Филиалды таңдаңыз:
Жұма күні, 2017 жылғы 30 маусымында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) барлық филиалдарында «Әрбір салымшы үшін қолжетімді БЖЗҚ» тақырыбында Ашық есік күні болып өтті.
Бүгінгі таңда 754,5 мыңдай адам «электрондық мекенжай» бойынша ақпарат алу тәсілін таңдаған болса, 3,3 миллионнан астам адам бұл үшін Қордың ресми сайтын немесе смартфондар мен планшеттерге арналған «ENPF» ұялы қосымшасын пайдалану мүмкіндігіне ие. Қарағанды облысында 265 708 салымшы онлайн режімінде ақпарат алу жолын таңдады. Өйткені бұл зейнетақы жинақтарын күн сайын: жарналардың түсуі мен инвестициялық табыстың есептелуін бақылауға мүмкіндік береді.
Аталған шараға жергілікті өңірдің 204 тұрғыны қатысты. Ашық есік күніне осымен екінші рет келген салымшылардың бірі шараның өте қызықты өткендігін жеткізді:
«Мен көптеген жаңа мәліметтер алдым, - деді қонақ, - БЖЗҚ-ның әр кез тың тақырыптарды қозғайтындығы және салымшылардың барлық сұрақтары мен тілектерін ескеретіндігі қуантады». Шара барысында салымшылар БЖЗҚ мамандарының көмегімен бірнеше минут ішінде www.enpf.kz сайтына тіркеліп, ұялы қосымшаны жүктеп алуға қол жеткізді.
Келушілердің көпшілігін БЖЗҚ-ның электронды консультанты қызықтырды. Қазіргі таңда Қор кеңселерінде мульти-тач экраны бар ақпараттық киоскілер орнатылған. Келушілер сол арқылы анықтамалық ақпараттар алып, зейнетақы калькуляторы бойынша өздерінің болашақ зейнетақыларынң мөлшерін болжалды түрде есептей алады. Сонымен қатар, ақпараттық киоск арқылы жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді-көшірмені электронды мекенжайға жіберуге болады. Қазір республика бойынша 10 ақпараттық киоск жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетелік, БЖЗҚ зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады:
- дербес қызмет көрсету орталықтарының біріне барып, БЖЗҚ маманынан;
– зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайына;
- зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген электрондық мекенжайына;
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе пайдаланушының логині мен құпия сөзін (пароль) (логин ретінде салымшының (алушының) жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіледі) қолдана отырып www.enpf.kz сайтының «ИНТЕРНЕТ ҮЗІНДІ-КӨШІРМЕ АЛУ» бөлімі арқылы ала алады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсілін таңдап, www.enpf.kz сайтында тіркелген соң ENPF ұялы қосымшасын да пайдалануға болады. Бұл үйден немесе кеңседен шықпай-ақ (24/7) жеке зейнетақы шотын тексеріп отыруға мүмкіндік береді;
- электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Бұл қызмет www.egov.kz порталында «Азаматтарға» категориясы – «Әлеуметтік қамтамасыз ету» айдары – «Зейнетақымен қамтамасыз ету» бөлімінде қолжетімді. Оны пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба алып, электрондық үкімет порталына тіркелу қажет.
Ақпараткөзі: bukhar-zhirau.kz