"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


25.06.2021

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының сомасы белгілі болды

1 маусымдағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,7 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.06.2020 жылдан бастап 01.06.2021 жылға дейін зейнетақы жинақтарының сомасы 1 триллионнан аса теңгеге немесе 9% өсті. 

Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,4 трлн теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім – 9%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 326,1 млрд теңге (өсім 18%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсім 4%) жетті. 

2021 жылдың бес айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 665,6 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 236,7 млрд теңгеге немесе 55%-ке асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,5%-ін БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы – 491,5 млрд теңге (соңғы 12 ай ішіндегі өсім 20%), МКЗЖ бойынша 22,9 млрд теңге (өсім 14%) түсті, ЕЗЖ бойынша 241 млн теңге (өсім 80%) аударылды. 

Зейнетақы жинақтарының айтарлықтай өсуі салымшылардың салымынан бөлек, 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында 654,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында болды. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 31% немесе 155 млрд теңгеге артық. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша кірістілік жыл басынан бастап 1 маусымға 5,3% болса, инфляция 3,5% құрады. Соңғы 12 айдағы кірістілік 11,7%, осы кезеңдегі инфляция 7,2% болды. 

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады. Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды, олардың саны – 10 900 756. Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар – 523 624, БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 143 бірлікке тең. 

Жыл басынан бері БЖЗҚ салымшыларына 1,5 трлн теңгеден астам төлем жасалды. Төлемдердің 1,4 трлн теңге көлеміндегі басым бөлігін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрады. Жас мөлшері бойынша төлемдер екінші орында – 37,4 млрд теңге. Одан әрі сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 33,8 млрд теңгені, мұрагерлік бойынша төлемдер 26,3 млрд теңгені, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер 13,4 млрд теңгені, жерлеуге берілген төлемдер 2,1 млрд теңгені және мүгедектік бойынша төлемдер 0,9 млрд теңге болды. Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнет жасына толуына байланысты) 28 780 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады. Бұл ретте биыл салымшыға кесте бойынша берілген МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ-ның жиынтық төлемі 558 954,53 теңге болды.

Толығырақ: www.24.kz


Тізімге оралу