"БЖЗҚ" АҚ сайтына қош келдіңіздер
Алматы қ. Мекенжайы: Алмалы ауданы, Шевченко көш., 80
x

Филиалды таңдаңыз:

  • Абай
  • Абай (ауылы)
  • Әйтеке би
  • Ақкөл
  • Аққыстау
  • Акмол
  • Ақсай
  • Ақсу
  • Ақсу (ауылы)
  • Ақсу-Аюлы
  • Ақсуат
  • Ақтау
  • Ақтөбе
  • Ақтоғай (ауылы)
  • Ақтоғай (бекеті)
  • Алға
  • Алматы
  • Алтай
  • Арал
  • Арқалық
  • Аршалы
  • Арыс
  • Астана
  • Астраханка
  • Атакент
  • Атбасар
  • Атырау
  • Әулиекөл
  • Аягөз
  • Әйет
  • Б. Момышұлы
  • Балпық би
  • Балқаш
  • Баянаул
  • Бейнеу
  • Бесқарағай
  • Боровской
  • Бородулиха
  • Булаево
  • Глубокое
  • Державинск
  • Ерейментау
  • Есік
  • Есіл
  • Жақсы
  • Жалағаш
  • Жаңаарқа
  • Жаңақорған
  • Жаңаөзен
  • Жаңатас
  • Жаңғалы
  • Жәнібек
  • Жансүгіров
  • Жаркент
  • Жезқазған
  • Железинка
  • Жетісай
  • Жітіқара
  • Жосалы
  • Жымпиты
  • Зайсан
  • Зеренді
  • Индер
  • Қазығұрт
  • Қалбатау
  • Қандыағаш
  • Қарабалық
  • Қарабұлақ
  • Қарағанды
  • Қаражал
  • Қарасу
  • Қаратау
  • Қаратөбе
  • Қарауылкелді
  • Қарқаралы
  • Қаскелең
  • Қасым Қайсенов
  • Кеген
  • Кентау
  • Қобда
  • Көкпекті
  • Көкшетау
  • Қонаев
  • Қордай
  • Қостанай
  • Құлан
  • Күлсары
  • Курчатов
  • Күршім
  • Қызылорда
  • Құрманғазы
  • Ленгер
  • Лисаковск
  • Мақат
  • Макинск
  • Маңғыстау
  • Мәртөк
  • Махамбет
  • Меркі
  • Миялы
  • Новоишимское
  • Нұра
  • Осакаровка
  • Өтеген батыр
  • Павлодар
  • Петропавл
  • Пресновка
  • Риддер
  • Рудный
  • Сайқын
  • Сарань
  • Сарқанд
  • Сарыағаш
  • Сарыкөл
  • Сарыөзек
  • Сәтпаев
  • Саумалкөл
  • Семей
  • Сергеевка
  • Степногорск
  • Т.Рысқұлов
  • Тайынша
  • Талғар
  • Талдықорған
  • Талшық
  • Тараз
  • Тасқала
  • Текелі
  • Темірбек Жургенов
  • Темірлан
  • Теміртау
  • Тереңкөл
  • Тереңөзек
  • Тобыл
  • Торғай
  • Төретам
  • Түркістан
  • Ұзынкөл
  • Ұзынағаш
  • Үлкен Нарын
  • Орал
  • Ұржар
  • Өскемен
  • Ушарал
  • Үштөбе
  • Федоровка а.
  • Форт-Шевченко
  • Хромтау
  • Чапаев
  • Шыңғырлау
  • Шонжы
  • Шалқар
  • Шарбақты
  • Шардара
  • Шәуілдір
  • Шахтинск
  • Шаян
  • Шелек
  • Шемонаиха
  • Шетпе
  • Шиелі
  • Шолаққорған
  • Шортанды
  • Шу
  • Шұбарқұдық
  • Шымкент
  • Щучинск
  • Екібастұз

БАҚ БІЗ ТУРАЛЫ


27.07.2022

Басым бағыт – сапалы қызмет

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы  Шығыс Қазақстан облыстық филиалы халыққа зейнетақы қызметтерінің барлық түрлерін заманауи талаптарға сай ұсынып, жұртшылық алғысын арқалап келе жатқан санаулы құрылымдардың бірі. Таяуда филиал жұмысын  бақылап, тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысудың реті түсті.

Ынтымағы жарасқан ұжым

Облыстық филиал құрамында  әкімшілік, бақылау , барып қызмет көрсету  және операциялық бөлімдер бар. Операциялық бөлім құрамына Өскеменнің Жеңіс даңғылындағы 3/2 ғимаратында орналасқан операциялық бөлімше, Шемонайха, Риддер, Алтай қалаларындағы қызмет көрсету орталықтары, Көкпекті Ақсуат, Күршім, Үлкен Нарын, Глубокое, Қасым Қайсенов ауылдары мен Зайсан қаласындағы жұмыс орындары енеді. Филиалда 54 қызметкер бар, ал барып қызмет көрсету бөлімінде 11 маман жұмыс істейді. Филиал ұжымы жас, жігерлі әрі тату.

