"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


21.07.2018

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ: ЕРТЕҢДІ БҮГІННЕН ОЙЛА

Шамамен, 2040-2042 жылдары Қазақстанда ортақ зейнетақы жойылып, зейнетақы тек базалық және жинақтаушы жарналардың есебінен төленетін болады. Яғни, 1980-1981 жылы туған азаматтар зейнеткерлікке шығар уақытта өзінің жұмыс өтілі мен еңбекке жарамды жасында жинап үлгерген зейнетақы жинағына ғана үміт арта алады. Өйткені бұл аз аматтардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы жүйесі енгізілген 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі жоқ. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мамандары журналистерге арналған семинар барысында мәлімдеді.
Айта кету керек, қазіргі зей­неткерлер алып жүрген зейнетақы негізі үш құрамдас бөліктен құралады: бірінші – базалық зейнетақы, екінші – ортақ зей­нетақы, үшінші – міндетті зей­нетақы жарналары. Базалық зейнетақы осы уақытқа дейін республикалық бюджет есебінен барлық зейнеткерлерге еңбек өтілі мен табысы деңгейіне қарамастан, бірдей төленетін еді. Шілде айының бірінен өз күшіне енген өзгеріске сәйкес, базалық зейнетақының өзі еңбек өтіліне байланысты берілетін болады. Осы уақытқа дейін базалық зейнетақының көлемі – 15274 теңге, ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрады. Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес, азаматтың зейнетке шығар уақытта 10 жылға дейін еңбек өтілі болса, ең төменгі күнкөріс шегінің 54 пайызын ала алады. Еңбек өтілі он жылдан көп болса, әр жыл үшін жаңағы 54 пайызға тағы 2 пайыз қосылып отырады. Осылайша, 33 жылдан аса үздіксіз жұмыс істеген адам базалық зейнетақының ең жоғары деңгейіне қол жеткізе алады. Бүгінгі күні базалық зейнетақының ең жоғары мөлшері 28 284 теңгені құрайды. Жыл өткен сайын ең төменгі күнкөріс шегінің мөлшері өзгеріп отыратынын ескеру керек.
Базалық зейнетақыдан бөлек, ортақ немесе еңбек зейнетақысы республикалық бюджеттен, 1998 жылға дейін кемі 6 айлық еңбек өтілі бар азаматтарға төленді. Ортақ зейнетақының көлемі: ерлер үшін – 25, әйелдер үшін 20 жыл еңбек өтілі, 1995 жылдан бастап 3 жылдық орташа табысы. Сондай-ақ қажетті еңбек өтілінен асатын жылдар үшін орташа айлық кірістен 1 пайыз ескеріле отырып есептелінеді. 2018 жылы орташа нақты еңбек зейнетақысы 50850 теңгені құрапты. Ең жоғарғы еңбек зейнетақысы – 82 973 теңге. Яғни, қазіргі зейнеткерлер алып отырған зейнетақының негізгі бөлігін ортақ зейнетақы құрайды. Уақыт өте келе ортақ зейнетақы алатын адамдардың қатары азая бермек.
Енді міндетті жинақтаушы жүйеге келетін болсақ, ол 1998 жылы Чили үлгісі бойынша ен­гізілгені белгілі. Бұл жүйе бойын­ша барлық жұмыс істейтін азаматтар жалақыларының 10 пайызын жеке зейнетақы шот­тарына жарна ретінде аударып отыруға міндеттелген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ми­нистрлігінің тізбесіндегі аса зиянды салаларда жұмыс істей­тін­дерге 2014 жылдан бастап жұ­мыс берушілер өз қаражатынан мін­детті кәсіптік зейнетақы жар­на­ларын аударады. Бұл жарна жұмыс­шының айлық табысының 5 пайызын құрайды. Міндетті жарнадан бөлек, ерікті жарна жасап отыруға болады. Әзірге ерікті жарна жасаушылардың қатары көп емес. Соңғы көрсеткіш бойынша, ерікті жинақтаушы зейнет­ақы шарттарының саны – 35,5 мың. БЖЗҚ-ға аударылған жарналардың зейнет жасына дейін құнсыздану деңгейін ескере оты­рып, нақты аударылған мөл­ше­рінде сақталуына мемлекет кепілдік береді.
