Филиалды таңдаңыз:
Жақында БЖЗҚ баспасөз қызметі салымшылардың өз зейнетақы есепшоттарының көшірмелерін алу тәсілдері туралы баспасөз хабарламасын таратты. Олардың бірін пайдалануды ұйғардым, алайда көшірмені алғаннан кейін менде бірнеше сұрақ туындап, оны «БЖЗҚ» АҚ басшылығына жолдадым.
ЗАҢҒА СӘЙКЕС - БІР СОМАМЕН
Баспасөз хабарламасына сүйенсек, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларға олардың зейнетақылық жинақтары туралы ақпаратты жылына бір мәртеден кем емес мерзімде ұсынуға міндетті. Бізге қолайлы болу үшін бізге келесі тәсілдердің бірін таңдауды ұсынады:
– салымшының электронды мекенжайына хабарлама жолдау;
– салымшының «БЖЗҚ» АҚ-на өзі баруы;
– берілген логин мен құпия сөзді немесе ХҚКО-да алынған электронды сандық қолтаңбаны пайдаланып, ғаламтор қызметі (www.enpf.kz) арқылы;
– Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы;
– пошта арқылы (көрсетілген пошталық мекен-жайға).
Ақпаратта сұралған мерзім басы мен соңындағы есептелген инвестициялық кіріс пен жинақ сомасы; сұралған мерзім соңындағы зейнетақы активтері мен инвестициялық кірістен түсетін комиссиялық сыйақы көлемі туралы; сұралған кезең ішіндегі уақыты көрсетілген зейнетақы жарналарының, өсімнің, аударымдардың, зейнетақы жинақтары төлемінің сомасы және ұсталған жеке табыс салығы туралы мәлімет болады.
Мен «БЖЗҚ» АҚ Атырау филиалына менің зейнетақы есепшотым бойынша көшірме ұсыну өтінішімен жүгіндім.
Сұралатын мерзімді 2013 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың шілдесі аралығы деп көрсеттім. 2013 жылдың қыркүйегінде менің зейнетақы жинағым БЖЗҚ-ға аударылған екен. Сауал кезінде бәрі түгелдей сақталған күйінде аударылды ма, көз жеткізгім келді.
Бірінші көзге түскені – БЖЗҚ-ға аударылғанда жинақталған жалпы сома инвестициялық кіріске және ай сайынғы зейнетақы жарналарына бөлінбеген күйде көрсетілген. Екіншіден – маған ай бойынша ұсынылған көшірмеде тек ай сайынғы зейнетақы жарналары ғана көрсетілген, ал инвестициялық кіріс соңында жалпы жолда берілген. Яғни, осы құжат бойынша мен инвестициялық кірісті ай бойынша еш қадағалай алмаймын. Демек, қордың инвестициялық саясаты минусқа ма, әлде плюске жұмыс жасады ма, түсіне алмайсың. Мұндай сұрақтар тек менде ғана емес шығар деп жорамалдап, «БЖЗҚ» АҚ-на бірнеше сұрақ жолдадым. Оған «БЖЗҚ» АҚ басқармасының төрағасы Руслан ЕРДЕНАЕВ жауап берді.
Неліктен 2013 жылдың көшірмесінде қаржының БЖЗҚ-ға аударылған уақытына дейін есепшотта жинақтың жалпы сомасы – зейнетақы жарналары мен инвестициялық кірістерге бөлінбей көрсетілген?
«“БЖЗҚ" АҚ-на зейнетақы активтерін қабылдау-өткізу ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шілдедегі №187 қаулысымен бекітілген зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылған. «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға сәйкес, зейнетақы жинақтары ұғымы - зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсiмпұлды және өзге де түсiмдердi қамтитын, салымшының (зейнетақы төлемдерiн алушының) жеке зейнетақы шотында есепке алынатын ақшасы». Осыған байланысты зейнетақы жинақтарының аударылған сомасы бір сомамен көрсетілген».
«БАҒАЛЫ ҚАҒАЗҒА САЛЫП, ДЕПОЗИТТЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРАМЫЗ»
Неліктен көшірмеде ай бойынша инвестициялық кірістер бейнеленбеген? Салымшы қай айда плюске шығып, қай айда минусқа шыққанын қалай қадағалай алады?
«Үкіметтің 24.06.15 күнгі №476 қаулысына сәйкес, жеке зейнетақы шотынан (ЖЗШ) көшірме алу нысанына өзгерістер енгізілді. Зейнетақы жинағының және есептелген инвестициялық кіріс сомасы туралы ақпарат сұралған мерзімнің басындағы және соңындағы ахуал бойынша бейнеленеді.
