Филиалды таңдаңыз:
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша БЖЗҚ-дан төлем алуға кімнің құқығы бар?
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі - Заң) 31-бабының ережелеріне сай міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдеріне құқық БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар тұлғаларға беріледі:
1) зейнет жасына толған соң:
63 жасқа толған ерлер,
58 жасқа толған әйелдер:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 58,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 59,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жас;
2) сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаған жағдайда, зейнетақы жинақтары ең аз зейнетақы мөлшерінен кем емес төлемді қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде:
55 жасқа толған ерлер;
50 жасқа толған әйелдер (2016 жылғы 1 наурыздан бастап):
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап - 50,5 жас;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51 жас;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап - 51,5 жас;
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52 жас;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 52,5 жас;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53 жас;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 53,5 жас;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54 жас;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 54,5 жас;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 55 жас;
3) егер мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленсе, бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер;
4) Қазақстан Республикасының аумағына тысқары жерлерге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған кету дерегін растайтын құжаттарды ұсынған шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар.
Сонымен қатар міндетті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ-да зейнетақы жинағы бар тұлға қайтыс болған* жағдайда, зейнетақы жинақтары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға беріледі.