"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


21.04.2016

Шартты-жинақтаушы бөлшек дегеніміз не? Оның зейнетақыға әсері қандай?

1. Шартты-жинақтаушы бөлшек  дегеніміз не? Оның зейнетақыға әсері қандай? 

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне өзгерістер енгізіледі, яғни шартты-жинақтаушы бөлшек немесе жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) енгізіледі.

Бұл үшін БЖЗҚ-да әрбір қызметкерге шартты зейнетақы шоты ашылады, оның атына жұмыс беруші өз қаражаты есебінен қызметкердің ай сайынғы кірісінің 5 % мөлшерінде ЖМЗЖ аударатын болады. Жаңа ЖМЗЖ-ның басты артықшылығы жұмыс беруші сол үшін аталған жарналарды жүзеге асырған зейнеткер тіпті оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты біткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмір бойы алатын болады (ЖМЗЖ-ны жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік айда аударған кезде).

2. Бүгінгі таңда Қазақстанда қандай зейнетақы үлгісі бар?

Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақымен қамсыздандыру бір уақытта ортақ және жинақтаушы жүйелердің тетіктерін қатар қамтитын үш деңгейден тұрады. 

Бірінші деңгей – бұл зейнетақы төлемдері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары мен өзге де түсімдер есебінен мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын ортақ зейнетақы жүйесі. Бұл зейнетақы базалық және еңбек деп аталатын екі бөліктен құралған. Базалық зейнетақы барлық зейнеткерлерге және зейнетке шыққан сәтте еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты айды құрайтын тұлғаларға төленеді.

Екінші деңгей –  бұл Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табыстан 10 пайыз міндетті зейнетақы жарналары және зиянды әрі қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен аударылатын қызметкерлердің ай сайынғы табысынан 5 пайыз міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бар міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі. Өндірістер, жұмыстар мен кәсіптер тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 2018 жылдан бастап жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін олардың шартты зейнетақы шоттарына қызметкердің ай сайынғы табысынан 5 пайыз мөлшерінде төлейтін (олардың еңбек жағдайларына қарамастан) міндетті зейнетақы жарналары қосылады.

Үшінші деңгей – ерікті зейнетақы жарналарына (ЕЗЖ) негізделген жинақтау жүйесі. ЕЗЖ көлемі, оларды төлеу тәртібі мен кейінгі төлемдер тараптардың ЕЗЖ есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттағы келісімдер бойынша анықталады.

3. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақының жаңаша есептелетіні жайында естідің бе? Айтып бересіз бе?

2015 жылғы 2 тамызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Аталған Заңға сәйкес, сонымен бірге Қзақстан Республикасының 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V заңына сәйкес түзетулер ескеріле отырып,  2018 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай зейнет жасына жеткен кезде мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін өзгерту көзделеді. Мәселен, зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 және одан аз жылды құраған кезде немесе ол болмаған кезде базалық зейнетақының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 50%-на тең болады. Мұнда он жылдық еңбек өтілінен асатын әрбір толық жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға ұлғаяды, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі шамасының 100%-нан аспайды.

4. Жаңа зейнетақы заңнамасын қабылдауға байланысты, қандай бөлшектерден болашақ зейнетақы құрылатын болады?

1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде 6 ай еңбек өтілі бар адамдар жинақтаушы және шартты-жинақтаушы жүйелердің (бұдан әрі – ШЖЖ) төлемдерімен қатар бюджеттен базалық, ортақ зейнетақы алатын болады.

Осылайша, зейнетақы мыналар есебінен қалыптасады:

1) бюджеттік қаражат:

- 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін кемінде алты күнтізбелік ай еңбек өтілі болған кезде еңбек зейнетақысы;

-  мөлшері еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға байланысты болатын базалық зейнетақы;

2) жинақтаушы зейнетақы:

-  қызметкердің ай сайынғы кірісінен 10% міндетті зейнетақы жарналары (бұл -  біздің 1998 жылдан бастап өз жалақымыздың 10%-ын ай сайын аудара отырып жинайтын сома);

-   қызметкердің ай сайынғы кірісінен 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұл - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс беруші зиянды (аса зиянды) еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің пайдасына өз қаражаты есебінен аударатын сома);

-   2018 жылы енгізілетін, жұмыс берушінің барлық қызметкерлер үшін қызметкерлердің шартты зейнетақы шоттарына (еңбек жағдайларына қарамастан) төлейтін жаңа 5% міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары. Осы шоттардан төлемдер жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай ЖМЗЖ аударылған жағдайда ғана 2023 жылға дейін жүзеге асырылатын болады 

5. Зейнетақы жинақтары қалай мұраға қалдырылады?

БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға алынады.

Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары мұраға берілмейді (себебін еске түсірейік, бұл жарналарды жұмыс беруші аударатын болғандықтан қызметкердің жеке меншігі болмайды). Бірақ, қайталап айтамыз, зейнеткер тіпті оның шартты зейнетақы шотындағы қаражаты біткен жағдайда да, зейнетақысын осы бөлшектен өмір бойы алатын болады (жиынтығында кемінде 60 күнтізбелік ай бұрын аударылған ЖМЗЖ болуға тиіс).

ertis.pavlodar.gov.kz

Тізімге оралу