Филиалды таңдаңыз:
Облыстық әкімдікте «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ төрағасы мен өңір басшысының кездесуі өтті.
Кездесу барысында өзара серіктестік туралы екі жақты меморандум бекітілді. Екі жақты меморандум - қор мен жергілікті биліктің бірлескен жұмысына бағытталған. Осы келісім аясында облыста салым пайдасы туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп, зейнетақы жинақтау жүйесінің жұмысы жайлы халыққа мәлімет беріледі. Ол облыс тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттырады. Мемлекеттік қор басшысының айтуынша, елімізде Шығыс Қазақстан өңірі өндірістік саланың көшбасшысы саналады. Бұл өз кезегінде біріңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына ықпал ететін факторлардың бірі. Нұрбибі Наурызбаева меморандум енді ірі кәсіпорында жүргізілетін ақпараттандыру жұмыстарын жеңілдететінін айтады. Бүгінде облыс бойынша тұрғындардың 60% біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшы. Алдағы уақытта олардың санын арта түспек.