"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


21.09.2018

Болашағыңды бүгіннен ойла

Қарттығыңды бүгіннен бастап ойла. Зейнеттің бейнетін көремін десеңіз,  болашағыңызға немқұрайлы болмауыңыз керек. Бұлай айтуымның себебі «БЗЖҚ» АҚ Алматы қалалық филиалында « ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» атты ашық есік күні болып, жас буынға болашақ зейнетақысының маңыздылығы түсіндірілді.  Шараға 500-ден астам адам қатысып, жиналғандарға зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері мен даму бағыттары айтылды. Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі туралы БЗЖҚ АҚ Алматы қалалық филиалының директоры Нұрлан Әмренов әңгімелеп берді.

Оның айтуынша, 1990 жылдары еліміз тәуелсіздікке қол жеткізген сәтте гиперинфляция мен жұмыссыздықтың күрт өсуінен кеңестік дәуірден мұраға қалған зейнетақы жүйесі жарамсыз болып қалды. Осылайша, зейнетақы жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ахуалға сай реформалау қажеттігі туындады. Реформаның басты мақсаты- азаматтардың қарттық шағына деген жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік әділдік қағидатына сай жүүйе қалыптастыру, яғни әр азаматты зейнетақы жүйесіне қосқан үлесіне сай зейнетақымен қамтамасыз ету болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 1997 жылы маусым айында ҚР «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң қабылданып, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Сол жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) құрылып, еліміздің зейнетақы жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл ойнаған алғашқы жеке қорлар да ашыла бастады. Азаматтардың жинақтарын тиімді, қауіпсіз басқару мақсатында 2013 жылы МЖЗҚ-ның негізінде Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры құрылды (БЖЗҚ). Қазақстанның зейнетақы жүйесі ортақ, базалық және жинақтаушы бөліктерден тұрады. Бірлескен зейнетақы бұрынғыша екі көзден қаржыландырылып, мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді, ал БЖЗҚ-дан салымшылардың өз жинақтарынан төлем жасалады.

Жүйені одан әрі жетілдіру «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін одан әрі модернизациялау тұжырымдамасына» сай жүргізілуде. Осыған сай, 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап жасы келуіне байланысты зейнеткерлерге тағайындалатын базалық зейнетақы көлемі барлығына бірдей емес: ол еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы қорына қатысу мерзіміне байланысты. Азаматтарды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға ынталандыру үшін енгізілген бұл өзгеріс базалық зейнетақыны екі есе өсіруге мүмкіндік береді.

Бүгінде БЖЗҚ Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің барлық қаржылық және ақпараттық ағымдарының бірыңғай әкімгері және операторы. Қорда барлық келісім түрлері бойынша 10, 25 млн. жеке зейнетақы шоттары шоғырланған (2018 жылдың 1 қыркүйегіне). Олардың 9,75 млн-ы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), 464,8 мыңы – міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (МКЗЖ), 39,8 мыңы – ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша шоттар. Зейнетақы шоттарындағы зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 8,8 трлн.

Естеріңізге сала кетейік, зейнетақы жинақтарының сомасы мен есептелген инвестициялық табыстың сұралған кезең аралығындағы көрсеткіші ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеде көрсетіледі.

Шараға қатысушылар сонымен қатар өздерін толғандыратын жеке сауалдарына да жауап алды. БЖЗҚ Ашық есік күндері 2017 жылдың басынан бері өткізіліп келеді. Осы уақыттан бері шараға 24 мыңға тарта қазақстандық қатысты.


Источник: jasqazaq.kz

Тізімге оралу