"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


01.07.2021

Қазақстандықтар зейнетақысының бір бөлігін инвестициялық компанияға аударып жатыр: Олар қандай пайда табады

2021 жылғы қаңтардан бастап қазақстандықтарға өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін де пайдалану құқығын берілді. Осы заңнама негізінде зейнетақының бір бөлігін алған кез келген адам қаражатын инвестициялық компанияға аудара алады. 
Нәтижесінде, инвестициялық компанияға қаржы аударғандар ай сайын пайыздық төлем алуға құқылы. Зейнетақы активтерін басқарудың мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы жасына жеткенге дейін жинақтарын сақтау және көбейту.

Зейнетақының бір бөлігін басқарушы компанияға берудің ең басты пайдасы – салған қаражатыңыз тұрақты табысқа айналады. Сізге берілетін төлемдердің уақытылы жасалатынына сенімді бола аласыз. Оған қоса, аз уақыт ішінде жоғарғы пайыздық өсімге қол жеткізесіз. 

Зейнетақы жинақтарын теңгенің әлсіреу қаупінен қорғау мақсатында салынған қаражаттың 50% -на дейін шетелдік валютадағы қаржы құралдарына орналастырылған.

БЖЗҚ жеткіліктілік сомасынан асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін салымшыдан өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асырады. Салымшының зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қала береді. Зейнетақының бір бөлігін мұндай басқаруға бергені үшін адам жеке салық төлемейді. 

БЖЗҚ-дан зейнетақы активтерін алғаннан кейін инвестициялық портфельді басқарушы оларды рұқсат етілген кез келген қаржы құралдарына инвестициялай алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушы тарапынан: 

- уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкестігі;

- Инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органдар тізіліміне енгізілуі;

- БЖЗҚ мен инвестициялық портфельді басқарушы арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың болуы;

- БЖЗҚ, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан-банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы керек.

Салымшыға қойылатын талаптар: 

- салымшының БЖЗҚ-ға берген инвестициялық портфельді басқарушы таңдау туралы жазбаша өтінішінің болуы;

- салымшының БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шотында инвестициялық портфельді басқарушыға беру үшін жеткілікті қаражаттың болуы тиіс.

Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше ИПБ-ға аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтінішпен жүгінуі қажет. 

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруға қатысты төрт инвестициялық портфельді басқарушымен шарт жасасты: "Jysan Invest" АҚ, "BCC Invest" АҚ, "Halyk Global Markets" АҚ, "Сентрас Секьюритиз" АҚ.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

“Jýsan Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1,2 млрд теңгені құрады. Оларға ҚР Қаржы министрлігінің, Exchange Traded Funds  пайлары портфельдің 46,36%, қалған активтер инвестициялық шоттарда ақша қаражатында сақталды. Портфельдің 53,64%-ы теңгеде, 46,36%-ы АҚШ долларында. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 30,24 млн теңгені құрады. Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы 3,69% болды.

“Halyk Global Markets" АҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 1 мамырда 751,2 млн теңгені құрады. Портфельдің құрылымында кері РЕПО операциялары, ЕДБ облигациялары, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары және шоттардағы ақша қаражаттары бар. Ұлттық валютада портфельдің 80,27%, ал АҚШ долларында 19,73% номиналданған. 15.03.2021ж. бастап 30.04.2021ж. дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 5,01 млн теңге. Осы кезең ішіндегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 0,8% құрады.

“BCC Invest" АҚ – 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 540,54 млн теңгені құрады. Олар ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына, ҚР ЕДБ облигацияларына, пайларға, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаттарына бөлінген. Ұлттық валютада портфельдің 54,3% - ы, АҚШ долларында 45,7% - ы номиналданған. 15.03.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыс мөлшері 5,02 млн теңге, осы кезеңдегі зейнетақы активтерінің табыстылығы 1,26 млн теңге болды.

"Сентрас Секьюритиз" АҚ – 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 337,35 млн теңгені құрады. Олар ҚР ҚМ МБҚ-ға, РЕПОҒА және инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражатқа инвестицияланған. Барлық инвестициялар ұлттық валютада жүргізілді. 01.04.2021 жылдан бастап 30.04.2021 жылға дейінгі кезеңде есептелген инвестициялық табыстың мөлшері 2,64 млн.теңгені құрады. Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде зейнетақы активтерінің кірістілігі 0,87% құрады.

Әрбір ИПБ-ның қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттер көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы мен инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында жарияланған.

Ағымдағы жылдың 10 маусымындағы жағдай бойынша елімізде инвестициялық портфельді басқарушыларға 3,8 млрд теңгеден аса қаржы аударылды. БЖЗҚ келіп түскен 2352 өтініштің 1813-ін орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,1 млн теңгені құрап отыр.

2021 жылдың 1 мамырында зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 12,6 трлн теңге болды. Бұл ретте БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 12 593,67 млрд теңгені құрады. Салымшылардың қазақстандық басқарушы компанияларға аударған БЖЗҚ-дағы зейнетақы активтері 2,8 млрд теңгеден асты.

Толығырақ: www.stan.kz


Тізімге оралу