Филиалды таңдаңыз:
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-маусымда 145,6 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға азайып, 12 767,8 млрд теңге болды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Ұлттық банк мәліметі бойынша, 2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен "таза" кіріс 2021 жылғы 1 шілдеде 6 304,6 млрд теңгеге дейін 751,0 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы 1 шілдеде 10,9 млн шот болды.
2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,7 трлн теңге болды.
2021 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 39,6% және 25,9%) тиесілі.
Толығырақ: www.zakon.kz