Филиалды таңдаңыз:
2021 жылдың сәуіріндегі жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) 11,5 млн зейнетақы шоты ашылған. Бір жыл ішінде олардың саны 9%-ға артты. Депозиттердің барлық түрлерінде, соның ішінде ерікті зейнетақы жарналарында өсім байқалады, деп деп хабарлайды inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Мәселен, биылғы жылдың наурыз айының соңына қарай зейнетақы жинақтарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шоттарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,6 мың немесе 8,7%-ға өсті (былтыр наурызда 41 мың шот болатын). Соңғы үш жылда көрсеткіш орта есеппен жылына 9,7% өсіп отырды.
Ерікті зейнетақы жарналары – бұл БЖЗҚ салымшыларының жеке бастамалары бойынша салған қаражаттары. Сонымен қатар жарналардың мөлшері мен кезеңін салымшылар дербес анықтайды. Бұған қоса елімізде ерікті жарналарды есепке алу үшін жеке зейнетақы шотын ашу қызметі едәуір жеңілдетілді: қазір ЖЗШ ашу үшін қазақстандықтарға БЖЗҚ-ға барудың қажеті жоқ.
Толығырақ: www.inbusiness.kz