Филиалды таңдаңыз:
Кездесу барысында әрі қарайғы өзара ынтымақтастық пен өңірдің әлеуметтік тапсырмаларын шешуде тізе қосып әрекет етудің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.
Айта кетейік, Ақтөбе облысында 846 мыңға тарта адам тұрады. Халықтың жартысынан көбісі немесе 50,7%-ы – экономикалық тұрғыда белсенді азаматтар. Сонымен бірге, 480 мыңдай адамның БЖЗҚ-да жалпы сомасы 359,7 миллиард теңге болатын міндетті зейнетақы есепшоты бар.
Кездесу қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен БЖЗҚ арасында тиісті меморандумға қол қойылды.
Келісім жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту үшін тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, міндетті зейнет жарнасының түсім тұрақтылығы мен көлемін арттыру, зейнетақы жүйесін жаңғырту мен қор қызметтерінің баламалы мүмкіндіктері туралы ақпараттандыруды көздейді.
— Біз, қорға барлық қажетті қолдау көрсетуге, соның ішінде, әсіресе, шалғай елді мекендерде зейнетақы жүйесін жаңғыртудың негізгі ережелерін түсіндіруге дайынбыз, — деді облыс әкімі.