасыз ететін болады: адам Қазақстанның кез келген аймағында жүріп, Бірың­ғай жинақтаушы зейнетақы қорына хабарласып, оператормен қашықтықтан қатынас жасау арқылы құжаттарын тапсырып, онымен скайп арқылы сөйлесіп, өтініш жаза алады әрі оған сол жерде қызмет көрсетілетін болады.

Бұдан өзге, 7-8 миллион адамда банктердің төлем карталары бар. Біз банк жүйесі бойынша адамды сәйкестендіру жүйесімен байланыс орнатып, сол арқылы салымшыға екінші деңгейдегі банктердің банкоматтары арқылы қызмет көрсеткіміз келеді.

Мұндай тәсіл күніне 2-3-ақ адам келетін шалғай жерден қызмет көрсету орталықтарын аш­пай-ақ қызмет көрсетуге мүм­кіндік береді. Біз мобильді автомобильдер сатып алуды жоспарлап отырмыз, олар байланыспен, техникамен жабдықталатын болады және кесте бойынша еліміздің шет аймақтарына барып тұрады. Әрине, мұндай автомобильдердің келетіні жөнінде жергілікті ха­лыққа алдын ала ескертіледі. Зейнет­ақы жүйесін одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды қарастырған кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, ең алдымен, салымшылардың мүдделері мен талап-тілектерін басшылыққа алатын болады. Біз байланыс орталығы, операция залы, сайт немесе бұқаралық ақпарат құралдары арқылы келіп түскен бір де бір мәліметті назардан тыс қалдырмаймыз. Бар­лық ұсыныстарға, ақыл-кеңес, тілек­терге, сұрақтарға талдау жасаймыз, олардың әрқайсысының шешімін табуға тырысамыз. Осылайша, салымшыларға халық­аралық стандарт­тарға сәйкес қызмет көр­се­туге тырысамыз.

Әңгімелескен

Алевтина ДОНСКИХ

"Егемен Қазақстан"


Тізімге оралу