Филиалды таңдаңыз:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Зейнеткерлікке жасы жеткеннен кейін (әйелдер - 58 жас, ерлер - 63 жас) салымшы зейнетақы төлемдерін тағайындау жөнінде өтініш рәсімдеу үшін жақын маңдағы БЖЗҚ кеңсесіне жолығуы тиіс, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Міндетті пенсия жарналары есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеп шығару әдістемесімен жүзеге асырылады.
Өтінішті рәсісмдеу үшін алушының өзінде жеке басын куәландыратын құжаттың тұпнұсқасы, зейнетақы жинақтарын аударатын банк реквизиттері болуы тиіс. Зейнетақы төлемдері алушы зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішінде көрсеткен банк есепшотына аударылады.
Төлемдердің кезеңдігін (ай сайын, тоқсан сайын және жыл сайын) алушы БЖЗҚ-пен бөлек шарт жасасқан кезде өзі дербес анықтайды
БЖЗҚ бірқатар екінші деңгейлі банктермен және кейбір банк операцияларын жүргізетін ұйымдармен шарттар жасасты. Шарт жасалған мына банктермен банк операцияларының кейбір түрлері жүзеге асырылады: «БТАБанк» АҚ Алматы филиалы; «Темірбанк» АҚ; «Альянс банк» АҚ; «Delta Bank» АҚ; «Цеснабанк» АҚ; «Қазақстан Халық банкі» АҚ; «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Қазпошта» АҚ.
Жоғарыда аталған екінші деңгейлі банктердің бірінен немесе «Қазпошта» АҚ-дан есепшот ашқанда алушы ағымдағы банк есепшоты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін аудару үшін қажет екенін көрсетуі тиіс.
Сондай-ақ анықтамалық ақпаратты қордың Call-орталығындағы 8 800 080 11 77 нөмірінен немесе 1414 телефоны арқылы бірыңғай байланыс орталығынан алуға болады, Қазақстаннан телефон соғу тегін.
2014 жылдың 12 айында БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 93,04 млрд. теңгені құрады.