"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


19.02.2016

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2015 жыл қорытындысын шығарды

Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы – 5,83 трлн. теңге. 2015 жылдың 12 айында түскен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы – 657,6 млрд. теңге.

2015 жылы БЖЗҚ алған және салымшылар (алушылар) ЖЗШ-ына бөлген инвестициялық табыс – 761,40 млрд. теңге. Осылайша, 2015 жылғы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің табыстылығы 13,6% құнсыздану деңгейінде 15,65%-ды құрады.

Зейнетақы жарналарын тарту:

2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттары – 10 116 751 бірлік;

міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша 390 993 адам шарт жасады;

ерікті зейнетақы жарналары бойынша 40 060 шарт жасалды.

Зейнетақы төлемдері және аударымдары

Жүзеге асырылған зейнетақы төлемдері мен аударымдарының сомасы 141,12 млрд. теңгені құрады, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы – 24,23 млрд. теңге. Салыстырып көріңіз, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің сомасы 2014 жылы 93,04 млрд. теңге болған, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына аударымдар сомасы – 13,6 млрд. теңге.

Қызмет көрсету

2015 жылы БЖЗҚ қызмет көрсету орталықтары арқылы 6,6 миллионнан астам қызмет көрсетіліп, салымшыларға (алушыларға) көрсетілетін қызмет түрлерінің барлығы бойынша орташа күту уақытын 5.58 минутқа дейін қысқарту жұмысы жүргізілді.

Сонымен қатар 2015 жылы «БЖЗҚ мобильдік кеңсесі» бағдарламасы жұмыс істей бастады. Қор мамандары мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздері барады. Бұл бағдарламаны іске асыру барысында Қор кеңселеріне өздері келе алмайтын 11 900-ден астам адамға қажет қызмет көрсетілді.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңын орындау аясында 7 059 300 адамға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы міндетті түрде хабар берілді.

ЖЗШ жай-күйі туралы ақпарат салымшының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасаған, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту/анықтау туралы келісімге қол қойған кезде өзі таңдаған әдісімен беріледі. Бүгіндегі қолжетімді ақпарат арналары: өзінің келуі, пошта, электрондық пошта, web-сайт, ұялы қосымша, e-gov порталы арқылы.

1 миллион 300 мыңнан астам адам жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы мәліметті интернет арқылы алғанды жөн көреді. Бұл зейнетақы қорындағы бүкіл салымшының 12%-ынан астамы (салыстырып көріңіз, бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша 7% болған).

Веб-клиенттердің жалпы санынан 300 мың адамнан астамы хабарламаны электрондық мекенжайға, 1 000 000-нан астамы www.enpf.kz сайтындағы «Интернет-үзінді көшірме» бөлімі немесе телефондағы ұялы қосымша (Android, iOS және Windows Phone платформаларында жұмыс істейді) арқылы алғанды жөн көреді. Ұялы қосымша қолданысқа енгізілген сәттен бері оны 113 мыңнан астам пайдаланушы жүктеп алған.

Көрсетілетін қызметтерді жақсарту мен ауқымын кеңейту бөлігіндегі 2015 жылдың елеулі оқиғаларының бірі – зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты e-gov электрондық үкімет порталы арқылы алу. Электрондық үкімет порталы арқылы қызмет іске қосылған сәттен бастап 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарынан 125 мың үзінді көшірме берілді.

Бүгінгі БЖЗҚ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – еліміздегі маңызы зор әлеуметтік институттардың бірі. Бұл Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы ең ірі оператор.

БЖЗҚ құрылымы республиканың түкпір-түкпірінде орналасқан 236 бөлімшеден тұрады: 18 филиал, 21 бөлімше және 197 қызмет көрсету орталығы.

Қордың келешектегі негізгі міндеті – көрсетілетін қызмет сапасын көтеру. Бұл үшін алдыңғы қатарлы технологиялар мен жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы халықаралық тәжірибе пайдаланылады. Көрсетілетін қызметтер сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне дейін көтеру аясында салымшыларға (алушыларға) қызмет көрсетудің дербес жүйесін дамыту және Қордың электрондық қызметтер желісін ары қарай кеңейту жұмысы жалғасуда. 

i-news.kz


Тізімге оралу