"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


26.10.2021

Тынымсыз еңбек, тындырымды мамандар

Мемлекеттің әлеуметтік ба­ғыт­тағы саясатының маңызды бір тармағы саналатын халықты зей­нетақымен қамтамасыз ету мәсе­ле­сі қалай шешіліп жатқанын біл­мек болып, біз Нұр-Сұлтан қа­ла­сы Сарыарқа шағынауданы­ның Талғат Бигельдинов көшесін­дегі №12-үйде орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ғимаратына келдік. Филиал директоры – Басқарушы директор Мұрат Шәріпов екен.

Ол жерде бізді филиал дирек­торы­ның орынбасары Аслан Ниетов пен филиалдың қызметтерді үйлестіру жөніндегі бас маманы Сейілбек Әбілтаевтар жылыұшы­рай қарсы алып, Қор жұмысының жай-жапсарымен егжей-тегжейлі таныстыра бастады.

– Астанадағы 3 бөлімшемізде 70 қызметкеріміз бар. Олар күніне орташа алғанда 400-дей салымшымен бетпе-бет жүздесіп, 200-дей адамға қашықтықтан қызмет көр­сетеді, – дейді қалалық филиал директорының орынбасары Аслан Ниетов.


Атап өтейік, қалалық филиалда көрсетілетін негізгі қызмет түрлері төмендегідей:

– Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық насихаттау жұмысы;

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттарын ашу туралы өтініштерді қабылдау және тіркеу;

– жеке және заңды тұлғалармен ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы шарттар жасау;

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Қор салымшысының (алушысы­ның) зейнетақы төлемдерін таға­йын­дау, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару туралы өтініштерін қабылдау және тіркеу;

– Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен Қор салымшысының (алушысы­ның) жеке зейнетақы шотынан ақпарат беру;

– кредиторлық берешекті жою жұмысы;

– зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша салымшы­ларға (алушыларға) кеңес беру;

– жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту арқылы салымшы­лардың (алушылардың) белсенді емес шоттарымен жұмыс.

Мәселен, адамдар жеке зейнет­ақы шотын ашқысы келсе, зейнет­ақы жинақтарының жай-күйін білгісі немесе зейнетақы төлем­дерін тағайындау жөнінде өтініш бергілері келсе немесе жеке деректемелеріне өзгерістер енгізуді қаласа, қалалық филиалдың үш бөлімшесінің біріне келіп, мамандардан кеңес алып, қажетті қызмет түрін рәсімдете алады. Тәжірибелі мамандар қай сұраққа да кәсіби тұрғыдан тұшымды жауап береді. Ол үшін алдын ала телефон арқылы хабарласып, уақытын белгілеп қоюға да, қызметкерлерге ескертпестен бірден келе беруге де болады. Дегенмен індет жағдайына байланысты бөлімшелерде жұрт­шы­лық­ты қабылдау барлық сани­тар­лық талаптарға сай және әлеу­меттік арақашықтықты сақтай отырып жүргізіледі. Соңғы кезде карантин шектеулері біршама жұм­сартылған, ал індет ушығып тұр­ған кезде бөлімше қызметкер­лері келушілерді тек арнайы сақтандырғыш шыны арқылы ғана қабылдайтын. Бір байқағаным, қазір келушілер ғимарат ішіне тек Ашық жүйесі арқылы кіріп, боса­ғада ілулі тұрған зарасыздандыру сұйық­тықтығымен қолдарын шай­­ған­­нан соң ғана залға өтеді. Со­нымен қатар келушілердің бетпердесінің болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы қатаң міндеттелген.

– Жұмыста ешкім мәжбүр­лемесе де біздің қызметкерлеріміз коронавирусқа қарсы екпе алудың әлеуметтік маңыздылығын түсі­ніп, барлығы дерлік өз еркімен вакцина салғызды. Ал індет кезінде «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, мамандарымыздың 80 пайызы қашықтан жұмыс істеген еді, – деп Қордың Нұр-Сұлтан қала­лық филиалының қызметтерді үй­лес­тіру жөніндегі бас маманы Сейілбек Әбілтаев әңгімені жандандыра түсті.


