"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


24.03.2017

БЖЗҚ өз есігін ашады

2017 жылы 31 наурызда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбында Ашық есік күні өтеді. Осылайша БЖЗҚ қызметінің ашықтығы мен халықтың қаржылық хабардарлығын арттыруды жоспарлайды. Бұл бастама жөнінде бізге толығырақ Қостанай облыстық филиалының директоры Сауле Бахитовна Козбакова айтып береді.

Қайырлы күн, Сауле Бахитовна. Зейнетақы қорының ашық есік күнін өткізу шешімі немен байланысты екендігін айтсаңыз?

- Зейнетақы қорының есігі барлығына әрдайым ашық екендігін ерекше атап өткім келеді. Қазір біз зейнетақы жүйесі әрбір адамға түсінікті болу үшін еңбек етудеміз. Яғни кез келген қазақстандық азамат мектеп қабырғасынан бастап зейнетақы жөнінде түсінік қалыптастырып, келешекте лайықты қарттықты қамтамасыз ету мәселесіне байыппен қарауы қажет.

Қор міндеттерінің бірі – жұмыс ашықтығы мен айқындылығын арттыру. Сондықтан да біз қоғамға Қордың зейнетақы жүйесіндегі атқаратын қызметі туралы айтып, халықпен тығыз байланыс орнатқымыз келеді.

Сондай-ақ біз жинақтаушы зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің сенімді операторы ретінде зейнетақы қорына деген сенім қалыптастырып, зейнетақы жинақтарының қаржы-экономикалық толқулардан қорғайтын сенімді механизмі барын және мемлекеттің зейнетақы жинақтарына кепілдік беретінін көрсеткіміз келеді.

Ашық есік күнінің халыққа қызмет көрсету орталығындағы жай күннен өзгешелігі неде?

- Бұл күні салымшылар мен алушылар зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты толғандырған кез келген сауалға толық жауап ала алады. Атап айтқанда, зейнетақы жүйесін құрайтын үш құраушы туралы айтамыз. Бүгінде зейнетке шыққан адам үш жерден қаражат алады. Бұл ең алдымен, базалық және ортақ зейнетақы төленетін мемлекеттік бюджет. Қазір базалық зейнетақы барлығына бірдей мөлшерде төленеді, ортақ (немесе еңбек) зейнетақы 1998 жылға дейінгі жұмыс өтілін есепке алады. Зейнетақының екінші деңгейі – міндетті және міндетті кәсіптік жарналар есебінен құрылған БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер. Ал үшіншісі – ерікті жинақтар, бұл кейбір адамдарда ғана бар. Осы құрамдауыштардың қалай дамып, өзгеретіндігі жөнінде Ашық есік күнінде тұсау кесер арқылы жеткізетін боламыз.

Сондай-ақ кез келген адам Ашық есік күні біздің кеңсеге келе отырып өзінің болашақ зейнетақысы неге байланысты екендігі, оның құрылуын қалай бақылау және оны қалай ұлғайту керектігі жайында біле алады.

Мұндай іс-шараларды өткізе отырып біз зейнетақы заңнамасы аясында халыққа базалық білім беріп, елімізде зейнетақы жүйесінің алатын орны мен қызметі туралы дұрыс түсінік қалыптастырғымыз келеді.

Зейнетақы қорының барлық бөлімшелері қалыпты режимде жұмыс жасайтындығын атап өткім келеді, себебі біз қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығына ерекше назар аударамыз.

Ашық есік күндерін қаншалықты жиі өткізуді жоспарлайсыздар және сол іс-шаралардан не күтесіздер?

- Қазірше Ашық есік күнін үш айда бір рет өткізуді жоспарлап отырмыз және ол түрлі тақырыптарға арналатын болады. Болашақта бұл кездесулер халық тарапынан қолдау тауып жатса, жиі өткізу мүмкіндігі де жоқ емес.

Халықпен жұмыс жасау бөлігінде алға қойған мақсаттарға жету үшін БЖЗҚ іс-шаралар жоспарын бекітті. Оған Қоғамдық қабылдау жұмысы, ашық есік күндерін өткізу, «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымының ресми блог-платформасын құру мен жүргізу.

Осылайша жергілікті деңгейде Ашық есік күні секілді іс-шараларды өткізу тек халықпен ақпарат алмасуды ғана көздемейміз. Біз үшін кері байланыс, қызмет көрсетудің сапасын жақсарту және жалпы Қор жұмысы бойынша ұсынымдар алу маңыздырақ.

Ашық есік күніне келемдеушілерді 31 наурыз күні сағат 10:00-де, сағат 11:30-де, сағат 13:00-де, Қостанай қ., Әл-Фараби д., 74 үй мекенжайы бойынша күтеміз.

Ақпарат көзі: zhitikara.kostanay.gov.kz

Тізімге оралу