Филиалды таңдаңыз:
Бұл туралы бүгін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрайымының орынбасары Сәуле Егеубаева айтты.
Статистика бойынша, соңғы 4 айда зейнетақы қорына 92 млрд теңге табыс түскен. Жалпы халықтың зейнетақы жинағы қазір 6,93 трлн теңгені құрайды. «Жұрттың алаңдауына себеп жоқ», – дейді қор басшылығы. Өйткені зейнетақы қорындағы қаржының 65%-ы ең сенімді қаржы институттарының бақылауында. Ал Ұлттық банктің шешімімен банктерге несие ретінде берілген 25% қаржының үлесі алдағы жылдары азаймақ.
Сәуле Егеубаева, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры басқарма төрайымының орынбасары:
- Үкімет халықтың зейнетақы қорындағы қаражатына кепілдік береді. Тіпті табыс мөлшері инфляция деңгейінен төмен болған жағдайда, Үкімет тарапынан өтемақы төленеді. Халықтың қордағы қаржысы толықтай сақтандырылған.