Жинақтаушы зейнетақы жүйесі қалай жұмыс істейді?

Халық саны жағынан елімізде тұрғындары миллионнан асқан үш шаһар болса, соның бірі – еліміз­дің астанасы Нұр-Сұлтан қаласы. Сол себепті елордада жинақтау жүйесіне қатысушылардың қатары көп. Біз өз тарапымыздан қалалық филиал директорының орынбасары Аслан Ниетовтан зейнетақы жүйесі туралы кеңірек әңгімелеп беруін өтіндік.

– Нұр-Сұлтан қаласында 01.09.2021 жылғы жағдайға сәйкес, мін­детті зейнетақы жарналары бойынша – 773 062 есепшот (мұн­да 1 196 447 845 мың теңге жинақ­тал­ған), міндетті кәсіптік зейнет­ақы жарналары бойынша – 19 476 есепшот (8 333 862 мың теңге), ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 2 278 (76 566 мың теңге) есепшот ашылған, – дейді Аслан Меңдігерейұлы.

Оның айтуынша, отандық жинақтаушы зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады.

– Мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына байланысты ортақ зейнетақы;

– Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мін­детті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және инвестициялық табыстан құралған зейнетақы төлемдері;

– Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорынан ерікті зейнетақы жарналары есебінен төленетін төлемдер.

Базалық зейнетақыны зейнет жасына толған барлық зейнеткер алады, бірақ оның көлемі 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1998 жылға дейінгі еңбек өтіліне және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты. Зей­нет­ақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болған немесе болмаған кезде мұндай базалық зейнетақы мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейі шама­сы­ның 54%-ын құрайды. Зейнет­ақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл­дан артық әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артып, бірақ ең төмен күнкөріс деңгейі шамасының 100%-ынан аспайтын мөлшерінде беріледі.

Ортақ зейнетақы жүйесі – бұл КСРО ыдырағаннан кейін Қазақ­станға мұраға қалған және «ұрпақ­тар ынтымақтастығына» негіздел­ген жүйе. Онда халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударым­дары мен басқа да түсімдері есебінен мемлекеттік бюджет зейнет­ақы төлемдерінің көзіне айналады. Ортақ зейнетақы төлемдерінің мөлшері еңбек өтілімен айқын­дала­ды және оны 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін еңбек өтілі кемінде алты айды құрайтын адамдар алады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйе­сі елімізде 1998 жылдан бастап жұмыс істейді. Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұрақты тұра­тын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайызы мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары және кәсіптері Қазақстан Респуб­ликасының Үкіметі айқындаған өндірістердің, жұмыстар мен кәсіптердің тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарна­ларының 5 пайыздық мөлшері белгіленген.

Барып қызмет көрсету бөлімінің міндеті қандай?

Қалалық филиалдың Барып қыз­мет көрсету бөлімінің бастығы Ақмарал Сағиеваның айтуынша, бөлім тек қала аумағындағы кәсіп­орын, мекемелерге ғана емес, сонымен бірге астанаға жақын маңай­да орналасқан аудан, ауыл­дарға да қызмет түрлерін ұсынады екен.

– Барып қызмет көрсету бөлімі зейнетақымен қамсыздандыру саласында қызмет көрсету жүйесін дамытумен, тұрғындардың қаржы­лық-құқықтық сауаттылығын кө­­терумен және Қордың электрон­дық қызмет түрлерін пайдалану­шылардың санын арттырумен ай­налысады. Бөлім мамандары мекеме-ұжымдарға сапар барысында Қордың электрондық сервистері бойынша таныстырылымдар өткізіп, жинақтаушы зей­нет­ақы жүйесі бойынша ақыл-кеңес және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Кездесу немесе жұмыс­ты электрондық ақпарат беру тәсіліне көшіру бойынша не­ғұрлым ыңғайлы уақытты таңдау үшін ұжым басшыларымен алдын ала келісіп аламыз. Таныстырылымнан кейін еліміздегі зейнетақы жүйесі бойынша жұртшылықтың кез келген сұрақтарына тыңғылық­ты жауап беруге тырысамыз,– дейді Ақмарал Сағиева.

