Филиалды таңдаңыз:
Қаржы жинауды бүгіннен баста. Осы тақырыпта Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры ашық есік күнін өткізді. Шараға мектеп оқушылары мен студент жастар шақырылды. Мақсат, жастарға зейнетақы жинақтаудың маңызын түсіндіріп,қаржылық сауаттылығын арттыру.
Адам баласы мектеп жасына дейін және зейнеткерлікке шыққанда еркін өмір сүреді. Одан басқа кезеңдер қарбалас тірлікке толы. Мектепке барады, жоғарғы оқу орнына түседі, жұмысқа орналасады. Сондықтан зейнет жасында емін-еркін өмір сүру ушін, қаржы жинақтауды бүгіннен бастау керек дейді мамандар.
Әбдімұрат Исабаев – «БЖЗҚ» АҚ Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары
Ашық есік күнінде оқушылармен студенттерге жеткізудегі негізгі мақсатымыз, қазіргі таңнан бастап болашақта зейнеткерлік жасқа жеткенге дейін қазірден бастап қаржыларын жинақтауды бастасын деген мақсат.
Бұл күні жастар зейнетақы жүйесінің жұмысымен танысты. Қор қызметтері жайында қызметкерлерден тегін кеңес алды. Аталған қызметтерді үйден шықпай-ақ, кезек күтпестен интернет арқылы оңай алу тәсілін үйренді.
Айнұр Кеңес - №72 жалпы орта мектебінің оқушысы
Бүгін бір БЖЗҚ ашық есік күніне келіп отырмыз. Ашық есік күнінде бізге қаншалықты көп ақша жинасақ, соншалықты тиімді болатынын түсіндірді. Және бұл қызметтерді онлайн режимде алуға болатынын айтып отыр.
Қазір зейнет жасындағылар зейнетақасының негізгі бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен алады. Болашақта зейнетақы көлемі, азаматтың жинаған қорына байланысты болмақ. Сондықтан берекелі қарттықты жайбарақат өткізу үшін, қаржы жинауды бүгіннен бастаңыз.