Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ-да қазақстандықтарға қорға сұрау салмас бұрын алдын ала тұрғын үй іздеуге кеңес берілді, деп хабарлайды LS.
Мәжіліс аясында БЖЗҚ басшысы Жанат Құрманов зейнетақы ақшасын пайдалану мерзімінің 45-тен 20 жұмыс күніне дейін қысқаруына қатысты түсініктеме берді.
"Баспана табу процесі өте қиын. Сондықтан біз өз тарапымыздан, бұл біздің құзыретіміз болмаса да, адамдардың назарын БЖЗҚ-ға жүгініп, өз зейнетақы жинақтарын алып, оларды арнайы шотқа аудармас бұрын, қандай тұрғын үйді сатып алатындығыңызға аударамыз", - деді ол.
Қор басшысы сондай-ақ, алдын ала және тиісті құжаттарды дайындауды ұсынды.
"Бұл ақша инвестициялық айналымнан алынады, олар табыс әкелмейді – іс жүзінде қазақстандық өз жинақтарын қозғалыссыз етеді. Сондықтан, олар жай ғана арнайы шотта жатқан бұл кезеңді қысқарту дұрыс болар еді. Егер адам дайындық жұмыстарын жүргізсе, онда Үкіметтің бағалауы бойынша 20 күн жеткілікті", - деді ол.
Ол сондай-ақ, жеткіліктілік шегі қалай есептелгені туралы сұрақтарға жауап берді.
"Елдің бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері есепке алынады – бұл инвестициялық табыстылық, болашақ зейнетақы төлемдерін индекстеу сияқты. Әдістемеге сәйкес, болашақта алатын зейнетақы 64%-ға артады. Осыған сәйкес жеткіліктіліктің ең төменгі шегі кем дегенде 64%-ға өсті", - деп түсіндірді БЖЗҚ басшысы.
Бұл ретте Құрманов атап өткендей, жас адамдар үшін көрсеткіш ұлғайды, өйткені есептеу кезеңінде олардың өмір сүру кезеңi сәйкесiнше ұзын. Сондықтан олар үшін қарастырылған төлемдер инфляция мен инвестициялық кірісті ескере отырып, қосымша индекстеледі.
"Адам шекті деңгейге жету үшін қандай жалақы алуы керек? Әрине, ол жеткілікті жоғары болуы керек. Бірақ мен ең бастысы – бұл қазіргі жалақы емес, зейнетақы екеніне назар аударамын. Әдістеме болашақ зейнетақының өсуін дәл ескереді", - деп атап өтті қор басшысы.
Сонымен қатар, ол елімізде жинақтары жеткіліктілік шегінен асатын 20 жастағы қазақстандықтар бар екенін де тiлге тиек етті.
Жалпы, оның ақпараты бойынша, 582 мың адам 2022 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енетін жаңа шектер бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалана алады.
Бұған дейін мәжілісмендер зейнетақыны алу шегін есептеу әдістемесін әзірлегендерді жазалауды сұраған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың желтоқсан айының басында БЖЗҚ 2022 жылдан бастап жеткіліктілік шегінің жаңа шамалары пайдаланылатынын хабарлады. Өзгерістер әлеуметтік көрсеткіштер мөлшерінің 2022 жылға өсуіне байланысты болды. Атап айтқанда, әңгіме ең төменгі жалақының 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін арттыру туралы болып отыр.
Кейінірек президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке бұрынғы жеткіліктілік шектерінің қолданылу мерзімін 2022 жылдың 1 сәуірiне дейін ұзартуды тапсырды.
Толығырақ: lsm.kz