Салымшыларға қызмет көр­сету үшін «Мобильді агент» кеше­ні (көпсалалы құрылғы) арқылы да түрлі операция жүргізіледі:

– міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасын (МКЗЖ) есептеу бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу жөніндегі өтінішті рәсімдеу;

– тұтынушылар деректеме­лерінің өзгергені жөніндегі өті­ніш­­терді және ақпараттандыру тә­сілінің өзгергені жөніндегі келісім­дерді рәсімдеу;

– зейнетақы жинағының жай-күйі туралы ЖЗШ-дан үзінді кө­шірме беру;

– мүгедектікке байланысты зей­нетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішті рәсімдеу.

Айта кету керек, міндетті кә­сіптік зейнетақы жарналарын есеп­ке алу бойынша жеке зейнет­ақы шотын ашу (оның ішінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарнасы есебінен зейнетақымен қам­сыздандыру туралы шартқа қо­сылу туралы өтініштер) және халық­тың әлеуметтік осал топтарына жататын салымшыларға (алу­шы­ларға) қызмет көрсету (1 және 2-топтағы мүгедектігі бар адамдар) туралы өтініштерді ре­сім­деу үшін барып қызмет көр­сетуге қажеттілік туындаған жағ­дай­да, Қор мамандары барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараны сақтай отырып, сапарға шығады.

Жалпы, БЖЗҚ бойынша көр­се­тілетін қызметтердің 70 пайыздан астамы электрондық форматта жүр­гізіледі. Өткен жылмен са­лыс­тыр­ғанда онлайн қызметтердің таны­малдығы екі есеге дерлік өсті. Мұның қолайлылығы сол, БЖЗҚ сайтында да, ұялы қосымшасында да Жеке кабинеттің көмегімен салымшылар қызметтерді қалаған уақытында, кез келген жерде ала алады. Жеке тұлғаның Қорда ашылған ЖЗШ болмаған жағдай­да, ол алғашқы жарна келіп түскен кезде БЖЗҚ-ның ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Бұл ретте жеке тұлғаны сәйкестендіру МЗЖ немесе ЕЗЖ аудару кезінде төлем тапсырмасы­ның электрондық форматында көрсетілген дербес деректер бо­йын­ша жүзеге асырылады, ал қол­даныстағы құжаттың деректемелері мен тұрғылықты жері туралы барлық қажетті мәліметті БЖЗҚ мем­лекеттік органдардың ақ­парат­тық жүйелерінен алады.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ салымшылары мен алушылары 1418 нөмірі (Қазақстан бо­йын­ша қоңырау шалу тегін) арқы­лы байланыс орталығында кеңес ала алады. Сондай-ақ ақыл-кеңес­терді www.enpf.kz корпоративтік сайтынан, +7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боты арқылы алуға болады, түрлі ақпарат Facebook, Instagram, ВКонтакте, Twitter, Telegram, Одно­классники әлеуметтік желі­леріндегі БЖЗҚ-ның ресми парақ­шаларында да жарияланған.


«Ашық есік күні» не үшін керек?

Филиалдың бөлімше бастығы Заррина Слямованың айтуынша, халықтың зейнетақы жүйесі туралы танымдылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндір­мелік жұмыстар тұрақты жүргізіліп тұрады. Соның бірі – «Ашық есік күні». Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушылары үшін «Ашық есік күні» дәстүрлі іс-шараға ай­нал­ған. Алайда коронавирус індетіне байланысты салымшылармен қазір Қор филиалдарында бет­пе-бет кездесу өткізу мүмкін емес. Сондықтан БЖЗҚ қызмет­керлері оны кезекті рет виртуалды кеңістікте өткізді.

