Филиалды таңдаңыз:
2020 жылдың бес айының қорытындысы бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шоттардың саны 1 миллион бірлікке жуық ұлғайды. Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарында ЖЗШ саны 10 672 567 бірлікті құраса, 1 маусымда бұл көрсеткіш 11,6 миллионға (11 682 546) жетті.
Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны он бір миллионнан асты, дәлірек айтқанда 11 111 389. Одан кейінгі орынды иеленген міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан шоттардың саны 515 837-ге жетті. Ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) да саны арта түсті, БЖЗҚ-дағы мұндай шоттардың саны – 55 320.
Жалпы шоттарда 11,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары шоғырланған. Жыл басынан бері сома 866 миллиард теңгеге немесе 8% ұлғайды.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы МЗЖ есебінен қалыптасты және 11,4 трлн теңгені құрады. МКЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 275,6 млрд теңге болды (жыл басынан бергі өсім 12%), ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,1 млрд теңгеден асты (өсім 7%).
Салымшылардың шоттарына 2020 жылдың басынан бастап 428,2 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2019 жылдың алғашқы 5 айындағы көрсеткіштерден 12% артық. Жарналардың жалпы көлемінің 95% астамы БЖЗҚ - ға МЗЖ түрінде аударылған түсімдердің үлесінде, оның сомасы – 408 млрд теңге, ал МКЗЖ – 20 млрд теңгеден астам, ЕЗЖ – 134 млн теңгені құрайды.
Төлемдер 62,4 млрд теңге болды, оның басым бөлігі жасы бойынша төлемдерге (24,7 млрд теңге), ҚР-дан тыс жерлерге ТТЖ-ға кету бойынша (14,2 млрд теңге), сақтандыру ұйымдарына аударымдар (13,3 млрд теңге), мұрагерлерге (8,6 млрд теңге), жерлеуге (0,9 млрд теңге) тиесілі.
2020 жылдың басынан бастап 1 маусымына дейінгі жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарына 499 млрд теңгеден астам таза инвестициялық табыс есептелді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 272,4 млрд теңгеге артық. Соңғы 12 айда зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 6,7% болғанда 8,9% құрады, яғни зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік оң көрсеткішке ие.
Толығырақ: www.dknews.kz