Міндетті шартты-жинақтаушы құрамдауыш деген не?
Зейнетақы жүйесінде 2020 жылы жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш енгізіледі деп жос­пар­ланып отыр. Бұл құрамдауыш бойынша, жұмыс беруші қыз­меткер жалақысының 5 пайызын өз есебінен төлеуге міндеттеледі. «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласы филиалының директоры Мұрат Шәріпов жұмыс берушілер өз қызметкерлері үшін зейнетақы жарналарын төлеуге дайын бола­тын уақыт жетті деп пайымдайды. Қазіргі таңда заңдық негізі дайын­далып жатқан жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, жұмыс­шы, жұмыс беруші арасында бөлу жолымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға бағытталған. Жоспар бойынша, жұмыс беруші қызметкері үшін жарнаны ең кемі 60 күнтізбелік ай мөлшерінде аударса жеке тұлғалар үшін 2025 жылдан алғашқы тө­лемдер төлене бастауы керек. Ма­ман­дардың айтуынша, бұл жүйе­нің артықшылығы – шартты зейнетақы шотындағы қаражат таусылса да, төлем өмір бойына жасалады. Ол үшін жүйеге кемі 5 жыл қатысуы керек. Бұл құрамдауыш бөлік жалақысы төмен азаматтар үшін тиімді. Өйткені жеке тұлғаның міндетті жарнасы жалақысының көлеміне байланысты болғандықтан, жұмыс беруші қосымша 5 пайыз аударып отыратын болса, зейнет жасына жеткенде жинағының көлемі көбірек болады. Алайда бұл жинақ мұраға қалдырылмайды. Адам өмірден өткен кезде жұмыс берушінің есебінен түскен жарна өзге салымшылардың арасында бөлінеді. Оның құнсыздану деңгейі есебінен сақталуына мемлекеттің кепілдігі жоқ.
Бірыңғай жиынтық төлем не үшін қажет?
2019 жылы енгізіледі деп отырған тағы бір жаңалық – бірыңғай жиынтық төлем. Оны өзін-өзі жұмыспен қамтушы санатындағы азаматтар төлеуге міндеттелмек. Әзірге бірыңғай жиынтық төлемнің көлемі 1 АЕК, яғни 2500 теңге көлемінде белгіленіп отыр. Бұл төлем зейнетақы жүйесінен шет қалған 2,5 миллион адамды зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, меди­циналық сақтандыру жүйесіне тарту үшін енгізіледі. Осы 2500 теңгенің 40 пайызы міндет­ті зейнетақы жарнасы ретінде БЖЗҚ-дағы есепшотқа аудары­ла­тын болады. «БЖЗҚ» АҚ депар­тамент директоры Мәмилә Мұсабекова бірыңғай жиынтық төлемді төлеу ең құрығында ба­залық зейнетақыны толық алуға кепіл болатынын айтады.
– Жеке тұлғаның есепшотына тұрақты түрде жарна түсіп тұрса, сол уақыт еңбек өтілі ретінде саналады. Базалық зейнетақы көлеміне еңбек өтілі мен жинақ­таушы жүйеге қатысу уақыты ескерілетінін айтып өттік. Табысы аз кезде осы соманы төлеп тұрса, кейіннен тұрақты жұмысқа тұрған соң, жалақысының 10 пайызын аудара алады. Яғни, азамат бос жүрген жоқ, жұмыс істеп жүр деп, еңбек өтілі есептелініп тұрады, – дейді маман.
Халықтың сенімінен қалай шықпақ?
Шынын айту керек, халықтың зейнетақы жинақтаушы жүйесіне деген сенімі жоғары емес. Сенім­нің шатқаяқтауына қордағы миллиардтаған қаржының тиімсіз инвестицияланып, қайтарымсыз кеткені себеп. Көпшілік ла­жы болса, БЖЗҚ-да жатқан қаржысын уақытынан бұрын алғысы келеді. Ал заң бойынша, қорда жатқан жинақты мерзімінен бұрын тек 1-2 топтағы мүгедектігін мерзімсіз алған жандар мен өзге елге тұрақты тұруға көшіп кеткен азаматтар ала алады.
