"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


02.09.2015

Зейнетақы заңына енгізілген өзгерістерді біле жүріңіз

Таяуда Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан Рес­публи­­касының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойғаны белгілі. Бұл жөнінде жұртшылықтың біле жүргені абзал. Аталмыш заңмен мынадай жайлар қарастырылады:

1. Базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібін өзгерту

2017-жылғы 1-шілдеден базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты зейнеткерлік жасына жеткенде ғана (әйелдер – 58 жаста шығады, ары қарай: 2018-жылдың 1-қаңтарынан – 58 жас 6 ай; 2019-жылдың 1-қаңтарынан – 59 жаста; 2020-жылдың 1-қаңтарынан – 59 жас 6 айда, тағы сол сияқты зейнетақымен қамсыздандыру Заңнамасына сәйкес белгілі кезеңдер бойынша арттырылып отырылады, ал ерлер – 63 жастан шығады) тағайындалады. Зейнет­ақы жүйесіне қатысу өтіліне 1998-жылғы 1-қаңтарға дейінгі ынтымақты жүйедегі еңбек өтілі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары және/немесе міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жұмыс кезеңдері қосылады. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін анықтау барысында қатысу өтілінің толық жылдары есептеледі.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жылдан кем адамдар үшін ең төменгі күнкөріс шамасының 50 пайызы мөлшерінде әлеуметтік зейнетақы белгіленеді.

Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл болса, базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызы мөл­шерінде белгілеу ұсынылады, ал 10 жылдан асқаннан кейін әрбір жылға оның мөлшері 2 пайызға ұлғайтылады және қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болса, ол ең төменгі күнкөріс деңгейіне тең болады.

Осылайша, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі көп болса – базалық зейнетақы мөлшері көп, қатысу өтілі аз болса – базалық зейнетақы мөлшері аз, ал егер еңбек өтілі болмаса – ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызына тең болатын әлеуметтік зейнетақы тағайындалады.

Сонымен қатар, ана болуды ынталандыру және азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қолдау мақсатында қатысу өтіліне:

- 3 жасқа дейінгі балаларға күтім жасаған уақытын;

- 16 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтім жасаған уақытын;

- әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің қызмет өткерген кезеңдерін;

- әлеуетті құрылымдар қызметкерлерінің жұбайларының жұмысқа орналасу мүмкіндігі болмаған жерлерде тұрған кезеңдерін;

- Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі, халықаралық ұйымдар қызметкерлерінің жұбайларының шет елдерде тұрған кезеңдерін есептеу ұсынылуда.

2017-жылғы 1-шілдеге дейін базалық зейнетақы төлемі та­ғайындалған зейнеткерлердің базалық зейнетақы төлем мөлшері зейнетақы жеке іс-құжаттарындағы құжаттар негізінде қайта есептелінеді. Сондықтан зейнеткерлерге ЗТМО бөлімше­леріне барып құжат өткізудің қажеттілігі жоқ, қайта есептеу зейнетақы құжаттарындағы деректер бойынша жасалады.

2. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен 5 пайыз қосымша зейнетақы жарнасын енгізу

Азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыруда жұмыс бе­рушінің ролін күшейту мақсатында 2018-жылдың 1-қаңтарынан бастап жұмыс берушінің қосымша 5 пайыздық міндетті зейнетақы жарнала­рын (ЖМЗЖ) белгілеу есебінен зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауышын енгізу көзделген. Бұл жағдайда жұмыс беруші жарнаны жұмыскердің 10 пайыз­ міндетті зейнетақы жарнасы түсетін шотына қосымша ашылған шартты жеке зейнетақы шотына аударады.

Жұмыскерден түсетін жарналар жеке тұлғалардың меншігі болып табылмайды, мұраға қалдырылмайды, тек зейнетақы мөлшерін есептеу үшін назарға алынады.

Зейнетақы төлемінің бұл түрі (шартты-жинақтаушы құрамдауышы) міндетті зейнетақы жарнасы 5 жылдан кем емес аударылған жағдайда тағайындалады. Төлемдер заңнамамен белгіленген зейнеткерлік жасыне жеткенде өмір бойы төленеді.

Бүгінге дейін зейнетақымен қамсыздандыруда жұмыс берушінің қатысуы қарастырылмаған еді. Мемлекет базалық зейнетақы төлемін төлейді, жұмыскер өз табысынан 10 пайызын міндетті зейнетақы жарнасына аударады. Енді 2018-жыл­ғы 1-қаңтардан бастап жұмыс беруші өз есебінен 5 пайыз жарна аударады.

3. Әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыруды реформалау

Заң жобасында бұдан өзге әлеуетті құрылымдар қыз­мет­керлерін зейнетақымен қамсыздандыруды жетіл­діру бойынша шаралар кешені қарастырылған.

2016-жылғы 1-қаңтардан бастап әлеуетті құрылымдар қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру толық мемлекет­ тарапынан қамтылуға ауыстырылады. Олардың зейнетақы мөлшері еңбек сіңірген жылдары мен қызметтен кеткен уақытындағы ақшалай қаражатына байланысты есептеледі. 2016-жылғы 1-қаңтардан бастап оларға міндетті зейнетақы жарнасын аудару тоқтатылады.

4. Халықты жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтуды кеңейту

Бір уақытта зейнетақы төлемдері жүйесі де жетілдіріледі, осылайша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан 10 пайыз­ міндетті зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақы төлемдері кесте бойынша ай сайынғы төлемдермен зейнеткерлік жасына жеткен соң немесе зейнетақы аннуитетіне ие болу арқылы, сол сияқты сақтандыру мекемесіне жинақтарын аудару арқылы жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, Қордан зейнетақы жинақтауларын бір мезгілде алу жинақтаулар 12 ең төменгі зейнетақыдан аспаған жағдайларды қоспағанда тоқтатылады.

Жоғарыда айтылған өзгерістер нәтижесінде азаматтарға зейнетақы төлемдері мынадай бөліктерден тұратын болады:

- зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын базалық зейнетақы төлемі;

- 1998-жылғы 1-қаңтарға кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдері;

- қызметкердің БЖЗҚ-нан жеке 10 пайыз міндетті зей­нетақы жарналары, жұмыс берушінің 5 пайыз міндетті кәсіби зей­нетақы жарналары мен 5 пайыз қосымша міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдері;

- ерікті зейнетақы жинақтары.

Сағира БАЙТАНАЕВА, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры.


Тізімге оралу