Дегенмен де, қаулымен енгізілген өзгерістер салымшыны әр ай сайын есептелген инвестициялық кіріс туралы мәлімет алу мүмкіндігінен айырмайды. Салымшы (алушы) ЖЗШ-дан көшірме сұратып, ай сайынғы инвестициялық кіріс сомасына:
– берілген логин мен құпия сөзді немесе ХҚКО-да алынған электронды сандық қолтаңбаны пайдаланып, қордың ресмиwww.enpf.kz сайты арқылы;
- e-gov.kz электронды үкімет сайты арқылы;
- мобильді құрылғыларға арналған БЖЗҚ-ның арнайы қосымшасы арқылы мониторинг жүргізе алады.
Көшірмені жасау үшін кез келген кезеңді (бір күннен бірнеше жылға дейін) қоюға болады.
Онлайн-сервистер (БЖЗҚ сайты www.enpf.kz, электронды үкімет сайты www.e-gov.kz немесе мобильдік қосымша) арқылы көшірме алған кезде салымшыға онлайн режимінде, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойына өз шотының ахуалы туралы өзекті мәліметтерді алуға мүмкіндік беріледі. Ақпарат алудың осы тәсілдері басқалармен салыстырғанда айтарлықтай артықшылықтар береді. ЖЗШ-дан көшірме алу қайтарымсыз негізде ұсынылады».
БЖЗҚ салымшыларының инвестициялық кірісі қалай қалыптасады?
«“ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңға сәйкес, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк персоналдық құрамын ҚР президенті бекітетін Активтерді басқару кеңесінің қатысуымен жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылысы өзгерді. Алайда оның басты принциптері қалды – зейнетақы шоттарындағы ақшалар салымшының меншігі болып табылады, ал, мемлекет зейнетақы активтерінің сақталуына кепілдік беруді жалғастырады.
2014 жыл ішінде БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы жылдық мәнде 6,31%-ды құрады. Бұл жылдық мәнде 2,2 пайызды құраған 2013 жылғы ЖЗШ бойынша табыстылықтан 3 есе дерлік асып түседі. Табыстылықтың арту бағыты 2015 жылы да сақталып отыр. Зейнетақы активтері негізінен мемлекеттік құнды қағаздарға, мемлекеттік сыңайлы сектор қағаздарына инвестицияланады, банктерде ашық конкурстық негізде депозиттерге, сондай-ақ, сенімді шетелдік эмитенттердің құралдарына орналастырылады.
Зейнетақы жүйесінің банк секторынан айырмашылығы - белгіленген мөлшерлеме жоқ. БЖЗҚ-ға инвестициялық кіріс күн сайын әрбір қаржылық күн соңында есептеледі. Пайда мөлшері салымшылардың зейнетақы жинақтары салынған белгілі бір бағалы қағаздардың қалай жұмыс істегендігіне байланысты. Инвестициялық қызмет туралы ақпарат тұрақты түрде БЖЗҚwww.enpf.kz сайтында жарияланып тұрады».
«ӨЗ ШЫҒЫНЫН ЕКІ ЕСЕ ҚЫСҚАРТТЫ»
Айта кетелік, жеке зейнетақы шотынан алынған көшірменің төменгі жағына ұсақ әріппен: «Ұлттық банк басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы №205 қаулысына сәйкес, 2015 жылға «БЖЗҚ» АҚ-ғы комиссиялық сыйақы мөлшері инвестициялық табыстың 7,5 пайызы және айына зейнетақы активтерінің 0,025 пайызы мөлшерінде белгіленген» делінген. Яғни, бұл БЖЗҚ-ның салымшылардың жинақтарынан алатын ақшалары.
Осы кезеңді түсіндіріп беру жөніндегі өтінішіме БЖЗҚ-дағылар: «БЖЗҚ үшін комиссиялық сыйақы мөлшері Заңмен белгіленген. Мұнда комиссиялық сыйақы мөлшері бұрынғымен салыстырғанда екі есеге қысқартылғандығын атап өткен маңызды. ЖЗШ-дан алынған көшірмелерде «БЖЗҚ АҚ-ның комиссиялық сыйақы мөлшері туралы ақпараттың бейнеленуі ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген зейнетақы ережесімен реттелген.
БЖЗҚ-ның өз қызметінен алатын комиссиялық сыйақы есебінен қордың өз активтері қалыптасады. Ол әкімшілік-шаруашылық шығындарға кетеді. Соның ішінде бағдарламалық қамтуды алуға және дамытуға, кеңсеге орынжайды жалға алуға және т.б. жұмсалады» деп түсіндірді.
Дайындаған Тамара СУХОМЛИНОВА