"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


01.09.2016

ЕҢБЕК СIҢIРГЕН ДЕМАЛЫСЫҢДЫ ЖОСПАРЛА

Жас буын кәрiлiк туралы ойламайтын болды, ойласа да әлi алыста, келсе де өзiнен басқа бiреуге келедi деп ойлайды.

Алайда, кәрiлiктен те, данагөй жастың бiр бөлшегiндей зейнетақыдан да ешкiм айналып өткен емес. Оның ерте ме, кеш пе әйтеуiр бiр келерi анық. Кезiнде ысырып қойған арманыңызды жүзеге асырып, әлемдi аралап саяхаттайсыз ба, әлде таң атпай қала автобустарына мiнiп алып, ашуға ерiк бересiз бе, бұл өз қолыңызда.

Шынтуайтына келгенде, кәрiлiкке дайындалуға да, келешек зейнетақыңызды қазiрден бiлуге де болады.

Бұл үшiн не iстеу керек? Бiрiншiден, еңбек сiңiрген демалысыңыздың өз қолыңызда екенiн ұғыну керек, екiншiден... зейнетақы калькуляторы.

Мұндай калькуляторды Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының enpf.kz сайтынан таба аласыз.

Сонымен...

Сайтқа кiремiз де қажет тiлдi таңдаймыз (қазақ немесе орыс), электрондық қызмет көрсету бөлiмiне кiрiп, «Зейнетақы калькуляторы» белгiсiн басамыз. Қарапайым кесте ашылады, оны толтыру керек. Мысал үшiн Қазақстанның ортаңғы қатардағы тұрғынын алайық. 125 000 теңге алатын 30 жастағы ер адам (туған күнi 1986 жылғы 1 қаңтар) университет бiтiргелi, басқаша айтсақ 22 жасынан берi жұмыс iстеп келедi және жеке зейнетақы шотында 1 400 000 теңге көлемiнде зейнетақы жинағы бар.

Осылайша, «жынысы» бағанына «ер», туған күнiн 01/01/1986 деп жазамыз, зейнетке шығатын күн автоматты түрде 01.01.2049 деп қойылады. «1998 жылға дейiнгi өтiлi» бағанына 0 деп жазамыз, ал, жинақтаушы жүйедегi өтiлi – 8 (22 жасынан берi үздiксiз жұмыс iстеген). Қазiргi зейнетақы жинағының сомасы

1 400 000 деп көрсетемiз. Еңбекақы көлемi (шегерiмдер жасалғанға дейiнгi) жоғарыда көрсеткенiмiздей 125 000 теңге. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнен (БЖЗҚ) төлемдер» бағанында «кесте бойынша» деп таңдаймыз. Ерiктi зейнетақы жарналарын салмайды деп есептеймiз.

Бағанның барлығының толтырылғанына көз жеткiзген соң «Есептеу» түймесiн басамыз.

Зейнетақы калькуляторы автоматты түрде үш сценарий бойынша есептейдi: пессимистiк, реалистiк және оптимистiк.

Үш сценарий бойынша да ортақ зейнетақы нөлге тең болады, себебi салымшының 1998 жылға дейiн өтiлi жоқ. Зейнетақының базалық және жинақтаушы бөлiгi қалады.

Сонымен, салымшының жиынтық зейнетақысы (базалық және жинақтаушыдан тұратын) бiрiншi сценарий (пессимистiк) бойынша айына 370 402 теңге, реалистiк сценарий бойынша айына 445 575 теңге және оптимистiк сценарий бойынша айына 558 708 теңге болады.

Былай қарасаң керемет сияқты, зейнетақы еңбекақыдан көп. Бiрақ барлығы бiз ойлағандай оңай емес, құнсыздануды да ұмытпау керек. Төмендегi жолға, яғни болжалды еңбекақыға назар аударыңыз, үш сценарий бойынша ол тиiсiнше 770 722 теңге,

924 255 теңге және 1 191 059 теңге.

Қазiргi өлшеммен салымшының қандай зейнетақы алатынын есептеу үшiн ауыстыру коэффициентiне, яғни соңғы еңбекақыдан %-бен зейнетақы үлесiне қарасаңыз жеткiлiктi.

Үш сценарий бойынша сан әртүрлi – 48.10%, 48.20% және 46.90%. Сондықтан 125 000 теңгенi алып, үш сценарий сомасының қандай болатынын есептеймiз. Осылайша, үш түрлi сценарий бойынша қазiргi ақиқатқа сай салымшының зейнетақысы 60 125 теңге, 60 250 теңге және 58 625 теңге болады.

Сонау 1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтiк қамсыздандырудың ең төменгi нормалары туралы» конвенциясына сай ауыстыру коэффициентiнiң нормасы 40% болуы тиiс. Яғни, зейнетақы қызметкер еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиiс.

Еңбекақы 125 000 теңге болған кезде коэффициент белгiленген нормадан артық. Алайда, қызметкер зейнетке шыққанша бiр орында дәл сол еңбекақымен отыра бермейдi ғой. Айтпақшы, калькуляторда нарықтағы жағдайға қарай еңбекақыны көтеруге шағын пайыз қарастырылған. Оның үстiне, жас маман бiлiктiлiгiн көтерiп лауазымы жағынан да, еңбектi материалдық бағалау жағынан да өсетiн шығар. Бiрақ салымшы ауыстыру коэффициентiн көбейткiсi келсе, ол ерiктi зейнетақы жарналарын салу есебiнен жинақ мөлшерiн көбейте алады.

Мысалы, мiндеттi зейнетақы жарналарымен қатар еңбекақысынан 5%, яғни 6250 теңге аударып отыратын болса, ауыстыру коэффициентi пессимистiк, реалистiк және оптимистiк тұрғыдан тиiсiнше 56.60%, 58.30%, 58.40%-ға дейiн артады. Бұл сандар халықаралық нормаға сәйкес болып қана қоймай, одан асып та кетедi.

Бiреуге бұл жағдайдың өзiнде де зейнетақы қалыпты өмiр сүруге жетпейтiндей аз болып көрiнуi мүмкiн... Бiрақ зейнетақыңыздың өз қолыңызда екенiн және оның қандай болатыны бiрiншi кезекте, сiзге байланысты екенiн ұмытпаған жөн.

Жасырын еңбекақыға келiспеңiз, ерiктi зейнетақы жарналарын салыңыз, өз бiлiктiлiгiңiздi көтерiңiз, сонымен қатар еңбекақыңыз да көтерiлсiн. Бiр орында тұрмаңыз, өзiңiз өсiңiз де еңбек сiңiрген лайықты демалысыңызды алыңыз.

Тимур РАЕВ.

http://okg.kz/


Тізімге оралу