Филиалды таңдаңыз:
1 сәуірде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 12,6 триллион теңге зейнетақы жинақтары қалыптасты. 01.04.2020 жылдан бастап 01.04.2021 жылға дейінгі бір жыл ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы шамамен 1 триллион теңгеге немесе 8% өсті.
Зейнетақы жинақтарының негізгі сомасы міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен жинақталды, оның мөлшері 12,3 трлн теңге (жыл ішіндегі өсім – 8%). Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 315,9 млрд теңге (өсім 16%), ал ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 2,2 млрд теңгеге (өсім 8%) жетті.
2021 жылдың үш айында БЖЗҚ салымшылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көбірек қаражат салған. 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша салымшылардың шоттарына жалпы көлемі шамамен 299 млрд теңге зейнетақы жарналары аударылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 37,1 млрд теңгеге немесе 14% асып түсті. Жарналардың жалпы көлемінің 95,3% БЖЗҚ-ға МЗЖ бойынша түсімдер құрайды, олардың сомасы 285 млрд теңге (өсім 14%), МКЗЖ бойынша 13,8 млрд теңге (өсім 13%) түсті, ЕЗЖ бойынша 163 млн теңге (өсім 68%) аударылды. Үш айдың ішінде барлығы 19,7 млн астам жарна өндірілді, олардың басым бөлігі – 16,4 млн жарна (жарналардың жалпы санының 83,3%) заңды тұлғаларға тиесілі, 2,8 млн жарна (14,2%) жеке тұлғалардан және 467 мың жарна (2,5%) бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша келіп түсті.
Зейнетақы жинақтарының өсуі 2021 жылғы 1 қаңтар мен 1 сәуір аралығында 358,2 млрд теңгені құраған таза инвестициялық табыстың арқасында орын алғанын атап өту маңызды.
2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,6 млн бірлікті құрады (бір жылдағы өсім 9% құрады). Шоттардың ең көп саны міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша ашылды – 11 056 150 (жыл ішіндегі өсім 10%). Одан әрі МКЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар 519 358 (өсім 1%), БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есебінен қалыптасқан шоттар саны қазір 45 094 бірлік. Қордан берілетін төлемдер, ең алдымен, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) есебінен айтарлықтай өсті. 2021 жылдың үш айында ғана БЖЗҚ салымшыларына 1,03 трлн теңгеден астам төлем төленді, төлемдердің басым бөлігі БЗТ есебінен 952,4 млрд теңгені құрады. Төлемдер сомасы бойынша екіншісі сақтандыру ұйымдарына аударымдар болды, олар шамамен 26 млрд теңгені құрады. Одан әрі жасына байланысты төлемдер 24,2 млрд теңге, мұрагерлік бойынша 17,8 млрд теңге, ҚР шегінен тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер 7,4 млрд теңге, жерлеуге 1,2 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер 0,6 млрд теңге.
Кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 080 теңгені, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 522 610 теңгені құрады.
Толығырақ: www.24.kz