Филиалды таңдаңыз:
БЖЗҚ мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың маусым айының басында активтердің көп бөлігі Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары мен Ұлттық банктің ноталарында сақталды, деп жазады Egemen.kz БЖЗҚ баспасөз қызметі таратқан дерекке сілтеме жасап.
Жоғарыдағы деректерді үлестік пайызбен көрсетсек, (40,51%). 14,5%-дан сәл астамы шетел мемлекеттерінің үкіметтік бағалы қағаздарына және ХҚҰ-ға, 14,1% - қазақстандық эмитенттердің корпоративтік облигацияларына, 10,25% - жергілікті банктердің облигациялары мен депозиттеріне, 9,28% сыртқы басқаруға, 4,85% - шетелдік банктерге салынған.
«Жалпы алғанда, зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелінің құны 12,7 трлн теңгені құрайды. Сонымен бірге 2021 жылдың 1 қаңтары мен 31 мамырына дейінгі есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 671,8 миллиард теңгені құрады. Оның ішінде Ұлттық банктің есепшоттары 671,8 миллиард теңгеге, Jusan Invest - 46,4 миллион теңге, Halyk Global Markets - 11,6 миллион теңге, Centras Securities - 9,3 млн теңге, BCC Invest - 11,9 миллион теңге», деп атап өтті зейнетақы қоры.
Егер БЖЗҚ портфелінің құрылымын валюталар тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда оның жартысынан көбі (шамамен 68%) теңгемен. Қалғаны (32%) - доллармен және өте аз мөлшерде рубльмен және басқа валютада салынған.
Толығырақ: www.egemen.kz