«БЖЗҚ» АҚ жұртшылықпен байланыс департаменті директоры Қадыржан Забихтың айтуынша, халықтың қорға деген сенімділік деңгейі 10 балдық көрсеткішпен есептегенде, 5,7-ден аспай тұр. Былтыр жүргізілген сауалнама қорытындысы осындай сенім индексін көрсеткен. Зейнет жа­сына жеткенше жинақтарының инфляция жеп қоймай, толық­қанды қолына тиетініне сенбе­гендіктен, көпшілік зейнетақы жарналарына қосымша салық ретінде қарайды. Заңмен міндет­телмегенде, жалақының 10 пайы­зын аудармайтын да едік. Деген­мен сала мамандары қор­дағы қаражаттың сақталуына мемлекеттің кепілдік беретінін алға тартады. Халықтың сенімін арттыру мен БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін ақпараттық-насихат жұ­мы­сын күшейтіп, қаржылық сауат­тылықты көтеруге басымдық беріліп отыр. Соңғы жылдары қор жұмысында ашықтық пайда болғанын айта кету керек. Оған қоса, әр азамат жинағының жай-күйін біліп отыру үшін арнайы мобилдік қосымша, аймақтарға барып қызмет көрсететін мобильді кеңсе, қашықтықтан қызмет көр­сететін ақпараттық дүңгіршек, өз-өзіне қызмет көрсету тер­миналдары іске қосылған. Сондай-ақ БЖЗҚ сайтында арнайы зейнетақы калькуляторы бар. Бұл калькулятор бойынша әркім өзінің болжамды зейнетақысын есептей алады.
Зейнетақы активтері қалай инвестицияланады?
Зейнетақы активтерін тиімді инвестициялау – қордағы қа­ра­жаттың сақталуы мен инвес­ти­циялық табыс әкелуінің кепілі. БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтерін қаржы құралдарына инвестициялаумен Қазақстанның Ұлттық банкі айналысатыны белгілі. 2016 жылдан бері қордағы активтерді инвестициялау бағыттарын Елбасы төрағалық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесі бекітеді. Қазіргі таңда зейнетақы активтері портфеліндегі 8,45 трлн теңгенің 46,8 пайызы Қазақстанның мемлекеттік ба­ғалы қағаздарына салынған. Шетелдік активтердің үлесі 21,7 пайызды құраса, еліміздегі екінші деңгейлі банктердің активтері – 19 пайыз. Одан бөлек портфельде квазимемлекеттік сектор мен басқа да қазақстандық активтер бар. Портфельдің құрылымы, кірістілігі және активтерге қа­тысты инвестициялық қызмет туралы ақпарат БЖЗҚ-ның сайтында тұрақты түрде жария­ланып тұрады. Ұлттық банк монетарлық операциялар депар­таментінің маманы Мұрат Еркінәлиевтің айтуынша, зей­нетақы активтерінің 67,89 пайызы ұлттық валютадағы қар­жы құралдары болса, 31,60 пайы­зы – АҚШ долларындағы қаржы құралдары. Зейнетақы активтерін басқарудағы биылғы басты жаңалық – активтерді ин­декстік инвестициялауға сырт­тан басқарушы компаниялар тар­тылатыны. Ұлттық банк маманы активтерді басқаруды осы салада мол тәжірибесі бар, кредиттік рейтингі жоғары әлемдік көш­бас­шы компаниялар жүзеге асырады деп тұжырымдайды. Мәселен, наурыз айында шетел валютасындағы зейнетақы активтерінің 220 млн АҚШ дол­лары Aviva Investors шетелдік басқарушы компаниясына беріл­ген. Сонымен қатар Ұлттық банк БЖЗҚ-дан 200 млрд теңгені екінші деңгейлі банктердің обли­га­цияларына салмақ.
– Осы қаржы барлық банктерге жаппай берілмейді. Тек қаржылық жағдайы тұрақты, жеке капиталы 600 млрд теңгеден асатын ірі банктерге салынады. Бұл 5 жыл­дық мерзімдегі облигациялар болады, – дейді қаржыгер.
Ұлттық банк жүргізіп отыр­ған инвестициялық саясат нәти­жесінде, 2017 жылы зейнет­ақы активтерінің кірістілігі 7,92 пайыз­ды құраған. Былтырғы инфляция деңгейі 7,10 пайызға тең болғанын ескерсек, нақты кірістілік 0,82 пайыз ғана болып тұр.


Ақпараткөзі: aikyn.kz

Тізімге оралу