– Кез келген адам онлайн плат­форманың көмегімен үйінен шық­пай-ақ онлайн іс-шараға қосылып, «Ашық есік күніне» қаты­са алды. Мәселен, сондай іс-шараның бірі – «Ерікті зейнетақы жарналары, шотты ашып, толық­тыру – өте оңай!» тақырыбына арналған. Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) – азаматтар үшін құрметті демалысқа шыққан кезде қосымша қаржылық қолдау. Биыл ЕЗЖ дамыту мәселесінде заңнама­ға енгізілген бірқатар өзгерістер өз болашағы туралы бүгіннен бастап ойланатын салымшыларға көпте­ген артықшылықтар әкелді,– дейді Заррина Слямова.

Осыған байланысты 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен қызметкердің пайдасына төлейтін ЕЗЖ корпоративтік табыс салығы есептеу кезінде шегерімге жатқы­зыла­ды. Сонымен қатар жұмыс берушінің қызметкердің пайдасына төлеген ЕЗЖ сомасы қызмет­кер­дің табысына салық салу кезінде ескерілмейді. Бұған қоса, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының жыл ішін­де талап етілмеген кепілдік беріл­ген өтем сомаларын БЖЗҚ-дағы ЕЗЖ есептелетін жеке зей­нет­ақы шоттарына есепке алу үшін аудару тәртібін ережелейтін заң нормалары қолданысқа енгізілді.

Сондай-ақ осы жылдың 1 мамырынан бастап ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алушылар­дың тізімі кеңейді. Атап айтқанда, ЕЗЖ бойынша зейнетақы жинақ­тары БЖЗҚ-да кемінде бес жыл жатқан салымшылар енді жас мөл­шеріне қарамастан төлемдерге үміт арта алады.

«Ашық есік күні» іс-шарасына қатысқан салымшылар осындай жаңашылдықтар туралы біліп қана қоймай, зейнетақы калькуляторы­ның көмегімен болашақ зейнет­ақыларын да есептеп көрді. Олар ЕЗЖ-ны үнемі толықтырып отыру арқылы БЖЗҚ-дан алатын төлем­дерін едәуір арттыруға болатынына да көз жеткізді. Қор кеңесшілері салымшыларға ЕЗЖ бойынша өз шоттарын қалай толықтыру керегін түсіндіріп, жеке зейнетақы шотының енді алғашқы ерікті жарна төленген кезде автоматты түрде ашылатынын баяндады.

Еліміз бойынша өткізілген іс-шара­ға қатысушылар саны жағы­нан жоғары көрсеткішке ие болып, олардың әрқайсысы «Ашық есік күні» шарасының электрон­дық форматта ұйымдастырыл­ғанына ризашылығын білдіріп, алғысын жаудырып жатты. Көп­теген қатысушы ЕЗЖ бойынша өз шоттарын ашуға ниеттерін білдірді.

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы» заңының 33-бабы 1-тармағына сәйкес Бірың­ғай жинақтаушы зейнетақы қо­рын­да зейнетақы жинақтары бар:

– елу жасқа толған;

– мүгедек болып табылатын;

– Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақ­ты тұруға кететiн немесе кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасында айқын­дал­ған, кету ниетiн немесе дерегiн растайтын құжаттарды ұсынған;

– Бірыңғай жинақтаушы зей­нет­ақы қорындағы және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнет­ақы жинақтары бар адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды. Осылайша, ЕЗЖ есебінен қаражат жинауды, мысалы 20 немесе 30 жастан бастай отырып, тиісінше 25 немесе 35 жасқа толған кезде салымшылар өздерінің алғашқы төлемдерін ала бастайды.

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-ға ЕЗЖ төлеуді екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) немесе «Қазпошта» АҚ арқылы жүзеге асыруға болады. Жекелеген екінші деңгейдегі банктер жарналарды онлайн режимінде (мобильді қосымша немесе өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы) аудару мүмкіндігін де ұсынады. Бұ­дан басқа, жұмыс берушіге өтініш беру мүмкіндігі тағы бар, осының негізінде жұмыс беруші БЖЗҚ-ға ЕЗЖ-ны өтініш беру­шінің не үшінші тұлғаның пайдасына тұрақты түрде аударатын болады.


Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін қалай алуға болады?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен халықтың БЖЗҚ-дағы жасына сай жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақ­сарту үшін пайдалануына рұқсат берілгені белгілі.

Үкіметтің бұл шешімі жұрттың жаппай қызы­ғу­шылығын тудырып, бүгінге дейін жарты мил­лионға жуық адамның жинақ­тарының алу жөніндегі өтініші қанағаттан­дырылған.

2021 жылдың 11 қазанындағы жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақ­тарын тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалануға берген 458 641 өтініші орындалды. Уәкі­летті оператор – банктерде ашыл­ған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,9 трлн теңге­ден аса қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 4,1 млн теңге.

«БЖЗҚ» АҚ мамандарының ай­туынша, орындалған өтініштер­дің ең көбі Алматы қаласының (17,0%), Маңғыстау облысының (13,8%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,0%) тұрғындары тарапынан жолданған. www.enpf.kz сайтын­дағы «Көрсеткіштер» бөлімінде салымшылардың біржолғы зей­нет­ақы төлемдерін қандай мақсат­тар­ға пайдалануды жоспарлайтыны туралы егжей-тегжейлі ақпарат орналастырылған. Мұндай ақпа­рат өңірлер бөлінісінде де берілген («Мақсаттар бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған біржолғы зейнетақы төлемдері» және тиісінше «Тұрғын үй жағдай­ларын жақсартуға арналған бір­жолғы зейнетақы төлемдері» ша­ғын бөлімдері).

Естеріңізге саламыз, біржолғы зей­нетақы төлемі уәкілетті операторда («Отбасы банкі» тұрғын үй құ­рылыс жинақ банкі» АҚ) ашыл­ған арнайы шотқа түскеннен кейін алушы уәкілетті операторға біржолғы зейнетақы төлемдерінің нысаналы мақсатын растайтын құжаттарды олар келіп түскен күннен бастап 45 жұмыс күні ішінде (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін бір­жол­ғы зейнетақы төлемдерін пай­далану қағидаларының 13-тар­мағына сәйкес), ал басқа уәкілетті операторлар бойынша – 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынады. Уәкі­летті операторға растаушы құжат­тар белгіленген мерзімде берілмеген жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға қайтарылады.

Алушы, сонымен қатар көрсе­тілген мерзімді күтпей-ақ, ауда­рыл­ған соманы уәкілетті опера­торға тиісті өтініш беру арқылы БЖЗҚ-ға қайтара алады, оны уәкілетті оператор қайтаруға өтініш алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде орындауға міндетті.


Еңбек мигранттарының құқы қалай қорғалады?

Биылғы жылдың басынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбек­шілерін зейнетақымен қам­сыз­дандыру туралы Келісім кү­шіне енді.

Келісімнің негізгі мақсаты – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ең­бек­шілерінің зейнетақы құқық­тарын жұмысқа орналастырушы мемлекеттің азаматтары сияқты жағдай мен тәртіп бойынша қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтарды өз азаматтарына берілетін құқықтар көле­мімен бірдей етіп беруге кепілдік береді дегенді білдіреді. Яғни, ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшілердің өз аумағында 2021 жылғы 1 қаңтардан кейін жинаған жұмыс өтілі үшін өз заңнамасы бойынша зейнетақы төлейді. Қазақстанда келісімді іске асыру бойынша құзыретті орган БЖЗҚ.

Операциялық бөлімнің бө­лімше бастығы Заррина Слямо­ваның айтуынша, БЖЗҚ жыл басынан бері бұқаралық ақпарат құралдарында және халық арасында еңбекшілерді жұмыс бабымен көшіп-қону жағдайындағы өз құқықтары туралы ақпараттандыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп келеді. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеу қажеттігіне, яғни еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттарды міндетті және уақытылы жасасуға ерекше назар аударылады. Бұл келешекте еңбекшілерге қазақстандық заңнамада көздел­ген зейнеткерлік жасқа жеткен кезде өздері қалыптастырған зей­нетақы жинақтары есебінен БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын қамтамасыз етеді.


Толығырақ: www.aikyn.kz


Тізімге оралу