– Қор, оның ішінде біздің филиал да жоғары технологиялық ұйым ретінде дамып келеді, барлық қызметтердің 93%  астамы ыңғайлы және жедел электрондық форматта ұсынылады. Мысалы, БЖЗҚ сайтында және мобильдік қосымшасында салымшылар кез келген уақытта, кез келген жерде жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алып, деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады. Онлайн қызметтердің жалпы санының шамамен 70%-ы БЖЗҚ сайтында немесе мобильді қосымшасында көрсетіледі, – дейді облыстық филиал директоры Марат Сейтқалиев.

Қордың кеңселері мен қызмет көрсету орталықтарында операторлар күн сайын алты жүзден астам қызмет көрсетеді. Мысалы, филиалдың өзіне күн сайын 150-дей  адам келеді.

Салымшылар мүддесі үшін аянбай тер төгіп, ынтымағы жарасқан ұжымның негізгі мақсат-міндеттері – жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласында жеке және заңды тұлғаларға білікті және сапалы қызмет көрсету, халықтың жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыз ету бойынша қаржылық-құқықтық сауатын арттыру және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты тарту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

«Мобильдік кеңсе» алыс ауылдарды аралайды

Қазіргі кезде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры дамыған өңірлік желілерге ие. Алайда ел аумағының ұлан-ғасыр болуына байланысты әр шалғай ауданда немесе ауылдық жерлерде Қор кеңселерін ашу мүмкін емес. Ғаламтор желісі де алыс елді мекендерге жетпеген. Сондықтан осындай мәселелерді шешу үшін Қордың «Мобильдік кеңсе» жобасы биыл қатарынан үшінші жыл жұмыс істеп келеді.

«Мобильдік кеңсе» дегеніміз – салымшыларға қызмет көрсетуге арналған барлық қажетті қондырғымен, оның ішінде жерсеріктік байланыс құралдарымен жабдықталған шағын автобус.

Қор былтыр Шығыс Қазақстанның шалғайдағы елді мекендерін жылжымалы кеңселермен қамтыды.

– Шалғай ауылдардың тұрғындары Қор бөлімшелерінде көрсетілетін барлық қызметтерді осы «Мобильдік кеңсе» арқылы ала алады. Мәселен, тұрғындар шоттан үзінді көшірме алуға немесе зейнетақы жинағын сақтандыру компаниясына аударуға өтініш беріп, ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке шот ашып, ақпараттандыру тәсілін өзгерте алады. Сондай-ақ салымшы деректемелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу, мүгедектік немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемақы алуға өтініш беру және басқа да қызмет түрлері бар, – дейді барып қызмет көрсету бөлімінің басшысы Мадина Жүнісова.

«Мобильдік кеңсенің» аудандарға сапары алдын ала жоспарланып, барлық бағыттар жергілікті атқарушы органдармен келісіледі. Әкімдіктер өз кезегінде тұрғындарды «Мобильдік кеңсенің» келетіні туралы хабардар етіп отырады.

– Облысымыздың кең аумағын және Қор бөлімшелері мен қызмет көрсету орталықтары жоқ шалғай елді мекендердің болуын ескерсек, жоба дер кезінде іске қосылып, халық сұранысына ие болды. Енді Интернетке қол жеткізе алмайтындарға немесе денсаулығына байланысты кеңсеге келе алмайтындарға Қор мамандары өздері барады. Ол үшін enpf.kz сайтының «Электрондық сервистер» бөлімінде, сондай-ақ, 1418 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған (егер мүгедектігі 1-ші немесе 2-ші топ үшін мерзімсіз болып белгіленсе) өтінім беруге болады, – дейді Мадина Жүнісова.

Филиалдың барып қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері осы жоба іске қосылғаннан бастап облыстың 101 шалғай елді мекеніне барып, 15 мыңнан астам тұрғынға зейнетақы қызметтерін көрсетті.

Барып қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері тәжірибелі мамандар. Айтқандай, бөлімнің бас маманы Әлия Көбенова, жетекші мамандар Ұлдана Сатаева мен Серік  Қайыржановтың еңбек өтілдері он жылдан асады.

Қор азаматтардың тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесі мен өмірлік мән-жайына қарамастан, зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігі саясатын ұстанады. Әр адам ақшасын келешегіне жинақтап, кез келген уақытта өзінің зейнетақы жинақтарының жай-күйін білуге құқылы.

