Филиалды таңдаңыз:
Дағдарыс кезінде экономикаға дем беру үшін, зейнетақы қорынан 1,5 трлн теңге бөлінеді. Көк қағаз бағамының өсіміне байланысты, экспорттық өнімдер бюджетке біраз табыс түсірген. Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген жиынында Президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Зейнетақы қорынан бөлінетін қаражат негізінен қаржы саласын тұрақтандыруға бағытталады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
500 миллиардов тенге на конвертацию в иностранную валюту для инвестирования на внешних рынках в целях обеспечения диверсификации портфеля ЕНПФ и повышения доходности пенсионных накоплений граждан.
Ақорда құрылыс қарқынын арттыруға басымдық беріп отыр. Оған бақандай 360 млрд теңге қаралған. Оның 53 миллиарды "Бәйтерек" холдингі арқылы жалға берілетін баспанаға бағытталады. 149 млрд теңгесі "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" арқылы баспана тұрғызуға беріледі. Сондай-ақ жекеменшік те құр қол қалмайды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Для поддержки частных застройщиков выделяется 97 млрд через АО «Самрук - Қазына» на возвратной основе.
Нәтижесінде 1,5 млн шаршы метр баспана бой көтеруі тиіс дейді. Зейнетақы қорынан 600 млрд бизнесті несиелендіруге беріледі. Екінші деңгейлі банктер арқылы 200 млрд. Жалпы осы сауықтыру шаралары арқылы экономикалық өсім 1 пайыз болады деп болжанады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Деньги, которые будут предоставляться банкам второго уровня не должны, как раньше это было, уйти куда пожелал акционер банка, за этим строго надо следить. И мы должны сказать, куда направить эти деньги и каких результатов добиться. Кто за это отвечает? Сагинтаев.
Аслан Түкеев, Құрылысшылар қауымдастығы атқарушы директоры:
Оны күткен едік. Және бұл, меніңше, өте тиімді қадам болуы тиіс. Бөлінген қаржы да қомақты. Егер назар аударсаңыздар, бұл 2016 жылы игерілетін сома. 360 млрд - бұл жеткілікті қаржы. Ол әлеуметтік тұрғын үй құрылысына да салынады. Президент оған дұрыс назар аударып тұр.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ
astanatv.kz