Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ мәліметіне сәйкес, 2021 жылдың 29 сәуіріндегі жағдайы бойынша БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан біржолғы зейнетақы төлемін келесі мақсаттарға пайдалану үшін өтініштер жіберілген:
- тұрғын үй жағдайын жақсартуға, келіп түсті – 478 500 өтініш, оның ішінде қабылданбады – 229 882-сі;
- емделуге, келіп түсті – 7 330 өтініш, оның ішінде қабылданбады – 2 463-і;
- инвестициялық портфельді басқарушыларға аударуға, келіп түсті – 1 694 өтініш, оның ішінде қабылданбады – 306-сы.
Өтінімдердің қабылданбау себептері:
1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Қолдануға болатын ақша сомасы емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасы көрсетілген.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. «БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан өтінімдер түскен.
6. Салымшылар өтінімді екінші қайтара жолдаған.
Еске салайық, Қазақстан азаматтарына Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалану құқығы биылғы жыл басынан бастап берілді.
ҚР Президенті зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға 2 қаңтарда қол қойды.
Толығырақ: www.inform.kz