Салымшылар өздерін қызықтырған ақпаратты Қор бөлімшелерінен, enpf.kz сайтындағы Жеке кабинеттен, 1418 нөмірлі бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалу, мобильді қосымша, Тelegram-бот және Whatsap, сондай-ақ «Facebook», «Instagram», «Twitter», «Вконтакте», «Одноклассники» әлеуметтік желілері, Басқарма төрағасының жеке блогына сұрақ қою арқылы ала алады.

 Сандық технология тиімді қолданылады

Зейнетақы жүйесіндегі соңғы жаңалықтар жайына тоқталсақ, электрондық сервистердің дамуы, мемлекеттік органдардың деректер базасымен ынтымақтастықтың арқасында БЖЗҚ қызметтерінің 20% астамы өтінішсіз форматта көрсетіледі.

Бұған міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу бойынша жеке зейнетақы шоттарын автоматты түрде ашу қызметін мысал ретінде келтіруге болады. Яғни, жеке тұлғаның БЖЗҚ-да ашылған жеке зейнетақы шоты болмаса, ол алғашқы жарна келіп түскен кезде Қордың ақпараттық жүйесінде автоматты түрде ашылады. Салымшы туралы барлық қажет мәліметтерді БЖЗҚ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінен алады.

– Сандық қызметтің арқасында енді жеке зейнетақы қызметтерін  БЖЗҚ-дан жеке куәліксіз алуға болады. Ол үшін еGovmobile, Kaspi.kz және Halyk мобильді қосымшаларында жеке куәліктің сандық нұсқасы болса жеткілікті. Қазақстан азаматына жеке куәлігінің электрондық нұсқасымен БЖЗҚ бөлімшелеріне өзі келген кезде жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірмені алуға, деректемелерге өзгерістер және толықтырулар енгізуге, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат беру тәсілін өзгертуге, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аударуға өтініш беруге болады, – дейді филиал басшысы Марат Сейтқалиев.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ 2022-2026 жылдарға арналған жаңа корпоративтік даму стратегиясын қабылдап, оның шеңберінде сервистерді одан әрі автоматтандыру, қызметтерді көрсетудің белсенді форматын дамыту бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғаса беретін болады.

Жинақ мөлшері ұдайы ұлғайып келеді

Қазір  салымшылардың жеке зейнетақы шоттарында 13 трилион теңгеден астам қаражат жинақталды. Яғни, зейнетақы жарналары мен инвестициялық табыс есебінен адамдардың зейнетақы жинақтары ұдайы ұлғайып келеді.

Былтыр БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің әдістемесі, ерікті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын ашу шарттары өзгерді. Ерікті жарналар бойынша көптеген бастама жүзеге асты. Мысалы, жұмыс берушінің салық жеңілдіктері, шот ашылғаннан кейін бес жыл өткен соң төлемдер алу мүмкіндігі секілді өзгерістер БЖЗҚ-ның қатысуымен жинақтаушы тетіктерді ынталандыру мақсатында әзірленген болатын.

– Салымшылар мен алушылар үшін жаңа қызметтер енгізілді. Зейнетақы калькуляторы жаңартылды, оның көмегімен азаматтар біржолғы зейнетақы төлемін алған соң азайған жинақтар сомасы есебінен зейнетақы төлемдерінің қандай болатынын көре алады. Сондай-ақ сайтта салымшының қалауы бойынша жеткіліктілік шегінен асатын соманы инвестициялық портфельді басқарушыға аудару қызметі де жүзеге асты, – дейді филиал директоры.

Өңірлік желі бұрынғысынша тиімді жұмыс істеуде, өйткені жаппай цифрландыруға қарамастан, көптеген салымшылар Қорға жеке жүгінуді қалайды. «БЖЗҚ» мен «Қазпоштаның» бірлескен жобасының арқасында шалғайдағы елді мекендердің пошта бөлімшелерінде зейнетақы қызметтерін алуға болады.

Тұтастай алғанда жинақтаушы зейнетақы жүйесі – бұл экономикалық, демографиялық, әлеуметтік үдерістердің көрінісі, үнемі дамуды талап ететін жүйе.

БЖЗҚ алдыңғы кезеңдердегі тәжірибені және заманауи өз мүмкіндіктері мен адами ресурстардың әлеуетін пайдалана отырып, жарналардың, қаржы құралдарының, инвестициялық табыстың нақты есебін қамтамасыз етеді. Салымшыларға олардың жинақтары туралы ақпарат беріп, жалпы алғанда сапалы зейнетақы қызметтерін көрсетеді.

Сондықтан Қор мамандарына берілетін  ең жоғары баға – бұл салымшылардың алғысы мен олардың зейнетақы жинақтарының сақталуына және болашақта лайықты зейнетақымен қамтамасыз етуге деген сенімі!

 

Толығырақ: didar-gazeti.kz


Тізімге оралу